Орман, балық және аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың және олардың аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша Нұсқау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 29 тамыздағы N 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2494. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-03/472 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 756 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақ "жүзеге асыру" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі