Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды ор

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 514 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағаларды (тарифтерді) реттеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ереже осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі - Оператор) қолданылады.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

      2) оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;

      3) активтердің реттелетін базасы - Оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;

      4) бөлектеп есепке алу - кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі;

      5) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі

      5. Оператордың қызметтеріне бағалар (тарифтер) қалыптастыру қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу (бұдан әрі - бөлектеп есепке алу) негізінде жүзеге асырылады.

      Қызметтерге бағалар (тарифтер) уәкілетті орган бекіткен тарифтеу бірлігі мөлшерінде қалыптастырылады.

      6. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:

      1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар;

      2) еңбек заңнамасына сәйкес персоналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге немесе Оператордың қызметтер көрсетуінде қолданысқа енгізілген активтерді сатып алуға жұмсалған шығындар.

      Инвестициялық жоба болмаған жағдайда — қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің қаржыландыру шарттарын растайтын құжаттардың болуы.

      7. Қызметтердің бағаларында (тарифтерінде) Оператордың жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті қаражат қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерді көрсету кезінде қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына табыс ставкасының шегінде ескеріледі.

      8. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар:

      1) қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемдер;

      3) үмітсіз борыштар; шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыппұлы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;

      4) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      5) талан-тараждан болған залалдар;

      6) өндіріске тартылмаған қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелерді (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстауға;

      7) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдары, оқу орындары объектілерін ұстауға;

      8) сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;

      9) ұйымдардың қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге алған қарыздарды өтеуге;

      10) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларына (демалыс кештерін, концерттер және басқаларды өткізуге);

      11) бақшалық серіктестіктерді (жол құрылысы, энергиямен және сумен жабдықтау, басқа да ұқсас шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыруға;

      12) демеушілік көмек көрсетуге;

      13) ақаудан болған ысырапқа;

      14) өндірістің вахталық ұйымдарын қоспағанда, пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстар, жатақхана мен қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға;

      15) мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілген сыйлықтарды сатып алуға;

      16) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеуіне жұмсалған шығыстар, басқа да өнімсіз шығыстар;

      17) қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстар ескерілмейді.

3. Бағаларды (тарифтерді) қарау және қолданысқа енгізу тәртібі

      9. Бағалардың (тарифтердің) жоғарлауын келісу немесе қайта енгізілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) келісу үшін Операторлар уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлама (өтінім) жібереді.

      10. Хабарламаға (өтінімге) мыналар қоса беріледі:

      1) бағаның жоғарылауының себептерін растайтын құжаттар (шикізат, материалдар, қызметтер құнының жоғарылауын растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);

      2) әрбір қызмет бойынша бағалардың (тарифтердің) жобасы;

      3) бухгалтерлік теңгерім;

      4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;

      5) тұтас алғанда ұйым бойынша және жеке алғанда қызметтердің әрбір түрі бойынша, шығындар баптары бойынша толық жаза отырып, бағалардың (тарифтердің) жобасын есептеу үшін қолданылатын шығыстар мен кірістер туралы жиынтық деректер;

      6) қолданылатын шикізат пен материалдар жұмсау нормалары, персонал санының нормативі туралы мәліметтер;

      7) инвестициялық бағдарламалар, олар болған жағдайда;

      8) ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін шығыстардың жылдық сметасы;

      9) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, негізгі құралдар құнының артуына алып келетін шығыстардың жылдық сметасы;

      10) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген қызметтерге амортизациялық аударымдардың есептемесі;

      11) қажетті есептемелері бар қызметтер бойынша шығындар мен қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алу деректері;

      12) өткен екі күнтізбелік жылдағы қызметтерге бағалардың (тарифтердің) салыстырмалы кестесі;

      13) есептеу әдісі көрсетілген қызметтерге бағалардың (тарифтердің) есептемесі.

      11. Оператор қызметтерге бағаларды (тарифтерді) төмендеткен кезде Оператор жазбаша түрде бес жұмыс күнінің ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.

      12. Уәкілетті орган хабарламаны (өтінімді) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Операторды хабарламаның (өтінімнің) қарауға қабылданғаны туралы немесе хабарламаны (өтінімді) қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде бас тартудың себептерін келтіре отырып, хабардар етеді.

      Оператордың хабарламасын (өтінімін) қарауға қабылдаудан бас тартудың себептері мыналар болып табылады:

      1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

      2) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну.

      13. Оператордың хабарламасын (өтінімін) уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртіппен алпыс күн ішінде қарайды. Бағалар (тарифтер) жобаларын қарау мерзімі хабарлама (өтінім) алынған сәттен бастап есептеледі.

