Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 347 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.10.2018 № 679 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметтерін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.10.2018 № 679 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 сәуірдегi
№ 347 қаулысымен
бекiтiлген

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.10.2018 № 679 қаулысымен; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.10.2020 № 701 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi.

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi.

      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.