Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлу және меншіктеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 15 шілдедегі N 146-б, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 413 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу 3042

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы  N 434  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
______________________

      Бухгалтерлiк есеп және аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша ұйымдардың жыл сайынғы аудитiн тиiмдi жүргiзу мақсатында бұйырамын:
      1. "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары нормативтiк құқықтық актiлерiнiң  бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 25, "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396  бұйрығымен  өзгерiстер енгiзiлген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген аудиторлық ұйымдардың тiзiмiнде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "6. "BDO Қазақстан аудит"    Алматы қаласы лицензиясының
          жауапкершiлiгi шектеулi  сериясы МФЮ N 0000276".
          серiктестiгi
      2. Бухгалтерлiк есеп және аудит департаментi:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiмде осы бұйрықтың ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық pecми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Министр