Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелерiндегi)», «су тоғандарында (учаскелерiнде)», «су тоғандарын (учаскелерiн)», «су тоғандарының (учаскелерiнiң)», «су тоғандары (учаскелерi)», «су тоғандарына (учаскелерiне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi», «су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерiн», «су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң», «су айдындары және (немесе) учаскелерi», «су айдындарына және (немесе) учаскелерiне» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
      2) аншлаг – балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің және (немесе) учаскелердің атаулары мен шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды белгілейтін маңдайша жазу;
      3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
      4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) учаскелерi;
      6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама;
      7) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
      8) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
      9) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылық ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық шаруашылықтарының аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша сыныптамалық бөліну бiрлiгi;
      10) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
      11) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
      12) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
      13) балық өсіру – сирек кездесетін және құрып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін және (немесе) кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды түрде молайту және өсіру жөніндегі акваөсіру бағыты;
      14) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
      15) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
      16) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
      17) балық шаруашылығын ұйымдастыру – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін түгендеу, паспорттандыру жөніндегі іс-шаралар кешені, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алдын ала бағалау, сондай-ақ олардың негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректеріне жыл сайынғы түзету жасалатын балық-су-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын әзірлеу;
      18) балық шаруашылығы субъектісі –қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
      19) балықтың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
      20) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
      21) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін белгіленген нысандағы құжат;
      22) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, балықтардың жалпы жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға және жануарлар дүниесінің басқа да объектілерін алып қоюға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті шаруашылық және өзге де қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
      23) биологиялық-экономикалық тексеру – жануарлар дүниесi объектiлерiн жол берiлетін алып қоюды айқындау әрi аңшылық және балық шаруашылықтарын ұтымды жүргiзу мақсатында аумақ пен акваторияны биологиялық және экономикалық бағалау;
      23-1) дериват – жануардың туынды түрі және одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім.
      24) жалпы жол берілетін ауланым – жылдық кәсіпшілік қорынан алып қоюдың ағымдағы жай-күйіне және осы қор үшін қабылданған пайдалану стратегиясына сәйкес келетін оның ғылыми негізделген мөлшері;
      25) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
      26) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
      27) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою - жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың негiзiнде табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн жануарларды мекендеу ортасынан айыру (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
      28) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру – жануарлар дүниесi объектiлерiн ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
      29) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      30) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      31) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетi сақталатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
      32) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану;
      33) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын беретiн белгiленген нысандағы құжат;
      34) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
      35) жануарлар дүниесі ұшырамай қалмайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен жойылмайтын қалдықты зиян;
      36) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
      37) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
      38) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
      39) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
      40) жануарларды будандастыру – озық шаруашылық пайдалы белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
      41) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу саласынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген немесе өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
      42) жерсіндіру – жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
      43) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат;
      44) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде жабайы жануарлар зоопарктерiнiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
      45) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
      46) кәсіпшілік қоры – өз бетінше кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;
      47) кездейсоқ ауланым – рұқсаттамаларда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
      48) криоконсервіленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөлу мақсатында немесе басқа да ғылыми-зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралы жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;
      49) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызмет қызметкерi;
      50) қорықшы куәлігі – жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;
      51) қорықшылық қызмет – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар  дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлiмшесi;
      52) өзен (теңіз, көл) бассейні – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;
      53) паспорттандыру – аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, алаңдарын, жай-күйін, жануарлар дүниесінің түр құрамын, ластану көздерін және өзге де сипаттамасын айқындауға мүмкіндік беретін олардың есебі;
      54) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
      55) сервитут – аңшылық және балық шаруашылығының қажеттері үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
      56) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;
      57) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
      58) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;
      59) ұйық (ұйықтық учаске) – кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар өзен және өзге де ағынды су айдыны учаскесі;
      60) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын бекiтiп беруге дейiн жүргiзiлетiн жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның шекараларын белгiлеу, алаңын есептеу, жай-күйiн анықтау;
      61) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн
              қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары

      1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;
      2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
      3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
      4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;
      5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
      6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.
      2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi
              объектiлерiне меншiк

      1. Жануарлар дүниесi мемлекеттiк меншiкте болады.
      2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.

      5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады.

2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқару

      6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың
              негiзгi принциптерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
      1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
      3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
      4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
      5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
      6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
      7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.

      6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды
                және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі

      Жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
      5) жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер;
      6) жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
      8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері кіреді.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      6-2-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
                пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару
                органдары мен лауазымды адамдар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын
              қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
             мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

      8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар
              дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
      3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;
      6) Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi - әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;
      6-1) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешім қабылдайды;
      6-2) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың түрлерін алып қою туралы шешім қабылдайды;
      6-3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған  лимиттердi  бекiтедi;
      7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квотаны бөлу тәртібін белгілейді;
      8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін бекітеді;
      9) аң аулаубалық аулау ережелерiн бекiтедi;
      10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
      11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
      12) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;
      13) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      14) алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-1) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын сатып алуға төлемақы белгілейді, оның мөлшері балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделері ескеріле отырып анықталады;
      14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу тәртібін айқындайды;
      15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
      15-1) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру тәртібін бекітеді;
      15-2) жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ережені бекітеді;
      16) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
      17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      17-1) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн халықаралық саудалауға шектеулер енгiзедi;
      17-2) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
      18) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
      20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
      23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      24-1) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      24-2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртiбiн бекітедi;
      24-3) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;
      24-4) дериваттар тізбесін бекітеді;
      25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
              пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын
              уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің
              және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік
              органдарының құзыретi

      1. Уәкілетті орган:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
      3) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн бекiтедi;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;
      7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) жануарлар дүниесiнің мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi;
      9) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
      10) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн айқындайды;
      11) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді;
      12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;
      13) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерiн бекiтедi;
      14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгi ережені әзiрлейді;
      15) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
      16) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн айқындайды;
      17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгiлейдi;
      18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
      19) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді;
      20) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін белгілейді;
      22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
      23) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;
      24) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;
      25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекітеді;
      26) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды және оның мониторингiн жүргiзедi;
      27) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;
      30) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді жүзеге асырады;
      31) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
      32) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
      33) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;
      34) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
      35) жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;
      36) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;
      37) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау ретінде) қолдануға арналған рұқсаттар береді;
      38) бақылау үшін аулауды, интродукциялау мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;
      39) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
      40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
      41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      43) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
      43-1) дериваттар тізбесін әзірлейді;
      44) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын белгілейді;
      45) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға келiсім беруді жүзеге асырады;
      46) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне келiсім беруді жүзеге асырады;
      47) сирек кездесетiндерін және құрып кету қаупi төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат береді;
      48) балықтарды жерсiндiруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
      49) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
      50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      51) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Аумақтық бөлімшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк
               басқару органдарының құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
      3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiтедi;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      5) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөледі;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу,
               оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар дүниесi түрлерiнiң жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.

      11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
                 пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.
      2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
      3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бағалармен өтемді негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.
      4. Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

      12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
               негiзгi талаптар

      1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
      1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;
      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;
      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
      5) жануарларды, оның iшiнде сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген негiзгi талаптар мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау:
      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
      3) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
      8) жануарларды жасанды түрде өсiру;
      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
     10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-бапқа орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту
               мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен
               тыйым салулар белгiлеу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:
      1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;
      2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;
      3) алу нормаларын өзгерту;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;
      5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу белгіленеді.
      2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:
      1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;
      2) жануарлар санының азаюы;
      3) мекендеу ортасының нашарлауы;
      4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi негiз болып табылады.
      3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:
      1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
      2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметр бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;
      3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;
      4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;
      5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;
      7) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың жұмыртқаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алуға;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс аулауға;
      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;
      10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн қыру кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының iндетi жағдайларында уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;
      11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алуға;
      12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге тыйым салынады.
      4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету
               қаупi төнген түрлерiн қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсiру және кейiннен мекендеу ортасына шығару үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ғылыми және өзге де мақсаттарда жол берiледi.
      4. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң қырылуына, санының азаюына немесе мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соғатын iс-әрекеттерге жол берiлмейдi.
      5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерін әкiмшiлiк органының рұқсатынсыз қолда ұстауға, тасымалдауға, сатуға, сатуға шығаруға және сатып алуға, сондай-ақ оларды әкелу мен әкетуге тыйым салынады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық
               тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды
               қолдану кезiнде жануарларды қорғау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.

      17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен
               жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн
               ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
               жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау
               жөнiндегi iс-шаралар

      1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар
               дүниесін қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды
               түрде өсiру

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және көбейту;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) жануарларды интродукциялау;
      4) жануарлар дүниесi объектiлерiн кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санын оларды кейiннен мекендеу ортасына шығару арқылы сақтау және көбейту мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлері енгiзiлген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      3-1. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгiзiлген, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген жануарлар түрлерi әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      4. Жануарлар дүниесi объектiлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды түрде өсiру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
      Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
      6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      20-бап. Жануарларды интродукциялау мен будандастыру,
               оларды Қазақстан Республикасына әкелу және
               Қазақстан Республикасынан әкету

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды интродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.
      2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау мен будандастыруға биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметінің шешiмi бойынша жол берiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      20-1-бап. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына
                 балықтар жіберу

      1. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына балықтар жіберу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және
               басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген
               жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.
      2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.
      3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.
      4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:
      1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
      2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
      3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу;
      6) биологиялық саналуандылықты сақтау жөнiндегi шараларды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды негiздеу;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
      8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін балық шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
      4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңдары мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады. P031303
      6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

      24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
      1) аң аулау;
      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
      1) аңшылық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
      2) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзiмдер белгiленедi.
      Көрсетілген мерзімдер биологиялық-экономикалық тексерудiң, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру кезеңiне қарай белгіленеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесiн пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
      1-1. Алынып тасталды - ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-2. Рұқсат беруден:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз),  ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Заңдарымен.

      27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың
               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
      3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге;
      4) жолдама беруге;
      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.
      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
      4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзуге;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге;
      9) биологиялық-экономикалық тексерулердiң нәтижелерiне сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;
      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға;
      11) мыналарды жүзеге асыру үшін:
      бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;
      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;
      12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;
      13) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң жағалау шекараларын белгілермен және аншлагтармен белгiлеуге;
      14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
      15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
      16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;
      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.
      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер
               мен квоталар

      1. Жануарларды алу лимитi - жануарларды олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алудың жол берiлетiн шектi көлемi.
      Жануарларды алу лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су тоғандарын мекендейтiн жануарларды алу лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
      2. Жануарларды алып қою квотасы – аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін, мелиорациялық, эксперименттік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілі бір мерзімге белгілеген жануарларды алып қою лимитiнiң бөлiгі.
      Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулап алудың жалпы лимитіне кірмейді.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың
               негiздерi

      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
      1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
      3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу;
      6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы нормативтер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.

5-тарау. Aң аулау

      32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi

      1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
      Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен қыран құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
      2. Аң аулау:
      1) кәсiпшiлiк аң аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау болып бөлiнедi.
      3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
      4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
      5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

      33-бап. Аң аулау құқығы

      1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:
      1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;
      2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, иттер мен қыран құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;
      3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;
      4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.
      2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының негiзiнде туындайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

6-тарау. Балық аулау

      34-бап. Балық аулау түрлері

      1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кәсіпшілік балық аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
      4) бақылау үшін аулау;
      5) мелиорациялық аулау;
      6) өсімін молайту мақсатында аулау;
      7) эксперименттік аулау.
      2. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
      Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
      Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Жағалауда аулау – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Теңізде аулау – бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Уәкілетті орган белгілеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
      4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Ғылыми-зерттеу үшін аулау кез-келген уақытта және жануарлар дүниесін пайдалануға уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде бүкіл су айдындарында кез-келген аулау құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ғылыми-зерттеу үшін аулау көлемін уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тиісті ғылыми ұйымның әрбір ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша аулау квотасының шамасын негіздеуі негізінде белгілейді.
      Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
      5. Бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      6. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсiпшiлiк қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсiпшiлiк қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
      7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
      8. Эксперименттік аулау - балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау ережелерінде айқындалады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      35-бап. Балық аулау құқығы

      1. Кәсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
      1) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты;
      2) уәкiлеттi органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде берiледi.
      2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық және эксперименттік аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде берiледi.
      3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      36-бап. Жасанды әдiспен жасалған су тоғандарында балық
               шаруашылығы қызметiн реттеудiң ерекшелiктерi

      Өздерi жасаған жасанды су тоғандарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иесi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларға иелiк етедi.

7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу

      37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын
               беру

      1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген шешiмiнiң, уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының негiзiнде берiледi.
      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп берусіз балық шаруашылығын жүргiзуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесi объектiлерiн квота шегiнде алып қою құқығын жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейiн немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
      3. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілеріне бекiтiп беру мерзiмi өткен кезде олардың осы аумақтар мен акваторияларды қайта бекiтіп алуына басымдығы болады.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Аңшылық алқаптар

      1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.
      Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.
      2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау және тиiстi сервитуттар белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру мен биологиялық-экономикалық зерттеу нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.
      4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.
      5. Мына жағдайларда:
      1) аңшы куәлiгiнсiз;
      2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген иттердi және қыран құстарды қолданып;
      4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;
      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
      6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
      7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;
      8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
      9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);
      10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
      11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында аң аулауға тыйым салынады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе)
               учаскелерi

      1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.
      Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге олар сәйкес келген жағдайда балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің құрамына енгізілуі мүмкін.
      2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
      3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.
      Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.
      Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.
      3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемесі болған кезде акваөсіру мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін.
      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
      4. Балық шаруашылығы су тоғандарында:
      1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;
      2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;
      3) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) ашуға, салдар мен қалқымалар орнатуға;
      4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
      5) балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;
      6) балық аулау ережелерiнде белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;
      7) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз балық шаруашылығы  су айдындарында және (немесе) учаскелерiндесуда жүзетiн құстар өсiруге және құндыз өсiру немесе басқа кәсiпшiлiк мақсатта мелиорациялық жұмыстар жүргiзуге;
      8) мұз қатқан кезеңде балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті органның келісімінсіз көлік және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен баруға;
      9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
      10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
      11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органмен келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынады.
      5. Мына жағдайларда:
      1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткiзу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен арналардың сағалары алдында;
      2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмiрлерi көрсетiлмеген жүзу құралдарымен;
      5) балық аулау құқығын беретiн рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген жапсырмалары жоқ балық аулау құралдарымен;
      6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;
      7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
      8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсiлдермен;
      9) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлері мен тәсiлдерін қолданумен, сондай-ақ ұясы рұқсаттарда көзделгендерден кем мөлшердегі аулау құралдарымен;
      10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;
      11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртiппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
      12) кәсiпшiлiк балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
      13) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орындарда және мерзімде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
      14) жарылғыш және уландыратын заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
      15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

      1. Сулы-батпақты алқаптар – табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңiз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсiмiн молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.
      2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.
      3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.
      4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.
      5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі шаралар көзделеді.
      6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.
      Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су
               айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру
               тәртiбi

      1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.
      Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын комиссия өткiзедi.
      Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттандыру, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады.
      Жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлмей-ақ және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз соларға бекiтiп берiледi.
      Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз қайта бекітіп беріледі.
      Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.
      Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.
      2. Бекітіп беру:
      1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында – он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
      3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.
      3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қосымша шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыруды және балық шаруашылығын ұйымдастыруды өткізбей-ақ - алдыңғы тексерулер материалдарының негізінде қайта бекітіп беріледі.
      4. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мүдделi жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын
               жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану

      Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк
               және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде
               зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану

      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      43-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту
               саласындағы мемлекеттiк мекемелер мен
               кәсiпорындар

      Қазақстан Республикасының Үкiметi жануарлар дүниесiнiң саны азаюға ұшыраған жекелеген түрлерiнің популяциясын қорғауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелердi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру үшiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды құрады.

8-тарау. Жануарлар санын реттеу

      44-бап. Жануарлар санын реттеудiң мақсаттары

      Жануарлардың санын реттеу:
      1) халықтың денсаулығын сақтау;
      2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;
      3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;
      4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

      45-бап. Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын
               реттеудiң негiздерi

      Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеудiң негiздерi:
      1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
      2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
      3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
      4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      46-бап. Жануарлардың санын реттеудiң тәртiбi

      Жануарлардың санын реттеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

      47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
               және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды
               қаржыландыру

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды
               және орнықты пайдалануды экономикалық
               ынталандыру

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттiк қолдау) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

      49-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері:
      1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
      4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау
               объектiлерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiлерi:
      1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;
      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстаудың шарттары;
      3) жануарлар дүниесiн аулау құралдары;
      4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт және рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журналы);
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;
      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;
      8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды
               жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      5. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары - лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      6. Ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары - лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерiн қадағалайтын мамандары - тиiстi облыстың (бассейннің) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды
               жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
               мен мiндеттерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
      1) объектілерге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
      2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
      7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
      7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
      7-2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
      9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
      10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік атыс қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
      2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
      3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
      4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
      5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
      7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
      8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
      9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды
               жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның
               аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының
               актiлерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      1-1) тексеру актiсi;
      2) мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;
      жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
      3) мынадай:
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды
               жүзеге асыратын уәкілетті органның және аумақтық
               бөлімшелердің лауазымды адамдарын құқықтық және
               әлеуметтiк қорғау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердің қызметкерлерiнен құралады.
      2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
      1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
      2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
      5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және атыс қаруын алып жүру құқығы берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.
      4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
      6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
               және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметi.
      2. Қорықшылардың:
      1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
      2) қорықшы қызметінің айырым белгілері бар арнаулы киімін киюге, атыс қаруын алып жүруге құқығы бар.
      3. Қорықшылар бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

      58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн
               қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
               заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

       59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы дауларды шешу

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
               пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың:
      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті