Байланыс туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "телекоммуникацияның жергілікті желісінің", "телекоммуникацияның жергілікті желілері" деген сөздер тиісінше "жергілікті телекоммуникация желісінің", "жергілікті телекоммуникация желілері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Байланыстың мақсаты

      1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
      2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, байланыс қызметтерін көрсетуге онымен шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, деректер беру желісіндегі абоненттердің мекенжайы және деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға кіру мекенжайы, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;
      3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
      4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
      5) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;
      6) арнаулы және фельдъегерлік байланыс арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;
      7) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыш бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар, метиздер;
      8) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап телекоммуникация қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
      9) әмбебап телекоммуникация қызметтері - уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыс қызметтерінің кез келген пайдаланушысына көзделген мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
      10) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
      11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
      12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
      13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағынын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
      15) байланыс қызметтері - почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
      16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;
      17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      18) байланыс операторы - Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен байланыс қызметтерін көрсетуге лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
      19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері;
      20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары;
      21) байланыстың басым операторы - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы;
      22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
      23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;
      24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;
      25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;
      27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;
      28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы;
      29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат;
      30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
      31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
      32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;
      34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
      37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы:
      тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
      уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
      39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
      40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;
      41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;
      42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
      43) почта байланысы - почта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
      44) почта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
      45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;
      46) радиобақылау - радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктердің пайдаланылу тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату параметрлерінің стандарттары мен нормаларының бұзылушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетіндей деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
      47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
      48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
      49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
      50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
      51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
      52) сәйкестендіру коды - әзірлеуші зауыт беретін, байланыс операторының желісіне осы құрылғыны қосу кезінде берілетін абоненттік құрылғының немесе абоненттік станцияның коды;
      53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;
      54) телекоммуникация желілерінің күзет аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғандағы жер учаскесі;
      55) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік, жалғаным жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
      56) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
      57) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
      58) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне жалғау - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болады;
      59) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;
      60) телефон жалғанымы қызметтеріне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметтерге ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы абоненттік желінің түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыны және жергілікті телефон жалғанымының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай оның берілгені үшін төлемақыны қамтитын, қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
      61) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
      62) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;
      63) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
      64) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;
      65) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
      66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы көбінесе сөйлесу түрінде берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;
      67) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
      68) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;
      69) фельдъегерлік байланыс - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі;
      70) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;
      71) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен жалғайтын байланыс жолы;
      72) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      73) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
      74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
      75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
      77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.23 N 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
мен бақылау

      4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік
              реттеу мен бақылау

      1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік
              реттеудің негізгі принциптері

      Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:
      1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;
      3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, почта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі;
      4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;
      5) адал бәсеке;
      6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың қауiпсiздiгiн, сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету;
      7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету;
      8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған  басқаруды қамтамасыз ету.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
              мен бақылаудың негізгі міндеттері

      Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне:
      1) басым дамудың негізгі бағыттарын айқындау, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, дамудың салалық бағдарламаларын бекіту;
      2) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету, уәкілетті органға осы мәселелер бойынша өкілеттіктер беру;
      3) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
      4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану тәртібін бекіту;
      5) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларын айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту;
      6) байланыс қызметін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін конкурстар өткізу тәртібін бекіту;
      7) Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
      8) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
      9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялаған кезде лицензия беру шарттарын айқындау және біліктілік талаптарын бекіту;
      10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту;
      12) почтамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;
      13) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
      14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;
      14-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;
      14-3) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-4) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеуді жүргізу тәртiбiн бекіту;
      14-6) трафиктi өткiзу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерін қосу және олардың әрекеттестігі қағидаларын бекіту;
      14-7) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
      14-8) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
      15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2010.12.29 N 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің
              құзыреті

