Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 8-тармағына сәйкес сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы;

      4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылымы;

      5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен);

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 1074 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 20.05.2022 № 898 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 1074 Жарлығымен.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Агенттікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау;

      2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қызметті, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау мен мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұрату;

      мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның жетінші абзацы 30.12.2023 дейін қолданылады – ҚР Президентінің 20.05.2022 № 898 Жарлығымен.

      мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және өзге де азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қолдап отыру және әкімшілендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператордан сатып алу;

      Агенттікке және оның аумақтық органдарына жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      2) міндеттері:

      мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау;

      мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;

      лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысын үйлестіру және оған әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;

      жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және істерді қарау;

      жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерулер жүргізуге олардың жұмыскерлерін тарту;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      Агенттіктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      3) мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;

      4) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация беру;

      5) мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды жүзеге асыру;

      6) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындау, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      7) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      8) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғалу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      9) мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;

      9-1) мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілердің кадр құрамының жай-күйіне мониторинг жүргізу;

      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      11) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерін үйлестіру;

      13) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың құнын есептеу әдістемесін бекіту;

      14) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторинг жүргізу;

      15) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартудың мониторингі;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, оның ұйымдастырылуын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындау;

      17) мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткізу тәртібін айқындау;

      18) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;

      19) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды беру;

      20) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 3-2, 4, 5, 7-тармақтарында көрсетілген адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу;

      20-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 3-2, 4, 5, 7-тармақтарында көрсетілген адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу қағидаларын бекіту;

      21) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      22) сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;

      23) сынақ мерзімінен өту тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін айқындау;

      24) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өту тәртібін айқындау;

      25) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      26) құқық қорғау органдарының конкурс негізінде орналасатын лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;

      27) құқық қорғау органдарымен келісу бойынша құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;

      28) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындау;

      29) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;

      30) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      31) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасасу, ұзарту және бұзу тәртібін айқындау;

      32) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;

      33) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

      34) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35) мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлеу;

      36) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      37) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізу;

      38) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      39) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар тұжырымдау;

      40) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау;

      41) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      42) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      43) сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану тәртібін бекіту;

      44) мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      44-1) азаматтардың өтініштерде, сұрау салуларда, үн қосуларда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларды қарау, талдау, мониторингтеу және анықтау;

      44-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізбей "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін айқындау;

      44-3) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-4) мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізу;

      44-5) мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс істеуді, қашықтан аралас жұмыс істеуді, икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмысты қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-7) мемлекеттік әкімшілік және саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;

      44-8) мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;

      44-9) мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу қағидаларын бекіту;

      44-10) басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілердің ротациялық төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, төлеу, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын әзірлеу;

      44-11) мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      44-12) мемлекеттік органдар құрылымдары мен штат кестелеріне, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарына Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікке басшылықты Агенттіктің Төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Агенттіктің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің аппарат басшысын және Агентттіктің ведомволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін (қызметкерлерін) мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;

      5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

      6) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

      9) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құрады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Агенттіктің Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Агенттіктің Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      22. Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестер Агенттіктің алқалы органдары болып табылады, олар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      23. Заңнамада көзделген жағдайларда Агенттіктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқылы емес.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы;

      2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.07.2022 № 962; 17.11.2022 № 1074 Жарлықтарымен.

      1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      18) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      19) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      20) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.07.2022 № 970 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, оларды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттікке уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      9. Агенттіктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 17.07.2023 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Агенттіктің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Агенттікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыру;

      2) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, оның ішінде ақпараттық ресурстардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      өзге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тарту;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің практикасына талдау жүргізу;

      іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, нәрселерді немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;

      уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен пайдалану;

      мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде нұсқама енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;

      сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау және іске асыру;

      ұстап алынған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;

      Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

      құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезінде заңдылықты сақтау;

      Агенттіктің құзыреті шегінде жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және ашуды, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

      жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстап алу және қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;

      Агенттіктің қару-жарағындағы қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы қорғау құралдарын есепке алу және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істерді, қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу және сақтау;

      прокурорлық ден қою актілерін және сот актілерін қарау;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

      іздестіріліп жатқан адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      Агенттіктің белгіленген құзыреті шегінде іздестіріліп жатқан адамдарды экстрадициялауды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;

      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жасау;

      6) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

      7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін айқындау;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      10-1) квазимемлекеттік сектор субъектісінде әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру;

      11) мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға қажетті әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағартуды ұйымдастыру;

