Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Украинаның Теледидар және радио хабарларын тарату мемлекеттiк комитетi арасындағы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 899 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      тақырыбында және 1-тармақта:
      "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Украинаның Теледидар және радио хабарларын тарату мемлекеттiк комитетi арасындағы Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жобасында:
      тақырыбында және мәтiнде:
      "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы