Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 40 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5575 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 499 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.11.2018 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту Ережелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифті реттеу Департаменті (Наметчаев Т.К.):

      1) осы бұйрыктың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және оны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевка жүктелсін.

      4) Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қ. Есекеев


  Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 29 қаңтардағы
N 40 бұйрығымен
бекітілген

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне
тарифтерді (бағаларды) бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Ереже телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту және енгізу тәртібін реттейді.

      3. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:

      1) әмбебап қызмет көрсету операторы (бұдан әрі - Оператор) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникацияның әмбебап қызметiн көрсету бойынша міндеттеме жүктелген, ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiнде байланыс қызметiн көрсететiн байланыс операторы;

      2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi - кез-келген елдi мекенде байланыс қызметiнiң кез-келген пайдаланушысына белгiлi бiр мерзiмде белгiленген сапада және осы қызметтiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн баға деңгейiнде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшiн мiндеттi болып табылатын, уәкiлеттi органмен әзiрленетін және Қазақстан Республикасы Yкiметiмен бекiтілетін, телекоммуникация қызметтерiнiң минималды тiзбесi;

      3) уәкiлеттi орган - байланыс саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, байланыс қызметтерін көрсететiн немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган.

      Берілген Ережеде пайдаланылатын өзге де түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту мынадай қағидаларға негізделіп жүзеге асырылады:

      1) бұл қызметтерді пайдаланушыларға, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың төлем қабілеттілігін есепке ала отырып, сұранысын қанағаттандыру;

      3) телекоммуникацияның әмбебеп қызметтерін көрсетумен байланысты әмбебап қызмет көрсету операторларына шығындарын субсидиялау.

2. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне
тарифтерді (бағаларды) бекіту тәртібі

      5. Телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне тарифтер (бағалар) уәкілетті органмен күнтізбелік жылда бір рет бекітіледі.

      6. Телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне тарифтер (бағалар) тиісті телекоммуникация қызметтерінің әрбір түрі үшін уәкілетті органмен белгіленген тарифтеу бірліктерінің мөлшерлерінде бекітіледі.

      7. Телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне тарифтер (бағалар) осы тарифтердің (бағалардың) телекоммуникация қызметтерінің тиісті нарығында бәсекелестікті дамытуға осы тарифтердің (бағалардың) ықпалын есептей отырып бекітіледі.

      8. Халықтың жекелеген санаттары үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтер (бағалар) олар төлем қабілеттілігін есепке ала отырып бекітіледі.

      9. Телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      10. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің Тізбеден телекоммуникацияның әмбебеп қызметтерінің қандай да түрін белгіленген тәртіпте шығарған жағдайда, әмбебап қызметтерінің операторлары үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің осы түріне тарифтердің (бағалардың) әрекеті тоқтатылады.

      11. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтердің (бағалардың) енгізілуі, уәкілетті органның шешімінде көрсетілген айдың бірінші күнінен бастап іске асырылады.

      Қажеттілігіне қарай, уәкілетті орган телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтердің (бағалардың) қолданылу мерзімін өз шешімінде көрсетеді.

      12. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) бекіту туралы шешім оларды қолданысқа енгізгенге дейін жиырма бес күннен кешіктірмей, уәкілетті органмен әмбебап қызмет көрсету операторына жолданады.

      13. Әмбебап қызмет көрсету операторы телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне бекітілген тарифтер (бағалар) туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгізгенге дейін он бес күннен кешіктірмей, халықтың назарына жеткізеді.

      14. Әмбебап қызмет көрсету операторы тарифтерді (бағаларды) қолданысқа енгізгенге дейін бес жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға телекоммуникацияның әмбебеп қызметтеріне бекітілген тарифтер (бағалар) туралы халықты ескерткендігі туралы ақпаратты ұсынады.