      13) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру;

      14) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;

      17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

      18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      18-1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;

      19) декларацияларда көрсетілген, жариялануға жататын мәліметтер тізбесін айқындау;

      20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      21) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну;

      22) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      23) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

      24) жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация беру;

      25) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      26) жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнаулы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;

      27) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;

      28) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, оның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін өтінішхаттар мен сұрау салуларды орындау;

      29) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдарды мемлекеттік қорғау жөнінде заңнамалық актілерде көзделген шараларды қабылдау;

      30) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғау және көтермелеу;

      31) іздестіріліп жатқан, тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстап алу;

      32) мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты, әдетте, кейіннен жариялай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асыру;

      33) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;

      34) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      35) арнаулы мемлекеттік архивте архивтік құжаттарды жинауды (ие болуды), тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;

      36) Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін бақылау, үйлестіру және бағалау;

      37) Агенттіктің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және рұқсаттама режимін қамтамасыз ету;

      38) Агенттіктің қару-жарағындағы қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы қорғау құралдарын есепке алу және олардың сақталуын бақылау;

      39) бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше ахуалдар туындаған кезде жұмылдыру дайындығы, Агенттік жұмысының орнықтылығын арттыру;

      40) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимінің сақталуын ведомстволық бақылау;

      41) Агенттікте және оның аумақтық органдарында ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;

      42) Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;

      43) Агенттіктің бірыңғай кадр саясатын тұжырымдау және іске асыру;

      44) Агенттіктің жеке құрамы арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу және жолын кесу;

      44-1) құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Агенттіктің және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      44-2) Агенттікке құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      44-3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау тәртібі мен әдістерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеуді әзірлеу және бекіту;

      44-4) конкурстық негізде ауыстырылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшы лауазымдарының тізбесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу шарттары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестаттауға жататын қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ лауазымдар санаттары үшін шекті мәндерді әзірлеу және бекіту;

      44-8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс стандарттарын (нақты жұмыс учаскесіндегі қызметкер қызметінің алгоритмі, ережелері және нәтижелеріне қойылатын талаптар) белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ротациялауға жататын басшы лауазымдарының тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-10) кадр резервін қалыптастыру тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-12) Агенттіктің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және кадрлық саясат субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      44-15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша күштеп әкелуді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-18) азаматтардың өтініштерде, сұрауларда, жауаптарда және хабарламаларда көтеретін жүйелі проблемаларын қарау, талдау, мониторингтеу және анықтау;

      44-19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      44-20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін және оның нысанын әзірлеу және бекіту;

      44-21) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      44-23) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Президентінің 03.04.2023 № 166 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      44-24) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-25) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-26) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

      44-27) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      45) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функциялар.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 1074; 03.04.2023 № 166; 17.07.2023 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

3-тарау. Агенттік төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Агенттік төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (бірінші орынбасары, орынбасарлары) болады.

      19. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің жұмысына басшылықты және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Агенттіктің аппарат басшысының өкілеттіктерін айқындайды;

      3) Агенттіктің атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар береді;

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;

      8) қарамағындағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

      9) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын бекітеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

      12) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Агенттік төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Заңнамада көзделген жағдайларда Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 1074 Жарлығымен.

      1) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      18) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      19) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      20) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылымы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 20.05.2022 № 898 Жарлығымен.

      Басшылық

      Төрағаның хатшылығы

      Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті

      Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті

      Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

      Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті

      Трансформация және цифрландыру департаменті

      Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

      Жұртшылықпен байланыс департаменті

      Заң департаменті

      Персоналды басқару департаменті

      Әкімшілік департаменті

      Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      Ішкі аудит қызметі

      Әдеп жөніндегі уәкіл

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің)
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылымы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.06.2021 № 605 Жарлығымен.

      Басшылық

      Төрағаның хатшылығы

      Превенция қызметі

      Сотқа дейінгі тергеу қызметі

      Анықтау және жолын кесу қызметі

      Арнайы департамент

      Ұйымдастыру-бақылау департаменті (Штаб)

      Кадр жұмысы департаменті

      Жеке қауіпсіздік департаменті

      Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті

      Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету департаменті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      "

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары

2349

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары

661

  ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары

1688

  ".

      2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      төртінші абзацта "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші абзацта "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген сөздер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кестенің "4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      бірінші, бесінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарда "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген сөздер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат).

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы".

      4. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):

      жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағыСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамында:

      "

Жаилғанова Анар Нұралықызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жайылғанова Анар Нұралықызы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

  ".