      1. Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
      4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру;
      5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
      6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
      7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
      8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету ережесiн және Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiн, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiн құру тұжырымдамаларын әзiрлеу және қабылдау;
      8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрiн пайдалануына және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргiзу;
      8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзiрлеу және бекiту;
      8-3) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
      9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
      10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;
      11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;
      12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
      13) пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
      14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
      16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      18) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың және лицензиаттардың тізімдерін жүргізу;
      19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
      19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
      19-2) телекоммуникациялар және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
      19-5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
      2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
      3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
      4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу; V085127
      6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру;
      7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
      8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдарының және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын келісуге қатысу;
      9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;
      9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргiзу;
      9-2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында лицензия талаптарын сақтауын бақылау;
      9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
      9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және олардың жолын кесу;
      9-5) почта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.06 N 209, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары

      1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
      Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.
      2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
      2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалануға, іске қосуға және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды шетелден әкелуге рұқсат беру және оның тәртібін айқындау;
      4) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;
      5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес радиожиілік спектрінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
      10) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту.
      3. Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
      1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
      2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
      3) почта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ почта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс
               жерсеріктерінің орбиталық позицияларын
               пайдалануды реттеу

      1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
      Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді радиожиілік органдары жүзеге асырады, бұл радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
      Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.
      2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.
      3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары , оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішкі су жолдарындағы кемелерде телерадиохабарлар тарату мақсатында пайдаланылатын радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғылардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алым алынады.
      6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиiлiктi құрылғылар келтiретiн индустриялық бөгеуiлдер деңгейi техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
      Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың индустриялық радиобөгеуiлдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған нормативтiк құжаттарда белгiленген нормалардан төмен болмауға тиiс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер
               белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік
               арналарын) бөлектеу және иелікке беру
               (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:
      1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
      2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
      3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
      4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
      5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
      6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді.
      Телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.
      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.
      4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
      5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      6. Лицензия иелеріне және радиожиілік спектрін өндіріс ішіндегі қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануды көздейтін тұлғаларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат уәкілетті органға белгіленген үлгідегі өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей беріледі.
      7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
      1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
      2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
      3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
      4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
      5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
      6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
      7) егер Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында радиожиілікті (радиожиілік арнасын) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу көзделіп, осындай рәсім жүргізудің оң нәтижесі болмаса, бас тартылады.
      8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      8-1. Радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алып қойылады.
      9. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сауал алынған кезден бастап отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл отыз күннен аспауы керек. Іргелес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жүргізілген кезде өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл төрт айдан аспауы керек, ол туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды
               реттеу және нөмірлер беру

      1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін
               басқару

      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, ауадағы, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау саласында шұғыл іс-шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.

      15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру
               қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара
               іс-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-әрекет жасасу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
       2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.
      Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше абоненттік құрылғы байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.
      3. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.
      4. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
       5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.
       Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV (2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн
               растау

      Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестiгi расталуға тиіс.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

      Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық
               негiзде бөлу

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалану құқығы мынадай жағдайда, егер:
      1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себептi байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса;
      2) белгiлi бiр географиялық аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiнiң желiлiк қол жеткiзу ресурстары шектеулi болып, соған байланысты уәкiлеттi орган осы аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгiлейтiн болса, конкурстық негiзде берiледi.
      2. Конкурс (немесе аукцион) өткiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.
      Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.
      3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу ережелерiне сай келетiн жеке және заңды тұлғалар конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға жiберiледi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын
               таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi
               лицензиялау

      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
      2. Уәкілетті орган:
      1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;
      2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді.
      Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
      4. Байланыс операторлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс қызметтерін пайдаланушыларға шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық қызметтерді және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да қызметтерді тегін жалғауды қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Байланыс желілері

      21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай
               телекоммуникация желiсi

      1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:
      1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;
      2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;
      3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;
      4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;
      5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желiсi болып табылады.
      2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсi болып табылатын желiлер үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) әрекеттестiктiң бiрыңғай тәртiбiн, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарылатын параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқаруды айқындайды;
      2) телекоммуникация желiсiнің санатына байланысты телекоммуникация желiлерiн құру, басқару, нөмiрлеудi пайдалану, олардың жұмыс iстеуiн, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан қамтамасыз eту, радиожиілік спектрiн пайдалану, трафиктi өткiзу тәртiбi, желiлердің әрекеттестiк шарттары, телекоммуникация қызметтерiн көрсету жөнiндегi талаптарды белгілейді;
      3) арналарды коммутациялау технологияларын хабар беру мен коммутациялаудың пакеттік технологияларымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылу және өзара әрекет жасау шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желiсiне кiретін барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен әрекеттестiктiң бiрыңғай тәртiбiнің талаптарын қанағаттандыратын өз желiлерiн басқару жүйелерiн құруға мiндеттi.
      Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары желiлер жабдықтарының жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
      4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады.
      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi:
      1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (жергілікті телекоммуникация желілері);
      2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда;
      3) пайдаланушыға көрсетiлетiн байланыс қызметтерiн iске асыру әдiсi (бекiтiлген және жылжымалы) бойынша айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.
      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi шет мемлекеттердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiмен әрекеттестік жасайды.
      Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн пайдаланушылардың мүдделерiн, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнің құрамына кiретiн телекоммуникация желiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуін қамтамасыз ету мақсатында олар бiрыңғай мемлекеттiк нормативтiк-техникалық реттеуге жатады. Нормативтiк-техникалық талаптардан тыс телекоммуникацияның осы желiлерiнiң жұмыс iстеу және оларды пайдалану тәртiбiн, телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөнiндегi қызмет үшiн осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, байланыс желiлерiнiң меншік иелерi дербес айқындайды.
      5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттiк органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.
      Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылады.
      Бұл ретте телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiн осы тармақта көзделмеген өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
      6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:
      1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;
      2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге бұрын берiлген географиялық емес код алып тасталады;
      3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
      Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.
      7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттерін қамтамасыз етуге арналған.
      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері өтеулі байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдаланылмайды.
      8. Телекомммукацияның корпорациялық желiлерi заңды тұлғалардың басқару және ішкі өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
      Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi:
      1) егер олар тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөлектей отырып, желінің түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлiнген учаскелерiн бiрiктiретiн болса, әкiмшілік аумақ шеңберiнде мекемелiк коммутациялық станция арқылы корпорациялық клиент ретiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзиттік торабы деңгейiнде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылуы;
      2) осы Заңның 17-бабына cәйкес кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн өтеулі көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.
      9. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желiсiнің құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң аумағына телевизия және радио бағдарламаларын тарату әрi трансляциялау үшiн пайдаланылатын, жердегi және жерсеріктік хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстік-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелерге мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды трансляциялауға арналған радиорелелi және кәбiлдi байланыс желiлерi, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кiредi. Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсерiктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлі орбиталық байланыс жерсерiктерi мен жердегi таратушы және қабылдаушы станциялар кiредi.
      10. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      11. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 N 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Фельдъегерлік және арнаулы байланыс

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметi мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасы фельдъегерлiк қызметiнiң жеке құрамы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік атыс қол қаруымен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
      2. Арнаулы байланыс қызметi арнаулы байланыс арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды.
      Арнаулы байланыс қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы байланыс қызметiн көрсетедi.
      Арнаулы байланыс қызметінің жеке құрамы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      3. Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiн ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiн көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасы почта байланысы ұйымдарының, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiнiң, Қарулы Күштерiнiң фельдъегерлiк-почта байланысының өзара қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында регламенттеледi.
      5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметкерлерi тасымалдайтын арнаулы жөнелтiмдер тексеруге және кідіртiлуге жатпайды.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті
               мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық
               қауіпсіздік және ішкі істер органдарының
               қажеттеріне арналған байланыс желілері

