Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің әскери нышан

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 20 қарашадағы N 3228.

      Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N 491 қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Мәдениет" деген сөз "Байланыс" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1112 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокорпорациясының жұмысын үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      2. Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364 Қаулысымен.

      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.17 N 663 Қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N 710 қаулысымен .

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi