Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.
      3. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты береді;»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚХБО желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, Телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ҚХБО мәртебесiн берген сәтте байланыс операторының иелігіндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      7. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсынатын байланыс операторының техникалық персоналына қойылатын бiлiктілiк талаптары:».
      4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы № 1620 қаулысымен
бекітілген       

Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін өтініш берушінің біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Қызметтің барлық кіші түрлері үшін

1.

Заңды тұлғаның мәртебесі

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі

«е-лицензиялау» МДБ қолдануымен тексеріледі

2.

Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

Тиісті білімі және мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі

Басшының қолы және мөрі қойылған тізім



Дипломдардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмесі немесе электрондық құжаттар*



Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*



Еңбек кітапшаларының немесе келісімшарттарының немесе еңбек шарттарының көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*



Байланыс саласында даярлау және біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктер немесе сертификаттар

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

3.

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесімен байланыс операторының деректерді берудің өлшем жүйесі «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және  19-баптарыныңталаптарына сәйкес қолданыстағы тексеру сертификаты трафикті есепке алу жүйесі болуы тиіс

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінен үзінді көшірме

«Өлшем құралы» электрондық тізілімін қолданумен тексеріледі

Қолданыстағы тексеру сертификаттарының көшірмесі

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

4.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар ақпараттық-бағдарл амалық және техникалық құралдар

Сәйкестік сертификаттары

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізетін ҚР ҰҚК келісім хаты

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

5.

Байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары

Жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсыну үшін

6.

Спутниктік байланыстың жердегі станциялары

Жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Сәйкестік сертификаттары

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

7.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен қиылысу нүктелерінің техникалық әзірлігі

Спутниктік жылжымалы байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдер мен хаттамалардың немесе өзге құжаттардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Ұялы байланыс қызметтерін ұсыну үшін (стандарт атауын көрсетумен)

8.

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат

Радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмелері

«е-лицензиялау» МДБ қолданумен тексеріледі

Қалааралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну үшін

9.

Магистралдық байланыс желілері

Жылжымайтын мүлік объектісі болып табылатын байланыс желілерін пайдалануға беру актілерінің сатып алу сату шарттарының көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну үшін

10.

Магистралдық байланыс желілері

Жылжымайтын мүлік объектісі болып табылатын байланыс желілерін пайдалануға беру актісінің сатып алу сату шартының көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

11.

Қазақстан Республикасы аумағындағы басқару орталығы

Жеке меншік құқықтарын растайтын құжаттардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

12.

(Өтініш берушінің қатысушылары) акционерлер арасындағы акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлесін) бөлу бойынша ақпарат

Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының және бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестік қатысушыларының тізілімінің көшірмесі)

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

13.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен қиылысу нүктелерінің техникалық әзірлігі

Шарттардың немесе хаттамалардың кейіннен Трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын ниет туралы өзге құжаттардың көшірмелері

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Өтініш беруші басшысының қолы және мөрі қойылған шетелдік байланыс операторларымен қиылысудың географиялық координаталары көрсетілген хаты

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмесі немесе электрондық құжат*

14.

Басқару орталықтарының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесімен техникалық қосылу әзірлігі

Телекоммуникациялар желілерін орталықтан басқару жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «ТСТСТО» РМК-ның келісім хаты

300 нүктелік дюйм мүмкіндігімен сканерленген монохромды режимдегі қағаз тасығыштағы құжаттар көшірмесі немесе электрондық құжат*

      Ескертпе:
      * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымының ережесінде белгіленген тәртіппен құрылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған.
      Аббревиатураның толық жазылуы:
      «е-лицензиялау» МДБ - «е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры;
      ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
      «ТСТСТО» РМК – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы № 1620 қаулысына
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Байланыс саласында қызметтер көрсетуді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 169-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 410-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 және 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 191 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 181-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат).
      5. «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін және байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 142-құжат).