Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы N 67 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 16.11.2018 № 791 Жарлығымен.

      Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттарына тексеру комиссиялары мен олардың аппараттарын тарату ұсынылсын.

      2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері:

      1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді - тексеру комиссияларын құруды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қамтамасыз етсін;

      2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Мыналар:

      1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

      2) барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарына бақылау объектілерін енгізуге ұсыныстар енгізу құқығы;

      3) құрылатын тексеру комиссиялары жыл сайын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп ұсынады;

      4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындауды және босатуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін біліктілік талаптарын ескере отырып, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары жүзеге асырады;

      5) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіреді (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау) деп белгіленсін.

      4. Қоса беріліп отырған облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп:

      1) осы Жарлықты іске асыруға және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетігі мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға бағытталған заң жобасын бір ай мерзімде әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;

      3) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:

      "D санаттарының тобы" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары";

      D-1 және D-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "D-1 санаты

      Облыс мәслихатының аппарат жетекшісі

      D-2 санаты

      Облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары

      Облыс мәслихатының аппараты жетекшісінің орынбасары".

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681 Жарлықтарымен.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Осы Жарлық қажетті заңнамалық базаның қабылдануына қарай, бірақ 2011 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1, 2 және 6-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығына
ҚОСЫМША

Құрылатын мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 16.11.2018 № 791; 10.09.2019 № 151; 15.07.2022 № 961 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      1. "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      6. "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      8. "Ақтебе облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      12. "Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      13. "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      14. "Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      15. "Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      16. "Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      17. "Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      18. "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      19. "Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      20. "Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 2 мамырдағы
№ 67 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері

      Ескерту. Лимиттер жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.11.2018 № 791; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 10.09.2019 № 151; 15.07.2022 № 961 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала

Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі)

Абай

31

Ақмола

45

Ақтөбе

39

Алматы

35

Атырау

30

Шығыс Қазақстан

35

Жамбыл

39

Жетісу

29

Батыс Қазақстан

31

Қарағанды

37

Қостанай

46

Қызылорда

33

Маңғыстау

22

Павлодар

35

Солтүстік Қазақстан

39

Түркістан

51

Ұлытау

22

Алматы қаласы

38

Астана қаласы

31

Шымкент қаласы

31

ЖИЫНЫ:

699