      7. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы".

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      32-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот төрелігін жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке); Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);".

      10. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".

      11. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.05.2023 № 238 Жарлығымен.

      12. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде:

      "Медальдар:" деген бөлімде:

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет):";

      "Төсбелгілер:" деген бөлімде:

      1-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі:";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет):";

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамаларында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) медальдары" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) медальдары";

      "I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (28-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема алтын түспен дайындалған.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";

      "II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (29-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема күміс түспен дайындалған.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";

      "III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (30-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген. Эмблема қола түспен дайындалған.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Эмблеманың төменгі жағында сыртқы нобайын айналдыра Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) эмблемасының ою-өрнегіне ұқсас ою-өрнекпен жиектеледі.";

      "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі (31-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төсбелгісі" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төсбелгісі";

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төсбелгілері" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төсбелгілері";

      "I дәрежелі "Үздік қызметкер" (92-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";

      "II дәрежелі "Үздік қызметкер" (93-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.";

      "I дәрежелі "Үздік қызметші" (93-1-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.

      Эмблеманың сыртқы нобайы қызыл лентамен жиектелген, оның жоғарғы жағында "ҮЗДІК ҚЫЗМЕТШІ" деген жазу ойылып жазылған. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде қырланған алаңша шығып тұрады, оның қызыл түсті аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "I" деген рим цифры жазылған. Жазу мен алаңшаның арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ою-өрнегімен бірдей ұқсас ою-өрнек орналасқан.";

      "II дәрежелі "Үздік қызметші" (93-2-қосымша)" деген кіші бөлімде:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бет жағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) эмблемасы орналасқан, оның реңі көк түсті эмальмен құйылған. Эмблеманың ортаңғы бөлігінде күн аясындағы шаңырақ, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Үстінен "БІЗДІҢ МІНДЕТ", астынан "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ" деген жазумен жиектелген.

      Эмблеманың сыртқы нобайы қызыл лентамен жиектелген, оның жоғарғы жағында "ҮЗДІК ҚЫЗМЕТШІ" деген жазу ойылып жазылған. Лентаның астында, оның орталық бөлігінде қырланған алаңша шығып тұрады, оның қызыл түсті аясында белгінің дәрежесіне сәйкес келетін "II" деген рим цифры жазылған. Жазу мен алаңшаның арасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ою-өрнегімен бірдей ұқсас ою-өрнек орналасқан.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      65-1 және 65-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-1. "Үздік қызметші" төсбелгісімен өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған, қызметтік іс-қимылындағы жоғары көрсеткіштері және мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері марапатталады.

      65-2. "Үздік қызметші" төсбелгісі екі дәрежеден тұрады:

      1) мемлекеттік органдарда бес және одан да көп жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте) және оның аумақтық органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілі үшін марапаттауға – I дәрежелі "Үздік қызметші" төсбелгісі;

      2) мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте) және оның аумақтық органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілі үшін марапаттауға – II дәрежелі "Үздік қызметші" төсбелгісі.";

      3) жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы".

      13. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысы".

      14. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)".

      15. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі" деген бөлімде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".

      16. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 580-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".

      17. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.

      18. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы" деген жол алып тасталсын;

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімнің 1 санатында:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы"

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)";

      В-1 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы департаменті директоры" деген жол алып тасталсын;

      В-2 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның ведомствосы басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасының (қызметтің) басшысы";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі";

      С санаттарының тобында:

      С-О-2 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі";

      С-О-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы".

      19. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;".

      20. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін тиісті уәкілетті органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы мемлекеттік қызметі істері уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.".

      21. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 573-құжат):

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесі бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.".

      22. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 154-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".

      23. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы".

      24. "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 3-4, 16-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 77-жолдың 4-бағанында "МҚІСҚА" деген аббревиатура "МҚІА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "

МҚІСҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

МҚІА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  ".

      25. "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарын және уәкілетті органын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 639 Жарлығында:

      1-тармақта:

      "Терроризмге қарсы күрес" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);";

      "Кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);".

      26. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 42-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы".

      27."Қазақстан Республикасынан Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52 Жарлығында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету шеңберінде заттай дәлелдемелер бойынша Қазақстан Республикасынан Хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдар болып белгіленсін.".

      28. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.04.2021 № 544 Жарлығымен.

      29. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кенестің лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы".

      30. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жол алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 310-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгерістер және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 498 Жарлығының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 23, 182-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (2018 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 1, 4-құжат).