      14. Уәкілетті орган қызметтерге бағаларды (тарифтерді) қарау кезінде мыналарға талдау жүргізуге құқылы:

      Оператор қолданатын қызметтер бірлігін ұсынуға шикізат, отын материалдарын, материалдық ресурстардың қуатын жұмсау нормаларына және (немесе) тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін Операторлар қолданатын нормалармен салыстыру жолымен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;

      ұқсас қызметтерді көрсететін Операторларға еңбекақы төлеу шығындарымен қоса Оператор персоналына еңбекақы төлеу шығыстарына;

      Оператордың қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) артуына едәуір әсер ететін басқа да шығыстарға.

      15. Хабарламаны (өтінімді) қарау негізінде уәкілетті орган бағаларға (тарифтерге) басқа Операторлардың, сондай-ақ ұқсас немесе осындай қызметтерді тұтынушылардың белгілі бір санаттарын анықтау үшін Оператордың өзінің ұқсас қызметтерінің бағаларымен (тарифтерімен) салыстырмалы талдау жүргізеді және ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

      16. Қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтау кезінде Оператордың шығындары мына жағдайларда есептелмейді:

      1) шығындарды бөлудің негізсіз есептемесінсіз және басқа негізсіз материалдарсыз, қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтайтын, бөлектеп есепке алудың (шығындар сметасының) жиынтық деректері ұсынылғанда;

      2) алдыңғы қаржылық кезеңдерімен салыстырғанда белгілі бір шығындардың өсу негізділігін растайтын материалдар мен құжаттар болмағанда.

      17. Оператордың қызметтерді ұсынумен байланысты нақты немесе жоспарланатын шығындарын салыстырмалы талдау және түзету негізінде Оператордың қызметтері бағасының (тарифінің) негізділігі анықталады.

      18. Оператордың қызметтеріне баға (тариф) негізділігін растау мақсатында уәкілетті орган Операторлар тиісті сұрау салуды алған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылатын ақпаратты сұрауға құқылы.

      19. Уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейін қарау нәтижелері бойынша оларды келісу немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейінің негізділігі болмаған жағдайда уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес хабарламаны (өтінімді) қарау мерзімінен кешіктірмей жазбаша түрде бағаларды (тарифтерді) келісуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, Операторға бас тарту туралы хабарлайды.

      21. Қызметтердің бағалары (тарифтері) келісілген жағдайда уәкілетті орган тиісті қызметтерге бағаларды (тарифтерді) қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде Операторга бұл туралы хабарлайды. Оператордың бағалары (тарифтері) уәкілетті орган белгілеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Оператордың қызметтеріне уәкілетті органның келісімінсіз бағаларды (тарифтерді) енгізуге жол берілмейді.

4. Қорытынды ережелер

      22. Операторлар, сондай-ақ қызметтерді бірінші рет көрсетушілер, осы Ереже қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қызметтерге бағаларды (тарифтерді) осы Ережеге сәйкес келтіреді және уәкілетті органға келісу үшін осы Ережеге сәйкес хабарлама (өтінім) жібереді.

      23. Оператор осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

  Қазақстан Республикасы уәкілетті
мемлекеттік органдарының, әскери
басқару, ұлттық қауіпсіздік және
ішкі істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
операторының мұқтаждықтары үшін
техникалық құралдарды орналастыруға
қажетті байланыс жолдары мен арналарын,
кәбілдік кәріздердегі арналарды және
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтеріне бағаларды (тарифтерді)
реттеу қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      4. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.04.2018 № 156 қаулысымен

      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.

  Қазақстан Республикасы уәкілетті
мемлекеттік органдарының, әскери
басқару, ұлттық қауіпсіздік және
ішкі істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
операторының мұқтаждықтары үшін
техникалық құралдарды орналастыруға
қажетті байланыс жолдары мен арналарын,
кәбілдік кәріздердегі арналарды және
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтеріне бағаларды (тарифтерді)
реттеу қағидаларына 2-қосымша

Бағалық реттеуге жататын Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 № 974 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды пайдалануға беру.

      2. Кабель кәріздеріндегі арнада кабель-орындарды пайдалануға беру.

      3. Антенна-діңгек құрылыстары мен тіреуіштердегі орындарды жалға беру.

      4. Аналогтік және цифрлық қалааралық және аймақішілік арналарды жалға беру.

      5. Жалғастырушы желілерді жалға беру.

      6. Түзу сымды жалға беру.

      7. "Деректерді берудің арналық және/немесе желілік деңгейінде байланыстың жерүсті цифрлық арналарын жалға беру.

      8. "KazSat-2", "KazSat-3" ғарыш аппараттары транспондерлерін және/немесе транспондерінің сыйымдылығын жалға беру.