Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 462 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3202. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 121-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 14.05.2013 № 121-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасының
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы
күрес жөніндегі Агенттік
(қаржы полициясы)
Төрағасы
2004 ж. 19 тамыз

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2004 ж. 4 тамыз

Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау Агенттігі
Төрағасы
2004 ж. 27 тамыз

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2004 ж. 11 тамыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 493 "Қазақстан Республикасында өндірілетін бекіре балықтары түрлерінің уылдырығы саудасын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы"  қаулысына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырылған Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайластықпен күрес жөніндегі (қаржы полициясы) Агенттігімен, Қазақстан Республикасы кедендік бақылау комитеті Агенттігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне жүктелсін (Мұсатаев М.Х).
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын қатынастарға таралады.

       Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрі

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы Министрінің   
"Қазақстан Республикасында ішкі 
және сыртқы сауда үшін бекіре  
тұқымдас балықтар уылдырығын  
таңбалау Ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 31 тамыздағы     
N 462 бұйрығымен бекітілген  

  Қазақстан Республикасында ішкі және
сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар
уылдырығын таңбалау
ережесі

      Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау ережесі (бұдан әрі - Ереже)  "Қазақстан Республикасының құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 493 "Қазақстан Республикасында өндірілетін бекіре балықтары түрлерінің уылдырығы саудасын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы"  қаулысына сәйкес әзірленді.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін белгіленген үлгідегі арнайы марканың ендірілуімен бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалаудың біркелкі жүйесін белгілейді.

      2. Ереженің күші бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын (бұдан әрі - уылдырық) саудалаумен айналысатын барлық заңды және жеке  тұлғаларға таралады.

      3. Ішкі саудаға арналған марканың құны дайындау мен алушыға жеткізу есепке ала отырып анықталады.

      4. Таңбалауға жауапты болып ішкі және сыртқы рынокта уылдырықты саудалаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар саналады.

      5. Ішкі саудаға арналған маркаларды осы Ережеде белгіленген тәртіппен алынған маркалардың пайдаланылуын бақылайтын Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік орган (одан әрі - Әкімшілік орган) береді.

      6. Сыртқы саудаға арналған маркаларды Әкімшілік орган уылдырықты экспорттауға өтінім берген заңды тұлғалардың ұсынысымен бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының транзиттік тауар кедендік режімінен басқа уылдырық түрлерінің барлығы міндетті түрде таңбаланады.

  2. Марканың түрі мен үлгісі

      8. Мынадай марка түрлері белгіленеді:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі саудасына арналған;
      2) сыртқы саудаға арналған.

      9. Ішкі сауда маркасының нысаны осы ереженің 1 Қосымшасына сәйкес орталықтандырылған түрде, қорғаныс дәрежесі бар типографиялық тәсілмен дайындалады.

      10. Сыртқы саудаға арналған маркамен уылдырық салынған бірінші және екінші сыйымдылықтар таңбаланады. Бірінші сыйымдылық болып уылдырықпен тікелей түйісетін ыдыс, ал екінші сыйымдылық болып бірінші сыйымдылық орналасқан ыдыс табылады.
      Бірінші сыйымдылыққа желімделуге арналған маркаларда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      1) уылдырық алынған бекіре тұқымдас балық түрі;
      2) уылдырық алынған бекіре тұқымдас балық түрінің өмір сүру ортасы (табиғи немесе басыбайлы жағдайда);
      3) өндіруші елдің екіәріптік коды (ISO);
      4) уылдырық алынған бекіре тұқымдас балық түрінің ауланған жылы;
      5) уылдырық өндірген зауыттың тіркеу нөмірі;
      6) уылдырық салынған ыдыстың салмағы;
      7) топтама нөмірі.
      Екінші сыйымдылыққа желімделуге арналған маркаларда қосымша бірінші сыйымдылық саны, сонымен қатар екінші ыдыстың нөмірі көрсетіледі.

      11. Уылдырық салынған ыдысты ашқан кезде марка бүлінуі тиіс. Желімделген марка үстінен жылтыр материалдан дайындалған капсулды қоспағанда, қандай да болмасын басқа капсул пайдалануға тыйым салынады.
      Марканы желімдеу кезінде марканы тауардан бүлдірмей алуға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылуы тиіс. Марканы желімдеуге арналған желім жоғары және төмен температураларға, әр түрлі ылғалдықта кеуіп және тауардан ажырап кетпеуге төзімді, марканың қайта қолданылуын болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Марканы алу тәртібі

      12. Қазақстан Республикасының ішкі саудасына арналған марка алуға өтінім (одан әрі - өтінім) Әкімшілік органға жіберіледі.

