Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша ", сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 47-бабының 1-тармағына және 60-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.1. Қоса беріліп отырған Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бір ай мерзімде өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының |
| Президенті |
| Қазақстан Республикасы | |
| Президентiнiң | |
| 2003 жылғы 29 сәуiрдегi | |
| N 1074 Жарлығымен | |
| БЕКIТIЛГЕН |
Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережелерi
Ескерту. Ереженің тақырыбындағы ", сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға", ", сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау", "немесе оны қаралуын шұғыл деп жариялау", "немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялаудың", "немесе шұғыл деп жариялау" деген сөздер алып тасталды – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.
Ескерту. Мәтін бойынша "Республикасының Парламенті Мәжілісінің", "Парламенттің" деген сөздер тиісінше "Республикасы Құрылтайының", "Құрылтайдың" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Осы Ереже Мемлекет басшысының заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеуге конституциялық құқығын іске асыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
1. Заң жобасын қарауды басым деп белгілеуге шешім қабылдаған кезде Мемлекет басшысы немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі тиісті мемлекеттік органның назарына осы заң жобасын қарауды басым деп белгілеу жоспарланатынын жеткізеді.
2. Әдетте, басым ретпен қарауды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгізілген немесе енгізілуге дайын заң жобаларына қатысты белгілейді.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басым деп белгіленген және Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына әлі енгізілмеген заң жобалары тиісті мемлекеттік органдармен келісілуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкіметі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне қарауға ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін мұндай заң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгізеді.
4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 28.10.2019 № 195 Жарлығымен.5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 28.10.2019 № 195 Жарлығымен.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзі әзірлеген заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне заң жобасын қарауды басым деп белгілеу туралы ұсыныс енгізуге хақылы.
7. Осы Ереженің 6-тармағында аталған ұсынысқа тиісті заң жобасы және:
1) Құрылтайдың заң жобасын қарауды басым деп белгілеу қажеттілігіне негіздеме;
2) заң жобасының нақты мақсаттары және ол шешетін міндеттер қамтылуға тиіс түсіндірме жазба қоса беріледі.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі он күн мерзімде заң жобасын басым деп белгілеу туралы ұсынысты қарайды және Мемлекет басшысына заң жобасын қарауды басым деп белгілеудің орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
9. Мемлекет басшысының шешімі бойынша қаралуын басым деп белгілеу жоспарланып отырған заң жобаларын дайындау мен келісудің өзгеше тәртібі, мерзімдері белгіленуі мүмкін.