Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығы.

  "Президент пен Үкіметтің
актілер жинағында"
жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Мыналар:

      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;

      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.

      2. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөніндегі шығыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджеттердің көші-қон іс-шараларына көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығы;

      2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 326-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 355-құжат);

      4) "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 ақпандағы № 3349 Жарлығы;

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы № 3568 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 256-құжат);

      6) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 335 Жарлығы;

      7) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 336 Жарлығы;

      8) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 374 Жарлығы;

      9) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 719 Жарлығы;

      10) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 808 Жарлығы;

      11) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 1064 Жарлығы;

      12) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 1410 Жарлығы;

      13) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығының 1-тармағының 1-тармақшасы;

      14) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 1667 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 553-құжат);

      15) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 76 Жарлығы.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 10 қазандағы
№ 198 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 4), 5) тармақшаларына және 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Азаматтықты өзгерту және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті өзінің атына берілген өтінішхат негізінде қабылдайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру жөнінде шешім қабылдай алады.

      Бұл жағдайда қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеу және оларды одан әрі қарау осы Ереженің 17, 18, 19 және 24-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Азаматтықты өзгерту:

      1) азаматтыққа қабылдау;

      2) азаматтықты қалпына келтіру;

      3) азаматтықтан шығару;

      4) азаматтықты жоғалту;

      5) азаматтықтан айыру түрінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2022 № 952 Жарлығымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және азаматтығынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2022 № 952 Жарлықтарымен.

      5. Саяси баспана өзі азаматы болып табылатын және/немесе тұрып жатқан елінде қоғамдық-саяси қызметі, қай нәсілге немесе қай ұлтқа жататындығы, діни сенімі үшін қудалаудан немесе қудалау құрбаны болудың айқын қатерінен баспана және қорғаныш іздеген, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      6. Азаматтыққа және саяси баспана беруге байланысты мәселелер жөніндегі материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Комиссия жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      7. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      8. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, Комиссияның хатшысы мен өзге мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі хатшысы болып табылады.

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.

      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 284 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446; 01.07.2022 № 952; 20.10.2023 № 384; 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның міндеті Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.

      10. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан ретте құқылы болып саналады.

      11. Комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Комиссия өз отырысына азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру туралы өтінішхаттар бойынша қажетті қосымша ақпарат алу үшін кез келген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, басқа да адамдарды шақыруға құқылы.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      13. Комиссия қаралып жатқан іс бойынша тиісті мемлекеттік органдардан қосымша құжаттар мен материалдарды талап етіп алдыруға құқығы бар, ал олар керекті ақпаратты белгіленген уақытта ұсынады.

      Комиссия өз жұмысында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, өзара іс-қимыл жүргізе алады.

      14. Азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру туралы мәселені қараған кезде Комиссия арыз иесінің дәлелдерін, ұсынымның мазмұнын, мемлекеттік органдардың қорытындысын, басқа да құжаттар мен тиісінше ресімделген куәгерлік түсініктемелерді жан-жақты бағалайды.

      15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.05.2021 № 572 Жарлығымен.

      16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі болып табылады, ол:

      1) азаматтық немесе саяси баспана беру мәселелері жөніндегі ұсынылған материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауы үшін қажетті материалдарды өз қорытындысымен қоса дайындауды;

      2) Мемлекет басшысының азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру мәселелері жөніндегі жарлықтарының уақтылы орындалуына бақылауды;

      3) азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі заңнаманы қолданудың тәжірибесін қорытуды;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.04.24 № 576 Жарлығымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      17. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтінішті өзі тіркелген жеріндегі ішкі істер органдарына береді.

      Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы өтінішке:

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекіткен нысандағы сауалнама-өтініш;

      өмірбаян;

      форматы 3,5x4,5 төрт фотосурет;

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтайтындығы туралы міндеттеме;

      мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;

      басқа мемлекеттің құзыретті органы берген бұрынғы азаматтығының жоқтығы немесе оның тоқтатылғаны туралы анықтама;

      ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.

      Азаматтықты қалпына келтіру туралы өтінішхатқа, аталған құжаттардан басқа, өтінішхат берушінің бұрын Қазақстан азаматтығында болғанын куәландыратын құжаттар (тууы туралы куәлік және т.б.) қоса беріледі.

      Аталған құжаттардан басқа:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарына сәйкес келетін адамдар, бейіндік мемлекеттік органның өтінішхатын;

      2) алып тасталды – ҚР Президентінің 13.05.2021 № 572 Жарлығымен.

      3) Заңның 16-бабы 2-тармақшасында көрсетілген адамдар, - Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды (тууы туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) тапсырады.

      Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішке:

      сауалнама-өтініш;

      өмірбаян;

      форматы 3,5x4,5 үш фотосурет;

      балаларының тууы туралы және неке туралы куәліктері;

      әскерге шақыру жасындағы адамды міндетті әскери қызметті өткеруден босату не босатудың мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;

      жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ атқарушы өндірісі аумақтық органынан мемлекет алдында атқарылмаған міндеттердің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;

      мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса беріледі.

      Азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамға қатысты ішкі істер органдары оның айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылғаны немесе заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүргені туралы мәлімет сұрайды.

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың материалдық және басқа талап-арыздары жоқ екені туралы нотариат растаған өтінішті тапсырады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; 13.05.2021 № 572; 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      18. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан шығу туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы мыналарды қоса отырып өтініш береді:

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен сауалнама-өтініш;

      өмірбаян;

      форматы 3,5x4,5 үш фотосурет;

      балалардың тууы туралы және неке туралы куәліктердің көшірмесі;

      консулдық алым төлегені туралы құжат.

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда ол сол адамдардың өзіне материалдық немесе басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтінішін тапсырады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      19. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтінішхатты олардың заңды өкілдері нотариат куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері куәландырған баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қоса береді.

      14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының өтінішіне нотариат куәландырған, ал басқа мемлекеттерде - шет елдердегі мекемелер куәландырған өздерінің жазбаша келісімін қоса береді.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      20. Азаматтықты өзгерту жөніндегі өтініштер міндетті түрде тіркелуге және қарауға жатады.

      Өтініш беруші адамдар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, ішкі істер немесе сыртқы істер органдары өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784 Жарлығымен.

      21. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары ресімделген материалдарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттеріне жібереді, олар материалдарды тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.09.2019 № 151; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 621 Жарлықтарымен.

      22. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ресімделген материалдарды өз қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, ол да Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен және өз қорытындысын жасағаннан кейін оларды Комиссияның жұмыс органына ұсынады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      23. Азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан аспауға тиіс.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      24. Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелерді шешудің конституциялық құқығын өз қалауымен іске асырған жағдайда Комиссияның жұмыс органы ішкі істер органдарынан не Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен тиісті құжаттарды, соның ішінде азаматтықты өзгерту туралы өтінішхатты талап етіп алдырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау - халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі уәкілетті органға, ал республикадан тысқары жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүктеледі.

      26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалуы туралы Комиссияның жұмыс органына жылына екі рет ақпарат береді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784 Жарлығымен.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

      Ескерту. 4-бөлім алып тасталды – ҚР Президентінің 01.07.2022 № 952 Жарлығымен.

5-тарау. Саяси баспана беру туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      31. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адам Мемлекет басшысының атына тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына саяси баспана беру туралы өтінішхатпен жүгінеді.

      Қазақстаннан тыс жерде жүрген адам мұндай өтінішхатты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы береді.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      32. Саяси баспана беру туралы өтінішхатқа өмірбаян, фотосуреттер, денсаулық жағдайы туралы, соның ішінде АҚТҚ-мен залалдану тұрғысында тексеруден өткендігі туралы анықтама, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жазбаша келісімі, сондай-ақ осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар қоса беріледі.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері материалдарды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүгінген адамға саяси баспана берудің орындылығы туралы пікірлерін сұратады.

      Саяси баспана беру туралы өтінішхат бойынша материалдарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

      Егер материалдарды қарау қосымша зерделеуді талап еткен жағдайда, шешім қабылдау мерзімі ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      34. Өтініш беруші мәселе нақты шешілгенге дейін айына кемінде екі рет өтініш берген жері бойынша белгіленіп отырады.

      Өтініш беруші тұрғылықты жерін өзгерткені туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері осы тәртіп сақталмаған жағдайда мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      35. Тиісінше ресімделген материалдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өтінішхатты қанағаттандырудың мүмкіндігі не бас тарту қажеттілігі туралы дәлелді қорытындымен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      36. Саяси баспана беру туралы өтінішхат, егер адам:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс деп танылған әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін қудалануда жүрсе немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасап кінәлі болса;

      2) қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бар болса;

      3) оған қудалану қаупі төнбеген үшінші елде тұрған болса;

      4) көрнеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс етсе;

      5) өзінде үшінші елдің азаматтығы бар болып әрі онда ол қудаланбайтын болса, қабылданбайды.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6-тарау. Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі шешімдердің орындалуы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      37. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі саяси баспана беру туралы өтініш берген адамды Мемлекет басшысы қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      38. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саяси баспана берілген адамға және оның 16 жасқа толған отбасы мүшелеріне белгіленген үлгідегі куәліктер береді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784 Жарлығымен.

      39. Қазақстан Республикасының аумағында болатын адамдарға ішкі істер органдары саяси баспана беру туралы куәліктің негізінде тұруға ықтиярхат ресімдейді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784 Жарлығымен.

      40. Саяси баспана құқығы:

      1) Қазақстан Республикасында саяси баспанадан ерікті түрде бас тартқан;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алған;

      3) өзі азаматы болып табылатын елге ерікті түрде қайтып оралған немесе үшінші елге тұрақты тұруға кеткен;

      4) осы Ереженің 5-тармағында белгіленген негіздерді жоғалтқан жағдайда жойылады.

      41. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттермен шұғылданған жағдайларда не, егер ол қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар болса, осы адамды Қазақстан Республикасының Президенті саяси баспанадан айыруы мүмкін.

7-тарау. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 12.08.2024 № 621 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      42. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.

      43. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі арызды қабылдаудан негізсіз бас тарту, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың материалдарды қарау тәртібін және осы мәселелер бойынша шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады.

  2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 10 қазандағы
№ 198 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 284; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.04.2014 № 784; 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446; 20.10.2017 № 568; 28.10.2019 № 195; 30.03.2021 № 539; 29.06.2021 № 608; 01.07.2022 № 952; 03.05.2023 № 207; 20.10.2023 № 384 Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі

-

төраға

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

-

төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі

-

хатшы

Комиссия мүшелері:

Лукин Андрей Иванович

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Имашева Снежанна Валерьевна

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.