      13. Өтінімде:
      1) уылдырық түрінің орыс және латын тілдеріндегі атауы;
      2) уылдырықтың тегі (дайындалған орны, сатып алынған, тәркіленген және т.б.);
      3) өтінім берушінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекен-жайы (жеке тұлға үшін - тұрғылықты жерінің адресі, тұлғаны куәландыратын құжат), қатынастық телефондары/факстары көрсетілуі тиіс.

      14. Өтінімге өтінім беруші қол қояды.

      15. Өтінімге уылдырықтың алынуын, бекіре тұқымдас балық түрлерінің аулануының заңдылығын немесе жасанды жағдайда өсірілгенін дәлелдейтін нотариалды куәландырылған келесі құжаттар қоса беріледі:
      1) құрылтайшы құжаты мен заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның уылдырық алынған бекіре тұқымдас балық түрлерінің заңды ауланғанын дәлелдейтін анықтамасы;
      4) егер бекіре тұқымдас балық түрі басыбайлы жағдайда туса немесе жасанды жолмен өсірілсе, басыбайлы жағдайда өсірілгені туралы немесе жасанды жағдайларда алынғаны туралы Әкімшілік органның уәкілетті өкілі куәландырған анықтама;
      5) меншік құқығын дәлелдейтін құжаттар;
      6) уылдырықты шеттен әкелу ниетін дәлелдейтін келісім-шарт;
      7) экспорттаушы елдегі Әкімшілік органның рұқсаты;
      8) егер уылдырық тәркіленген болса, тиісті уәкілетті органдардың сот шешіміне сәйкес толтырған актісі;
      9) саудалауға арналған уылдырықтың Қазақстан Республикасының ветеринарлық заңнама талаптарына, сапа туралы мемлекеттік стандартқа сәйкестігін дәлелдейтін құжат;
      10) марка үшін төлемақы төленгендігі туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
      11) салық төлеушінің куәлігі - тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы құжат (СТН).

      16. Әкімшілік орган өтінім берушіден бекіре тұқымдас балық түрлерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қосымша мәліметтерді сұрата алады.

      17. Әкімшілік орган 30 күн ішінде өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарайды және марка береді не дәлелді бас тарту құжатын жібереді.

      18. Берілген маркалар Әкімшілік органға қайтаруды қоспағанда қайта сатуға, өзге ұйымдар мен тұлғаларға беруге немесе басқа нысанда иеліктен айыруға жатпайды.

      19. Маркалар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенім хатымен басқа тұлғаға марка есебі жорналына қол қойдыру арқылы беріледі.

      20. Марканы берген кезде Әкімшілік органның материалды жауапты тұлғасы үш дана етіп жүкқұжат жазады. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі.
      Жүкқұжатта келесі мәліметтер көрсетіледі:
      1) жинақ маркасының берілген күні;
      2) заңды тұлғаның атауы;
      3) жеке тұлғаның аты-жөні;
      4) алушының аты-жөні, төлқұжат мәліметтері;
      5) келісім-шарттың нөмірі мен күні;
      6) марканың түрі, нөмірі және саны.

      21. Алушыларға марка беру өтінімде көрсетілген саны мен түріне сәйкес жүргізіледі. Өтінім берушілер жаңа күнтізбелік жыл басталуына 60 күнтізбелік (алпыс) қалуына дейін Әкімшілік органға осы уақытқа дейін берілген өтінімдегі марканың түрі мен санына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлай алады. Көрсетілген мерзімнен соң өтінімге өзгерістер мен толықтырулар қабылданбайды.

  5. Қазақстан Республикасының ішкі саудасына
арналған марканың есебін жүргізу, қайтару,
сақтау және оларды пайдалану туралы есеп беру

      22. Марка қатал есептік құжат болып саналады. Марканың жылжуы туралы мәлімет нөмірленген, түптелген, Әкімшілік органның мөрімен куәландырылған марканың есебін жүргізу жорналына түсіріледі. Көрсетілген жорналды осы ереженің 2 Қосымшасындағы нысан бойынша Әкімшілік орган жүргізеді.
      Марканың есебін жүргізу жорналы 5 жыл көлемінде сақталады.

      23. Әкімшілік орган бұйрықпен марканың есебін жүргізуге, сақтауға, беруге және оның есебін жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаны тағайындайды.

      24. Марканы алушылар жыл сайын есеп жылынан кейінгі 10-шы қаңтардан кешіктірмей Әкімшілік органға келесі мәліметтерді көрсету арқылы алынған маркалардың пайдалануы туралы есепті тапсырады:
      1) нөмірі және уылдырық түрі бойынша алынған маркалардың саны;
      2) пайдаланылған маркалар саны;
      3) пайдаланылмаған маркалар саны және олардың пайдаланбау себептері.
      Уылдырықты импорттаушылар қосымша Әкімшілік органға тоқсан сайын марканың пайдаланылғанын дәлелдейтін жүк кедендік декларациялардың көшірмелерін (таңбаланған өнімнің шеттен әкелінуі туралы жүк кедендік декларация көшірмесін) тапсырады.

      25. Осы Ереженің 18 және 24 тармақтары орындалмаған, сонымен қатар алушы марканы жоғалтқан жағдайларда ішкі саудаға арналған маркаларды пайдалануға болмайды.

      26. Пайдаланылмаған немесе бүлінген маркалар Әкімшілік органға қайтарылады.

      27. Алушының марканы қайтаруы - қайтарылу себебі көрсетілген қайтару туралы өтінімі негізінде және марка алынған жүкқұжатты тапсыру арқылы жүргізіледі.
      Бүлінген маркалар бөлек параққа желімделеді, ал оның басқа бөлшектері біріктірілген болуы керек.

      28. Әкімшілік органмен құрамында үш адамнан кем емес комиссия Төрағасынан, комиссия мүшелерінен және материалдық жауапты тұлғадан тұратын марканың жылжуын бақылау жөніндегі комиссия (одан әрі - комиссия) тағайындалады.
      Комиссия:
      1) қайтарылған және берілген маркалардың нөмірлері көрсетіліп, екі дана етіп жасалған өткізу-қабылдау актісіне;
      2) бүлінген маркалардың түрі, нөмірі және саны көрсетіліп, үш дана етіп жасалған бүлінген маркаларды жою актісіне қол қояды.
      Комиссия қол қойған актілер Әкімшілік органның мөрімен куәландырылады.

      29. Алушылар маркалардың дұрыс есебін жүргізуді, оларды пайдалануды (саны, түрі бойынша), бүлінген маркалардың белгіленген тәртіп бойынша есептен шығарылуына дейін олардың жоғалып кетуіне жол бермей, сақтауды қамтамасыз етуі керек.

Қазақстан Республикасында   
ішкі және сыртқы сауда үшін  
бекіре тұқымдас балықтар   
уылдырығын таңбалау Ережесіне
1 Қосымша          

Марканы суреттеу

      1. Марканың аумағы 100 х 19 мм.
      2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырық маркасының негізгі аясы - қызыл, шеттен әкелінген уылдырық маркасының негізгі аясы - жасыл.
      3. Марканың сол жағында: металсыздандырылған мыс жолағы, "уылдырық" микротексті орналасқан.
      4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
      5. Марканың оң жағында: нөмірлеу (ультрафиолетті жарықпен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, түс дифракцияларының өзгеріс әсерімен "CITES" сөзі жазылған голограмма орналасқан. Голограмманың басқа бұрыш бейнесінде "KZ" сөзі оқылады.

Қазақстан Республикасында   
ішкі және сыртқы сауда үшін  
бекіре тұқымдас балықтар   
уылдырығын таңбалау Ережесіне
2 Қосымша          

Марканың есебін жүргізу жорналы

____________________________________________________________________
N |Марка.|Марка.|Алынған| Жүк. |Марка.|Марка.|Алушы.|Марка.| Марка.
  | ның  | ның  |марка. |құжат | лар  |ларды | ның  |ларды | ларды
  |алын. |түрі, |лардың |нөмірі|алушы.|алушы.|СТН-і |алушы.|алушының
  | ған  |сыйым.| саны  |      | ларға| ның  |      | ның  |төлқұжат
  |күні  |дылығы|       |      |беріл.|атауы |      | аты- |  мәлі.
  |      |      |       |      |  ген |      |      | жөні | меттері
  |      |      |       |      |  күні|      |      |      |
  |      |      |       |      |      |      |      |      |
__|______|______|_______|______|______|______|______|______|________
____________________________________________________________________