      1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
      Байланыс операторлары үкіметтік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескеріп, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып жүргізеді.
      Үкіметтік байланыс жүйесі, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
      1-1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
      2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
      4. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған бiрыңғай телекоммуникация желiсінің ресурстарын әзiрлеу мен пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
      5. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының қажеттерi үшiн байланыс арналары мен желiлерiн басымдықпен берудi және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру жөнiнде бiрiншi кезектегi және шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi.
      6. Байланыс операторларының, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн көрсетудi тоқтата тұруға құқығы жоқ.
      7. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылыстары мен тораптарында техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi мен үкiметтiк байланыс мүдделерiне пайдаланылатын желiлiк-кәбiлдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдi электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
      8. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, ерекше маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын немесе ерекше маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттiгi бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға жеке өтiнiмдер бойынша, шарттарды ресiмдемей уақытша жалдау жағдайында, шығындарды кейiн өтейтіндей етiп, қажет болған жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнің жұмыс арналарын пайдалана отырып, қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.
       Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.23 N 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. Почта байланысы

      1. Почта байланысы почта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткiзудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады.
      2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Pecпубликасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-почта байланысы жүзеге асырады.
      3. Почта байланысы қызметтерiн мемлекеттiк емес почта байланысы ұйымдары көрсетуге құқылы.
      4. Почта жөнелтiмдерiн жеткiзу мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      5. Почта жөнелтімiн жiберушi оның құндылығын салыным құны шегiнде жариялауға құқылы.
       Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі

      25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу

      1. Барлық байланыс операторларының өз желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға құқығы бар.
      Телекоммуникацияның бiр желiсiн басқа желiге қосуды байланыс операторлары шарт негiзiнде жүзеге асырады.
      2. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерiн көрсетуге мiндетті. Байланыстың басым операторларын қосудың үлгілік шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Басым байланыс операторларының телекоммуникация
               желiлерiн қосу ерекшеліктері

      1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң әрекеттестігі және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шарты жария шарт болып табылады, оның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Басым байланыс операторының қосу шартын жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
      3. Телекоммуникация желiлерiнiң операторлары өз желiлерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркiн таңдаудың техникалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жалғаудың стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға міндетті.
      4. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары:
      1) өз желiлерiнің абоненттерiне қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
      2) басқа байланыс операторларына қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн;
      3) трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қызметтердi;
      4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актiсiнде белгiленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
      5. Қалааралық байланыс операторлары:
      1) өз желiлерiнің абоненттер не қалааралық телефон байланысы қызметтерін;
      2) басқа байланыс операторларына қалааралық байланыс қызметтерiн;
      3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актісінде белгiленген тәртiппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
      6. Халықаралық байланыс операторлары:
      1) өз желiлерінiң абоненттеріне халықаралық телефон байланысы қызметтерiн;
      2) басқа байланыс операторларына халықаралық телефон байланысы қызметтерін;
      3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актiсiнде белгіленген тәртіппен тиiстi лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінiң өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желілерін, радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын қорғау және күзету

      27-бап. Байланыс желiлерінің күзетілетін аймақтары

      1. Байланыс желiлерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпақтар белгiленедi, олар жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табылады.
      2. Күзетілетiн аймақтарға енгiзiлген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленедi. Мұндай жер меншік иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.
      3. Күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбін және олардағы жұмыс режимiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жерді меншікке немесе жер пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары
               мен желiлерiн, радиожиілік спектрін және
               байланыс жерсеріктерінің орбиталық
               позицияларын қорғау және күзету

      1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жер серіктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
      Телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      2. Байланыс құралдарын, байланыс ғимараттары мен желiлерін, радиожиілік спектрін, байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын күзету Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес белгiленеді.
      3. Радиожиiлiк спектрiн және байланыс жерсерiктерiнiң орбиталық позицияларын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн қорғау мақсатында электромагниттiк жүйелердiң жұмыс iстеуiне нормаланбаған бөгеуiлдер туғызатын радиоэлектрондық байланыс құралдарын шығаруға және Қазақстан Республикасына әкелуге, сондай-ақ пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеулер белгiленуi мүмкін.
      4. Байланыс құралдарының, телекоммуникация ғимараттары мен желiлерiнiң бүлiнуiне, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиектi құрылғыларды дайындаудың, сатып алудың, әкелудiң, пайдаланудың және тіркеудiң, барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілiктi құрылғылардың жұмысына арналған радиожиiлiктi пайдаланудың белгіленген тәртібiн бұзуға жол берген, сондай-ақ теле- және радио қабылдауға нормаланбаған бөгеуiлдер жасайтын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
       Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс және радиобақылау саласындағы мемлекеттік бақылау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      28-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 28-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-2-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларға тексерудi
                ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi

       Ескерту. 28-2-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-3-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргiзудi
                ұйымдастыру

      Ескерту. 28-3-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-4-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүргiзу
                тәртiбi

       Ескерту. 28-4-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi

      1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және өлшемдеріне құжаттық бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерiн бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегiмен бақылау (аспаптық бақылау) жолымен жүзеге асырылады.
      Радиобақылауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекiткен радиобақылау жоспар-кестелерiне сәйкес жүргiзедi.
      Радиобақылаудың жоспар-кестесiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.
      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушылар жол берген бұзушылықтар анықталған кезде уәкiлеттi орган оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жiбередi.
      Азаматтық мақсаттағы тiркелген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың жұмысында бөгеуiл туындаған жағдайда:
      1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, соның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтiрiлуi жөнiнде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға жүгiнедi;
      2) уәкiлеттi орган бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;
      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимiнiң бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсерiне негiзделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiлдердi жою жөнiнде нұсқама немесе ұсыным бередi;
      4) тағайындалған жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан тағайындауды жүргiзедi;
      5) қапияда болған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiл көзiн анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      2. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге шағымдар түскен кезде уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы шағымдардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер шағымдар негiзделген болса, бөгеуiлдердiң себептерiн белгiлейдi және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумағында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалып отырған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      4. Радиобөгеуiлдер мен тиiстi рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
       Ескерту. 28-5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi
                 құрылғылар иелерiнiң құқықтары

      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
      1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) берiлген рұқсат талаптарына сай қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланады;
      2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктегi (радиожиiлiк арнасындағы) бөгеулердi жою үшiн уәкiлеттi органға жүгiнедi;
      3) лауазымды адамдардың, уәкiлеттi органның әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасайды.

      28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi
                 құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi

      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
      1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға, сондай-ақ белгiленген ережелер мен нормаларға сай келуiн қамтамасыз етедi;
      2) қызмет куәлiгiн көрсеткен кезде уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      3) уәкiлеттi органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиiлiктерiн (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның iшiнде, уақытша тыйым салуды енгiзу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның iшiнде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушыларға берiлген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөнiндегi нұсқаманы орындайды.

6-тарау. Байланыс желілерін дамыту

      29-бап. Байланыс желілерін дамыту

      1. Байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады. Пайдаланушыларға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін байланыс желілерін дамыту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Байланыс желілерін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру өз қаражатының және қарыз қаражатының есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Тұрғын үйлер мен басқа да объектiлердi салу кезiнде iшкi және орамдар iшiндегi байланыс желiлерiн жобалау мен тарту, сондай-ақ абоненттiк почта шкафтарын орнату қолданыстағы техникалық нормалар мен ережелер негiзiнде құрылысқа тапсырыс берушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Тұрғын жай массивтерiнiң кешендi құрылысын, өндiрiстiк объектiлер мен оған iргелес жатқан елдi мекендердi салу кезiнде, азаматтық ғимараттар мен почта бөлiмшелерiнiң үй-жайларын қоса алғанда, барлық байланыс құралдарын жобалау мен салу тапсырыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Үйлердi, ғимараттарды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе қайта жаңарту кезiнде байланыс желiлерiн қайта салу мен көшiру жөнiндегi жұмыстар стандарттарға сәйкес және байланыс желiлерiнiң меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады.
      6. Жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желiлерiн жобалауды, салуды құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн лицензия негiзiнде жеке және заңды тұлғалар  уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
      7. Қызметкерлерi үкiметтiк байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың ғимараттарын, құрылыстары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олар орналасқан жерiн ауыстырған кезде қосу желiлерiн және арнаулы мақсаттағы iшкi байланыс желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру

      Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады.
      Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.
       Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану

      1. Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiне шарт талаптарымен темiр жол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен жолдары бойынша почта байланысы қызметкерлерiнiң, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметкерлерiнiң алып жүруiмен почта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға, сондай-ақ почта жөнелтiмдерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.
      2. Облыс iшiндегi қалааралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық бағдарлар бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге мүмкiндiгi болмаған жағдайларды қоспағанда, почта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес, сонымен қатар:
      1) фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде кезексiз билет сатып алу;
      2) фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерi автомобиль көлiгi құралдарының темiр жол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiктерi тұрақтарына өту;
      3) фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерi қарулы қызметкерлерiнiң жолаушыларды жаппай отырғызуға дейiн көлiкке отыру құқығын қамтамасыз етедi.
      3. Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiнiң автомобиль көлiгi құралдары қандай да бiр ерекше жазбаларсыз "арнаулы" санатқа жатқызылады және соғыс жағдайын енгiзу немесе соғыс уақытын жариялау жағдайларын, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзу кезiн не табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болған кездi қоспағанда, оларды осы қызметтердiң келiсiмiнсiз мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ұйымдардың мүдделерiне пайдалануға болмайды.
      4. Бүлiнген байланыс желiлерi мен құралдарында авариялық ахуал туындаған жағдайда байланыс ұйымдары тасымалдаушыдан көлiк құралдарын бiрiншi кезекте жалға алуға құқылы.
      Байланыс ұйымдарына тиесiлi автомобиль көлiгi құралдарының арнаулы рәмiздерi болуы мүмкiн және оларды байланыс ұйымдарының келiсiмiнсiз байланыс саласындағы қызметке жатпайтын қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға болмайды.

      31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады.
      2. Автостанциялар мен темiр жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан почта тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi - вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық почтамттар мен почта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, почта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген почта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
      3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.
      4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында ұсынылатын талаптар сақталған жағдайда көпiрлер, туннельдер, көшелер, автомобиль және темiр жолдар, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар мен сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқылы.
      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне және жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiн салу Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес аталған жерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген режимiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      6. Жер учаскесiндегi, үйдегi, құрылыстағы немесе ғимараттағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, үйдi, құрылысты немесе ғимаратты өз есебiнен бастапқы қалпына келтiруге не жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға немесе үйдiң, құрылыстың немесе ғимараттың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi.
      7. Байланыс операторлары желiлер мен объектiлердi салу кезiнде табиғат қорғау технологияларын қолдануға және қызметiн жүзеге асыру кезiнде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. Бұл орайда қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн операторлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
      8. Елдi мекендердi жаңадан салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жердi игеруге, мелиорация жүйелерiн қайта орналастыруға, пайдалы қазбаларды шығаруға байланысты байланыс ғимараттарын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылыс тапсырысшылары стандарттарға сәйкес және байланыс желiлерiн иеленушiлердiң және (немесе) пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс ғимараттары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
      9. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесiн шектеулі нысаналы пайдалану құқығын мүдделi байланыс операторларына табыстауға мiндеттi.
      10. Байланыс объектiлерi үшiн жер учаскелерiне құқықтар табыстау жергiлiктi атқарушы органдар шешiмiнiң, жер учаскесiн сатып алу-сату шартының, жер учаскесiн жалдау шартының негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану туралы шарт (сервитут шарты) бойынша жүзеге асырылады.

7-тарау. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтері

      32-бап. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi

      1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi - дауыстық телефония мен жеткiзу жолдарын пайдалану секторында бекiтiлген байланыс қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының параметрлерiмен халыққа беру мiндеттi болып табылады.
      2. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн берудiң негiзгi өлшемдерiне:
      1) байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;
      2) тұрған жерi бойынша елдi мекен санатын және тұрғындар санын ескере отырып айқындалатын қолжетiмдiлiк;
      3) белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қолжетiмдi жолдың белгiлi бiр санын енгiзуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыруды ескере отырып айқындалатын уақыт бойынша қолжетiмдiлiк жатады.
      3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы , сондай-ақ ұялы байланыс берiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық  заңдарында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi.
      3-1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстау жоспарын уәкілетті орган бекітеді.
      4. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне тарифтер мiндеттi мемлекеттiк реттеуге жатады және оларды уәкілетті орган бекiтедi.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы

      1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсетудi байланыс операторлары конкурстық негiзде жүзеге асырады немесе ол осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады.
      2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ аумағында (оның ерекшелiктерiн ескере отырып) жұмыс iстейтiн телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету жөнiндегi байланыс операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiмен қамтамасыз ету қажеттiлiгiн негiзге ала отырып айқындалады.
      Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi байланыс операторларының арасында жүргiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша берiледi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсетудi осы аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнiң қызметтерiн көрсететiн басым байланыс операторына жүктейдi.
      3. Басым байланыс операторы өзiне жүктелген әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегi мiндеттерден бас тартуға құқылы емес.

      34-бап. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн
               субсидиялау

      1. Селолық елдi мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындары, егер бұл конкурс нәтижелерiмен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi осы аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнiң басым байланыс операторына шарт негiзiнде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиiс.
      Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындары субсидиялануға жатпайды.
      2. Субсидиялау мөлшерiн айқындау кезiнде әмбебап қызмет көрсету операторы қызмет түрлерi бойынша, көрсетiлетiн байланыс қызметтерi және осы қызметтердi көрсету үшiн пайдаланылатын байланыс желiсiнiң бөлiктерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      Қызмет түрлерi, көрсетiлетiн байланыс қызметi және осы қызметтердi көрсету үшiн пайдаланылатын байланыс желiсiнiң бөлiктерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, субсидиялау мөлшерi конкурс нәтижелерi немесе басым байланыс операторына әмбебап телекоммуникация қызметтерiн беру жөнiнде мiндеттемелер жүктеу шарттары бойынша айқындалады.
      3. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары

      35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы

      1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.
      1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.
      2. Байланыс қызметтерi пайдаланушылардың барлық санаттарына (тұрғын халыққа, бюджеттiк ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс қызметтерiн көрсету ережелерiне сәйкес тең жағдайларда көрсетiледi.
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың
               құқықтарын қорғау

      1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметтерiнiң көрсетiлуiне құқығын, осындай қызметтер туралы және оларды орындаушылар туралы ақпарат алу құқығын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды iске асыру тетiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      2. Байланыс операторлары хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, почта жөнелтiмдерi, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн телеграфтық және өзге де хабарламалар құпиясын қамтамасыз етедi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен осы құқықты шектеу жағдайлары қосылмайды.
      3. Жергiлiктi телефон байланысының қызметтерiн көрсететiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнiң байланыс операторлары анықтама қызметтерiн құру немесе телефон нөмiрлерiнiң анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бiр-бiрiне өз желiсiнiң пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының пайдаланушылар құқықтарын қорғау туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып берiледi.
      4. Байланыс операторынан абоненттер туралы қызметтiк ақпарат алуға пайдаланушының келiсiмiмен ғана және осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда рұқсат етiледi.
      Телефонмен сөйлесудi тыңдауға, телекоммуникация хабарламаларымен танысуға, почта жөнелтiмдерi мен құжаттамалық хат-хабарларды кiдiртуге, қарауға және алуға, олар туралы мәлiметтер алуға, сондай-ақ байланыс құпияларын өзге де шектеулерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана рұқсат етiледi.
      4-1. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылық белгіленеді.
      5. Байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф арқылы жiберiлетiн және өзге де хабарламаларының құпиясын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      6. Байланыс операторының жергiлiктi телефондық қосылыстарды уақытына қарай есепке алуды жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда, байланыс қызметiн пайдаланушы - жеке тұлға қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе аралас ақы төлеу жүйесiн таңдап алуға құқылы.
      Уақытына қарай ақы төлеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төленуге тиiстi, жүзеге асырылған жергiлiктi телефондық қосылыстар туралы жазбаша ақпаратты тегiн беруге мiндеттi.
      Мұндай ақпарат берiлмеген жағдайда байланыс қызметтерiн пайдаланушы байланыс қызметтерiне абоненттiк жүйе бойынша төлем жүргiзуге құқылы.
      Байланыс қызметтерiн пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстарға уақытына қарай ақы төлеу жүйесi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы телефондық қосылыстарды есепке алудың сертификатталған есептегiшiн орнатуға құқылы.
       7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
       Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері

      37-бап. Байланыс операторларының қызметiнде тiлдер мен
               әлiпбилердi пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желiлерiнде байланыс операторларының қызметтiк iс жүргiзуi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының шегiнде жiберiлетiн жеделхаттар мен почта жөнелтiмдерiн жөнелтушi мен алушының мекен-жайлары жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде ресiмделуге тиiс.
      3. Жеделхаттың мәтiнi жөнелтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жазылуға тиiс.
      3-1. Ұялы байланыс операторы ақпараттық, шағын мәтіндік хабарламалардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуін қамтамасыз етеді.
      4. Байланыс желiлерi арқылы берiлетiн халықаралық хабарламалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келiсiмдерiнде айқындалатын тiлдерде өңделедi.
      5. Байланыс операторларының қызметiне қатысты ақпараттық, анықтамалық және басқа да мәлiметтер, сондай-ақ бланкiлiк өнiмнiң үлгiлерi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қолайлы жерге орналастырылады.
       Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Байланыс саласындағы есепке алу-есеп беру
               уақыты

      1. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерiне қарамастан, хабарламалар мен ақпаратты берудiң немесе қабылдаудың технологиялық процестерiнде байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақытын қолданады.
      2. Байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға байланыс қызметтерiн көрсету уақыты туралы хабарлау жергiлiктi уақыт бойынша жүргiзiледi.
      3. Халықаралық байланыстағы есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      39-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

      1. Байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Халықаралық қызметте уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi ретiнде өз құзыретi шегiнде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiне өкiлдiк етедi және қорғайды.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      40-бап. Байланыс операторлары мен байланыс қызметтерiн
               пайдаланушылардың жауапкершiлiгi

      1. Байланыс операторлары:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелетiн почта жөнелтiмдерiнiң жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бүлiнгенi (бұзылғаны) үшiн;
      2) жеделхат мәтiнi оның мағынасы өзгеретiндей бұрмаланғаны үшiн;
      3) жеделхаттың жеткiзiлмегенi немесе жеделхаттың белгiленген мерзiм өтiп кеткен соң жолданым иесiне табыс етiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Mүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
      Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұза отырып байланыс қызметтерiн көрсеткен байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушыға осындай бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге мiндеттi.
       1-1. Байланыс операторлары абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      2. Байланыс қызметiн пайдаланушы шарт талаптарын, жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзған, телекоммуникация желiсiнде сертификатталмаған жабдықтарды пайдаланған жағдайда, сондай-ақ байланыс қызметтерiне уақтылы ақы төлемеген жағдайда, жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн он күн өткен соң, байланыс операторы, осы Заңның 15-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, байланыс қызметiн пайдаланушы байланыс операторының кiрiс шығындарын және жабдықтардың бүлiнуi немесе тоқтап тұруы салдарынан байланыс операторына келтiрiлген зиянды өтей отырып, кемшiлiктердi жойғанға дейiн пайдаланушының байланыс желiсiне қол жеткiзуiн Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтата тұруға құқылы.
      3. Байланыс операторы хабарламаларды беру немесе қабылдап алу не почта жөнелтiмдерiн жөнелту немесе жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер мiндеттемелердiң осылайша орындалмауы немесе тиiсiнше орындалмауы байланыс қызметiн пайдаланушының кiнәсiнен не еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғаны дәлелденсе, жауап бермейдi.
       Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 178-IV Заңымен.

      41-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
               заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы

      1. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 26-бабының 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын және 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Байланыс туралы" 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 12, 396-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi