Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығы.

      Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және "Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің – мемлекеттік мекемелердің (соттар әкімшілерінің) атауы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

      3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – департаменттер) бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Сот әкімшілігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Сот әкімшілігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Сот әкімшілігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Сот әкімшілігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігі басшысының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Сот әкімшілігінің құрылымы мен штат кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.

      9. Осы Ереже Сот әкімшілігінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Сот әкімшілігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Сот әкімшілігінің өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

2-тарау. Сот әкімшілігінің міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Сот әкімшілігінің міндеттері:

      1) сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау;

      3) сот жүйесін және соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу болып табылады.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалану;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне сот әкімшілігін жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жетілдіру бойынша шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізу және қызметті қамтамасыз етуге арналған ведомстволық есепке алуды жүргізу;

      Сот әкімшілігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      өз құзыреті шегінде консультациялық-кеңесші органдар, ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптамалық комиссиялар құру;

      заң жобалау, сараптама, зерттеу жұмыстарын орындауға және консультациялар беруге белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік және өзге де органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, мамандар мен сарапшыларды тарту;

      облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Сот әкімшілігіне жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      сот әкімшілігін жетілдіру жөніндегі стратегияны және шараларды әзірлеу;

      жергілікті және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту не тарату жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісу, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту не тарату, судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде әрбір жергілікті және басқа сот үшін судьялардың санын белгілеу туралы ұсынулар енгізу;

      судьялар жүктемесінің нормативтерін әзірлеу;

      соттардың қызметі туралы ақпаратты талдау және қорытындылау;

      құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсыну;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға құқықтық сараптама жасауға өз құзыреті шегінде қатысу;

      сот ісін жүргізу және сот әкімшілігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      судьялыққа кандидаттардың ақысы төленетін тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды мониторингтеу;

      сот процесін дайындау және ұйымдастыру;

      процестік құжаттардың жобаларын дайындау;

      судьялардың сот төрелігін іске асыру бойынша қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы отырысының, кеңейтілген жалпы отырысының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      сот практикасына талдау жүргізу, қорытындылау;

      судьялар мен сот қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;

      сот приставтарының қызметін ұйымдастыру;

      іс қағаздарын жүргізуді және соттар архивтерінің жұмысын ұйымдастыру;

      соттарды цифрландыру стратегиясын әзірлеу және іске асыру, сот жүйесінде озық ақпараттық технологияларды ендіру;

      сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апостиль қою;

      шет мемлекеттердің, халықаралық және өзге де ұйымдардың соттарымен сот жүйесі мәселелері бойынша ынтымақтастық жасау;

      сот актілерін орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың өтінішхаттары бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің және ғылыми-консультациялық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақтың жиырма бесінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      сот оқуы, судьялардың, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Сот әкімшілігі басшылығының ресми іс-шараларға қатысуын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      сот органдарында мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басқа мемлекеттік органдармен, басқа мемлекеттердің соттарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      мемлекеттік органдармен және ұйымдармен сот жүйесінің сот төрелігін іске асырумен байланысты емес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде қарау;

      арыз иесі көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;

      соттардың инфрақұрылымын дамыту, соттардың, Сот әкімшілігінің және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, жөндеуді және техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру;

      департаменттердің қаржы-шаруашылық қызметін және бюджет қаражатын жұмсауын бақылауды жүзеге асыру;

      сот жүйесінің бюджетін жоспарлауды, қалыптастыруды және жұмсауды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес судьяларды, оның ішінде отставкадағы судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақтың отыз жетінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының бюджет шығыстарын қарау, келісу және бекіту;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақтың отыз сегізінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3-тарау. Сот әкімшілігі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Сот әкімшілігіне басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Сот әкімшілігіне жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      16. Сот әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Сот Әкімшілігі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төрт орынбасары болады.

      18. Сот әкімшілігі басшысының өкілеттіктері:

      мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста Сот әкімшілігінің атынан өкілдік етеді;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген Сот әкімшілігі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Сот Төрағасымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісілген аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы ұсыныс енгізеді;";

      аудандық және оларға теңестірілген, облыстық және оларға теңестірілген соттарда және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында іс жүргізу қағидаларын бекітеді;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын Сот әкімшілігінің жұмысы туралы хабардар етеді;

      Сот әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерін, департаменттердің басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындайды және босатады;

      Сот әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және департаменттер туралы ережелерді бекітеді;

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі департаменттерінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

      Сот әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің, департаменттер басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің орынбасарларына қатысты оларды көтермелеу, материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне бастама жасайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және өзге де қызметкерлерін, департаменттердің басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігінің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақтың он төртінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақтың он бесінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Сот әкімшілігінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды бірінші орынбасары, ал ол болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      19. Сот әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Сот әкімшілігінің мүлкі

      20. Сот әкімшілігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Сот әкімшілігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Сот әкімшілігіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Сот әкімшілігінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Сот әкімшілігін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Сот әкімшілігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот әкімшілігінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери сотының департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:

6243

облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

6015

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (Сот әкімшілігінің департаменттері)

6243

  ".

      2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау, олардың толықтығы мен объективтілігі Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің персоналды басқару бөліміне (кадр қызметіне) жүктеледі.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      32-тармақта:

      "сот төрелігін жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке); Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот төрелігін жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке); Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне;".

      4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша өзінің қызметіне қатысты көрсеткіштер бойынша бағаланады" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша өзінің қызметіне қатысты көрсеткіштер бойынша бағаланады".

      5. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Мінсіз қызметі үшін" медалімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындап жүрген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері марапатталады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен шетелдік құқық қорғау және ұқсас функцияларды орындайтын өзге де органдармен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы тату көршілік қатынастарды нығайту бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуда сіңірген еңбегі үшін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, судьялар, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратурасы мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердің азаматтары марапатталады.";

      27-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сот қызметін қамтамасыз еткен, сот жүйесінің игілігі үшін күнтізбелік есептеуде 25 және одан да көп жыл жұмыс істеген өзге де адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес марапатталады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісімен сот жүйесінің игілігі үшін кемінде 5 жыл жұмыс істеген судьялар, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сот жүйесін дамытуға қосқан жеке үлкен үлесі үшін өзге де адамдар марапатталады.".

      6. "Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 25 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасынан орталық және беруші органдар ретінде айқындалсын.".

      7. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары";

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "А" корпусы" деген бөлімде:

      1-санаттағы топта:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары";

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санатындағы топта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-1 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының көмекшісі";

      С санатындағы топта:

      С-О-2 санатында:

      "Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі" деген жол алып тасталсын;

      С-R-1 санатында:

      "Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы";

      С-R-2 санатында:

      "Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары".

      8. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;".

      9. "Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 241 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасынан орталық орган ретінде айқындалсын.".

      10. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  ";

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

  ".

      11. "1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 367 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасынан:

      Конвенцияның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі орталық орган ретінде;

      Конвенцияның 15, 16 және 17-баптарына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеусіз алуға рұқсат беруді ұйымдастыруға, Конвенцияның 18-бабына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеу тәртібімен алуға жәрдемдесуге уәкілеттік Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі құзыретті орган ретінде айқындалсын.".

      12. "2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 475 Жарлығында:

      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі – алименттерді халықаралық өндіріп алуға бағытталған шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке тұлғалардың сот шешімдерін тану, шығару, өзгерту мәселелері жөніндегі өтініштері бойынша;".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы атауы өзгертілетін аумақтық бөлімшелер – мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Абай облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жетісу облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Әскери соттың әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери сотының департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 329 Жарлығы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 660 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 165 Жарлығының 4-тармағы.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 201 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру, қайта атау, тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 717 Жарлығының 8-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 16 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру және қайта атау және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 973 Жарлығының 6-тармағы.