Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3)

      тармақшасы сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі.

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.08.2014 N 875 Жарлығыымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158; 06.05.2016 N 253; 13.09.2016 N 329; 05.10.2016 № 349; 06.10.2016 № 350; 25.01.2017 № 412; 28.06.2018 № 707; 26.12.2018 № 806; 25.02.2019 № 848; 17.06.2019 № 17; 17.06.2019 № 24; 09.09.2020 № 408; 11.06.2022 № 917; 02.01.2023 № 79; 02.01.2023 № 80; 01.09.2023 № 318 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Президенттің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;

      2) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті