Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Институттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.".
2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуден кейін өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.";
кестенің "1. Әскери саладағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Энергетика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Денсаулық сақтау министрі
Қорғаныс министрі, Энергетика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Оқу-ағарту министрі";
он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Энергетика министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі";
кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ішкі істер министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық экономика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";
он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қаржы министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Қаржы министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі";
жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Энергетика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";
жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі";
жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Сауда және интеграция министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Энергетика министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ішкі істер министрі";
отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы";
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылым және жоғары білім министрі";
кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 2-бағанында:
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) Бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер.";
кестенің "3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Сауда және интеграция министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ішкі істер министрі, Энергетика министрі, Сыртқы істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Экология және табиғи ресурстар министрі, Сауда және интеграция министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы
Қорғаныс министрі, Сыртқы істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Экология және табиғи ресурстар министрі, Сауда және интеграция министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Сыртқы істер министрі, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Сауда және интеграция министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы".
3. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрі";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының әлеуметтік-мәдени даму мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысы".
4. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34.";
13-тармақтың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1) мемлекеттік органдарға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын талдау (Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және оның депутаттарына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына келіп түсетін жолданымдарды қоспағанда);".
5. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
73-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;".
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әкімшіліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" Резиденциясы.";
24-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Әкімшіліктің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Үкімет Аппаратымен; министрліктермен; Конституциялық Сотпен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді;";
32-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;";
32-тармақтың он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі, Президенттің көмекшілері, Президенттің кеңесшілері ие болады. Бұл ретте аталған лауазымды адамдар Премьер-Министрдің орынбасары және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының функцияларын қоса атқаратын лауазымды адамға тапсырмалар беруге құқылы.".
7. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
7-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы мәселелері бойынша бақылау нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуы мәселелері бойынша бақылау нәтижелері;";
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық жағынан үйлестіруді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органды осы блок бойынша операциялық бағалауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жүзеге асырады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды осы блок бойынша электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын операциялық бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты бағалайды.
Ақпарат саласындағы уәкілетті органды осы блок бойынша ашықтық дәрежесі бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты бағалайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды осы блок бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты бағалайды.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі".
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер Президент актісінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық мүдделерін қозғайтын жағдайда сараптамалық кеңес мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Үкіметтің және Премьер-Министрдің өкілеттігін қозғайтын актілері Премьер-Министрмен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі. Бұл ретте Президенттің мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін актілерінің жобалары, сондай-ақ Үкіметтің бастамасы бойынша дайындалатын актілердің жобалары Премьер-Министрдің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) Басшысының қойған қолымен бекемделеді;";
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер өзгеше мерзімдер белгіленбесе, Президент актісінің жобасы пысықталғаннан кейін Премьер-Министр орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік органның хатымен он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне электрондық түрде қайтадан енгізіледі.";
24-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Президент актісі жобасының әрбір парағына Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған қағаз жеткізгіштерде тиісті бланкілердегі түпкілікті нұсқасы екі жұмыс күні ішінде Үкімет Аппаратына немесе әзірлеуші мемлекеттік органға уәкілетті адамның визасын алуды қамтамасыз ету үшін жұмыс тәртібімен беріледі.
Президент актісі жобасының қағаз жеткізгіштегі түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы виза қояды. Акт жобасына Премьер-Министрдің виза қоюын Үкімет Аппараты қамтамасыз етеді.";
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Президент тапсырмаларының жобалары Үкімет Аппаратымен немесе Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мүдделі мемлекеттік органдармен бір жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен келісіледі.";
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын екі жұмыс күні ішінде Үкімет Аппаратымен, мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен жұмыс тәртібімен пысықтайды және оны Президент Әкімшілігіне жолдайды.";
46-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) орындау процесінде (бақылау мерзімі басталғанға дейін) жауапты қызметкерлер мен лауазымды адамдардың Үкімет Аппаратының, Президент Әкімшілігінің бекітілген құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде негізгі жұмыс тәсілдері мен бағыттарын алдын ала тұжырымдау үшін жұмыс бабында өзара іс-қимыл жасауы қамтамасыз етіледі;";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы қол қояды.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарына (бұдан әрі – жарлықтар) мониторинг қабылданған жарлықтарда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған жарлықтарды іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жүргізіледі.".
9. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің іске асырылуына бақылауды күшейту, халықаралық іс-шараларды дайындауды жүйелендіру, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес және өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы және Үкімет атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары (бұдан әрі – халықаралық шарттар) бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді, осындай халықаралық шарттардан туындайтын, Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын байқайды.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап-қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет, 10 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.
5. Үкімет Аппараты жыл сайын, 25 ақпаннан кешіктірмей, ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) жібереді.
Жіберілетін ақпарат, қажеттігіне қарай, Үкімет Аппаратының Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарымен толықтырылады.
6. Президент Әкімшілігі Үкімет Аппаратының халықаралық шарттар жөніндегі ақпаратын алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты талдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. СІМ орталық мемлекеттік органдардан түсетін халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы өз ұсыныстарын қарау үшін Үкімет Аппаратына енгізеді.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Үкімет Аппараты халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы енгізілген ұсыныстарды он жұмыс күні ішінде қарайды және қарау қорытындылары бойынша:";
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Президент Әкімшілігі Үкімет Аппаратының халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру жөніндегі ұсыныстарын алынған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.";
25-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Іс-шара тұжырымдамасының жобасын пысықтау және шағын әрі кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге тезистерді қоса алғанда, іс-шараның мазмұндық бөлігін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі іс-шара тұжырымдамасын Президент Әкімшілігіне енгізерден бір жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (басшының орынбасары деңгейінен төмен емес), Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.
Ақпараттық-талдау материалдарының топтамасын түпкілікті пысықтау, оның ішінде делегация құрамының жобасын бекіту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық-талдау материалдарының топтамасын Президент Әкімшілігіне енгізерден екі жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (басшының орынбасары деңгейінен төмен емес), Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен қосымша кеңес өткізеді.";
33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдайды және Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде СІМ-ге олардың іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.
СІМ Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады және әрбір тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін мониторингтеудің нәтижелері туралы есепті Үкімет Аппаратына жібереді.
34. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған, Президенттің қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есепті жинақтап-қорытып, талдайды және талдаудың нәтижелері бойынша Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде Үкімет Аппаратына жиынтық есепті жібереді.
35. Үкімет Аппараты жарты жылда бір рет, 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне Президенттің қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есеп ұсынады.";
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Халықаралық сот органына жүгінуге бастама жасап отырған уәкілетті мемлекеттік орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тиісті жүгінудің жобасын СІМ-мен, Сауда және интеграция министрлігімен, Әділет министрлігімен келіседі және жүгінудің келісілген жобасын тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігін және Үкімет Аппаратын хабардар етеді.";
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Осы Қағидалардың 6-тарауының талаптары Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратына қолданылмайды.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпараттың құрылымы".
10. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа қоса берілген Құрылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттерінде:
мына:
"
Нұр-Сұлтан қаласы | 31 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Астана қаласы | 31 |
". |
11. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:
74-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аға және жоғары басшы құрамының, Ұлттық ұланның аға және жоғары офицерлік құрамының ішкі істер органдарында, Ұлттық ұланда кемінде 20 жыл қызметте болған, марапаттаудан бұрын 1 жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы, комитеттердің төрағалары мен олардың орынбасарлары, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылығының қолбасшылары мен олардың орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, дербес басқармалардың бастықтары мен олардың орынбасарлары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың және көліктегі полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының бастықтары мен олардың орынбасарлары лауазымдарында кемінде 1 жыл болған адамдар;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Комиссия құрамы:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы" деген жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға, олардың қызметі туралы есептерін тыңдауға;".
12. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы".
13. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының сыртқы байланыстар мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысы.".
14. Күші жойылды – ҚР Президентінің 29.01.2024 № 442 Жарлығымен.15. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік күзет қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 30.".
16. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 6.".
17. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.18. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 1В-кіреберіс.".
19. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
"1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы" деген бөлімде:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Үкімет Аппараты мен орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамасымен не тиісінше Үкімет Аппаратының Басшысы, Үкімет мүшелерінің ұсыныстары бойынша қолданады;";
16-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік саяси қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған кезде оны мерзімінен бұрын алу тиісінше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратымен келісу бойынша жүргізіледі.
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөніндегі өтінішхатты тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жолдайды.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;".
20. "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасында:
2-тармақта "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
21. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.22. "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында:
"1. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының паспорты" деген бөлімде:
"Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар" деген бағанда:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі";
"Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
5-бағанда:
реттік нөмірлері 4, 8, 12, 13, 15 және 27-жолдардағы "БҒМ" деген аббревиатура "ОАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 14 және 32-жолдардағы "БҒМ" деген аббревиатура "ОАМ, ҒЖБМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
аббревиатуралардың толық жазылуында:
"БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі".
23. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға";
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі";
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының әкімі";
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)";
"Сүлейменов Олжас Серікбайұлы – "Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жастармен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.
24. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бас прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14.";
Бас прокуратураның және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесінде:
"Бас прокуратура" деген бөлімде 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Астана қаласының прокуратурасы;";
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi" деген бөлімде:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы;".
25. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.07.2024 № 611 Жарлығымен.26. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
4-бағанда:
реттік нөмірі 2-жолдағы "БҒМ" және "ЭГТРМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ОАМ, ҒЖБМ" және "ЭТРМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 105-жолдағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
ескертуде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" дегене жол алып тасталсын;
"ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі".
27. "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, комиссия мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, комиссия мүшесі".
28. "Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасында:
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан", "Нұр-Сұлтанға" деген сөздер тиісінше "Астана", "Астанаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. "Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында:
4-бағанда реттік нөмірлері 86 және 90-жолдардағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
30. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, сондай-ақ облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына (бұдан әрі – мемлекеттік саяси лауазымдар) орналасу үшін әзірленді және осы мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасуға үміткер (бұдан әрі – кандидат) азаматтарға қойылады.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:".
31. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
4-бағанда:
реттік нөмірлері 5.2, 5.4, 5.5, 8 және 12-жолдардағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.5-жолдағы "БҒМ" деген аббревиатура "ОАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі".
32. "Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында:
4-бағанда реттік нөмірлері 44 және 46-жолдардағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
33. "Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында:
4-бағанда реттік нөмірі 19-жолдағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
34. Күші жойылды – ҚР Президентінің 09.01.2024 № 431 Жарлығымен.35. "Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022–2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1014 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022–2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында:
бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
36. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".
37. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкімінде:
1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы".