"Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып белгіленсін.
2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |