Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2017 № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына конкурс өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1012 қаулысымен бекiтiлген |
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету
құқығына конкурс өткiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және байланыс саласындағы уәкілетті органның телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына конкурс өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Конкурсты өткiзу мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация қызметтерiнiң оған Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ең аз тiзбесiн кез келген елдi мекенде байланыс қызметiнiң кез келген пайдаланушысына белгiлi бiр мерзiмде белгіленген сапада және осы қызметтiң қолжетiмділiгiн қамтамасыз ететiн баға деңгейiнде көрсету жөнiндегi мiндеттi жүктеу үшiн әмбебап қызмет көрсететiн операторды айқындау болып табылады.
2. Конкурсты өткiзу тәртiбi
3. Конкурсты байланыс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - ұйымдастырушы) ашық түрде жүргiзедi.
4. Конкурсты өткiзу мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:
1) заңдылық;
2) адал бәсекелестiк;
3) әдiлдiк;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң теңдігі;
5) конкурсты өткiзу үшін қажет болып табылатын басқа да қағидаттар.
5. Конкурс тендер өткiзу жолымен жүргiзіледi. Конкурстың өткiзiлуi басталғанға дейiн ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы күнiне дейiн 30 күннен кешiктiрмей, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың өткiзiлуi туралы хабарландыру жариялайды.
6. Хабарландыру өзiне мынадай мәлiметтердi қамтиды:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) конкурсты өткiзу уақыты, күнi және орны;
3) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету үшiн қажетті телекоммуникация қызметтерiнiң ең аз тiзбесi;
4) конкурсты өткiзу шарттары;
5) конкурстық құжаттарды алу орны мен тәсiлi;
6) ұйымдастырушының конкурсқа қатысушыларға қоятын бiлiктiлiк талаптары;
7) конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн өзге де қажетті ақпарат.
3. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртiбi
7. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерiнен тұрады.
8. Комиссия мүшелерiнiң құрамын конкурсты ұйымдастырушы бекiтедi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды (үштен тоғызға дейiн) құрауы тиiс.
9. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасар орындайды.
10. Конкурстық комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.
11. Конкурстық комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
12. Конкурстық комиссия шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.
Конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын белгіленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайды.
4. Конкурсты өткiзу ерекшелiктерi
13. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiндiгі болмаған жағдайда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсетудi комиссия монополияға қарсы саясат саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша "Байланыс туралы" Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдермен айқындалған шарттарда осы аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнiң қызметтерiн көрсететiн басым байланыс операторына жүктейдi.
5. Қорытынды ережелер
14. Конкурстарды өткiзу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
15. Конкурсты ұйымдастырушы мен жеңiмпаздың арасында жасалған шарттардың орындалуын бақылауды конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.