Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығын қараңыз.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 шiлдедегi N 741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 300-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1458 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.02 № 901 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейдi.
      2. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
      Олжалау мақсатымен жануарлар дүниесі объектілерін iздеу, аңду және iзiне түсу, олжалауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнiмiмен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен не осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген аң аулаудың басқа құралдарымен белгіленген аң аулау мерзімнен тыс кезде жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
      Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) жоқ болған кезде көлік құралдарындағы және аялдау орындарындағы жануарлар немесе олардың бөліктері мен дериваттары заңсыз олжаланған өнімге теңестіріледі.
      3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) кәсiпшiлiк аң аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
      4. Кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
      5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
      Ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
      6. Аңшылық алқаптар – бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн аң аулау объектiсiн бiлдiретiн жануарлар түрлерiнiң тiршiлiк ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар.
      7. Аңшылық алқаптар:
      1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген;
      2) аңшылық алқаптардың резервтiк қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлмеген;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлiнедi.
      8. Егер жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітіліп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзіледi.
      9. Қазақстан Республикасында оның аумағында тұратын немесе келетін, он төрт жасқа толған жеке тұлғалар (бұдан әрі – аңшы) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы белгісі бар аңшы куәлігі мен рұқсаты болған жағдайда осы Ережеде рұқсат етілген олжалау құралдарын, аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып аң аулау құқығына ие болады. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулау құқығына он сегіз жасқа толған жеке тұлғалардың аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда ие болады.
      10. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.
      11. Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түрiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады.
      12. Аң аулау өнiмдерi болып жануарлардың терiлерi (мамық жүнді тері, тері шикiзаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйiзi, жұпары, өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тiстерi және жануарлар денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздерi танылады.
      Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес аң аулау хаттамалары және осы Ереженің 3 – 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.
      13. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарды тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластауға жол берілмейді.

2. Аң аулау тәртібі

      14. Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиiстi рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi.
      Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аталық үйректер олжалауға аңшыда алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда жол беріледі.
      15. Кәсiпшiлiк аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
      1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;
      2) рұқсат;
      3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
      4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар;
      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;
      6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
      7) кәсiпшiлiк журналы болған кезде жол беріледі.
      Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшiн жауапты тұлға тағайындайды.
      16. Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
      1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;
      2) рұқсат;
      3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
      4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
      5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол берiледi.
      Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, сырт жағына енгiзіледi.
      17. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
      18. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аю олжаланғаны туралы белгіні осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген адамдар атып алғаннан кейін, жануарлардың басқа түрлері олжаланғаны туралы белгіні аң аулау аяқталғаннан кейiн күн сайын не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi рұқсатқа, егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, жолдамаға, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына белгi жасайды.
      19. Қасқырларды, шибөрiлердi және сұр қарғаларды олжалауға:
      1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған;
      2) жануарлардың басқа түрлерiн аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етiлмейдi.
      20. Аң аулау:
      1) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;
      2) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа);
      3) қолдан жасалған құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);
      4) аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргiзiледi.
      21. Iрi жыртқыш жануарларды және саны реттелуге жататын жануарларды аң аулау мерзiмiнен тыс кезде олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негiзiнде жүргiзiледi.
      22. Жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аң аулайтын иттердi iздеп, шақыру кезінде аңшы аңшылық атыс қаруының оғын алып, бөлшектейді.
      23. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар аңшылық алқаптарында жүрген аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жол берiледi.
      24. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруi кезiнде аңшылық атыс қаруы оғы алынған күйге келтiріледi.
      Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.
      25. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға одан әрі беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
      26. Мына жағдайларда:
      1) аңшы куәлігінсіз;
      2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;
      3) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстармен;
      5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
      6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
      7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;
      8) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;
      9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
      10) өнiм жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
      12) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;
      13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;
      14) мүшкiл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;
      15) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа);
      16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;
      17) кейiннен қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
      18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;
      19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштерді қолданып;
      20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;
      21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;
      22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
      23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
      24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;
      25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
      26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
      27) торларды қолданып; су құю арқылы iнінен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
      28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
      29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа түрлерiн олжалау жолымен;
      30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
      31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;
      32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;
      33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;
      34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;
      35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

3. Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi

      27. Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты осы Ережеде белгiленген мерзiм шегiнде көктемгі аң аулаудың басталуын күнтiзбелiк 15 күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы да шешiм қабылдайды.

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
1-қосымша           

Шетелдіктердің қатысуымен аң аулауды ұйымдастыру туралы
ҮЛГІ ШАРТ

___________________                  20__ жылғы «__»____________
(елді мекеннің атауы)

      ______________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «аңшылық ісін пайдаланушы» деп аталатын________________аңшылық шаруашылығы субъектісі бір тараптан және бұдан әрі «аңшы» деп аталатын шетелдік азамат _________________________ екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы Шарттың нысанасы аңшылық ісін пайдаланушыға бекітіп берілген _______________________________ аңшылық алқаптар аумағында
         (аңшылық шаруашылығының атауы)
Аңшылық ісін пайдаланушының аңшының қатысуымен аң аулауды ұйымдастыруы болып табылады.

2. Тараптардың міндеттері

      2. Аңшылық ісін пайдаланушы:
      1) шетелдіктердің қатысуымен аң аулау үшін рұқсат алуға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтінім (бұдан әрі – өтінім) беруге;
      2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға;
      3) аңшыны аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсатымен қамтамасыз етуге;
      4) аңшы аңшылық шаруашылығына келгенде оның Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беретін құжаттарының бар-жоғын тексеруге;
      5) аңшымен аң аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама өткізуге;
      6) аңшыға ол тиісті ақысын төлегеннен кейін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге;
      7) аңшылық ісін пайдаланушының қызметкерлерінен аң аулаудың басшысы мен жолсеріктер тағайындауға, аң аулаудың Қазақстан Республикасының аумағында аң аулаудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізілуі үшін барлық қажетті шараларды қолдануға;
      8) аң аулауды өткізу шарттарын (аң аулауды өткізу орыны мен уақыты) айқындауға;
      9) аңшыны санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қажет болған жағдайда – медициналық көмек көрсетіп, аңшылық үйшіктеріне немесе дала қостарына орналастыруды, олардың тынығуын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      10) әрбір аңшылық сапардың нәтижелерін аң аулаудың басшысы мен аңшы қол қоятын аң аулау хаттамасында көрсетуге және қажет болған жағдайларда әрбір ауланған олжаға олжалау парағын толтыруға;
      11) аңшыға қажет болған жағдайда шарттық ережелермен автомотокөлік, салт аттар беруге;
      12) аңшыны олжаланған өнімге берілетін ветеринариялық куәлікпен қамтамасыз етуге;
      13) олжаны бастапқы өңдеуден өткізуге;
      14) қаруды сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3. Аңшы:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесінде (бұдан әрі – Аң аулау ережесі) көзделген құжаттарды өзімен бірге алып жүруге;
      2) Аң аулау ережесімен, қауіпсіздік шараларымен және аңшылық ісін пайдаланушының ішкі тәртібімен танысуға және сақтауға;
      3) жануарлар дүниесін пайдалану және көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыларды дер кезінде төлеуге;
      4) өзі аулаған олжаны оның сапасына қарамастан (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағына, терісінің көлеміне және т.б.) қабылдауға міндеттенеді.

3. Тараптардың қаржылық қатынастары

      4. Аңшылық ісін пайдаланушының аңшы пайдаланатын үй-жайларды, көліктерді, аттарды бергені үшін төлемақы тараптардың жеке келісімімен айқындалады.
      5. Аңшылық ісін пайдаланушы аңшымен шарт ережелері бойынша бөлек төлемақыға осы шартта айтылмаған қосымша қызметтерді көрсете алады.
      6. Аң аулаудың әрбір сапарына немесе маусымына қызметтер мен олжалардың құны осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша түрінде көрсетіледі.
      7. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу қамтамасыз етілгеннен кейін аңшы аң аулауға жіберіледі және олжа аңшының меншігі болып қалады.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      9. Тараптардың жауапкершілігі осы шартқа қол қойылған сәттен басталады.
      10. Аңшы өзі тапқан олжадан бас тартқан жағдайда аңшылық сапардың құнын аңшы осы шартқа сәйкес толық төлейді.

5. Ерекше жағдайлар

      11. Осы шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді, 20__жылғы «__»________ дейін қолданылады және тараптардың өзара келісімі бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
      12. Осы шартқа барлық қосымшалар, толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде ресімделеді және оларға екі уағдаласушы тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      13. Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз арқылы, ал келісімге қол жетпеген жағдайда – заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

6. Форс-мажор

      14. Осы шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың кез келгенінің толық немесе ішінара орындауын мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күш жағдаяттары, атап айтқанда - өрт, табиғи апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, соғыстар, кез келген сипаттағы әскери операциялар, қоршауға алу орын алған кезде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шаралары шыққанда, осы шарт бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі рұқсат етілген аң аулау мерзімдері шегінде, осындай жағдаяттар орын алатын мерзімге ұзартылады.
      Осы шарт бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімін ұзартуы мүмкін болмаған жағдайда тараптардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда тараптардың бірде бірінің басқа тараптан осы шартты бұзу келтірген залалдарды өтеуін талап етуге құқығы жоқ. Міндеттемелерді орындауы мүмкін болмайтын жағдай орын алған тарап бұл жайында басқа тарапты жазбаша түрде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары

Аңшылық ісін пайдаланушы
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(толық атауы, заңды мекенжайы және деректемелері)

М.О.

Аңшы
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(Т.А.Ә. тұратын еліндегі мекенжайы, құжаттық және басқа деректері)

Қолы

      Ескертпе:
      Шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша тараптардың әрқайсысының құқықтарын кемсітпейтін басқа да міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
      Төлем жасау шарттары орындалмайынша аң аулау жүргізілмейді.
      Аңшымен шарт бірдей ұқсас баптар бір біріне ілестіре орналастырылып, «тіл» мәтіндерін сол бір бетке қатар бағаналар түрінде қою арқылы екі (үш) тілде жасалады.

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
2-қосымша           

Аң аулау хаттамасы
Hunting protokol

Аңшының тегі мен аты _____________________________________________
Hunterөs Name
Мекенжайы ________________________________________________________
Address

20__жылғы «___»__________ қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым
With the hunting rules and safety precautions is acquainted

__________________
/Аңшының қолы /
/Hunter’s signature/

Аң аулау өткізілетін орын _________________________________________
Hunting area

Аң аулауды өткізу уақыты:
20__жылғы «__»________ бастап
20__жылғы «__»________ дейін______ аң аулау күні
The hunting time: starting from till days of hunting

Аң аулаудың нәтижелері
Results of hunting

Күні/ Date

Ауланған жануар түрі
/ Animal’s species»

Саны /Quantity

Олжаның сапасы (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағы, терісінің көлемі және т.б.)
Quality of trophy (dimensions ahd weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc)

Қазақша

In English





















      Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және аңшылық шаруашылығы ұйымына шағымым жоқ (бар, олар мынадай):
      I agree with this hunting protocol and have no claims to the hunting enterprise (I have, they as follows):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аңшы ____________/_______________/
Hunter
Аң аулау басшысы ____________/______________/
Hunting manager
Аңшының мүддесін білдіретін тұлға_____________/________________/
Hunter’s representative body
Аңшылық шаруашылығы
субъектісінің басшысы ____________/__________________/
Head of hunting enterprise

М.О.

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
3-қосымша           

нысан

АСКАНИЙ БҰҒЫСЫНЫҢ МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________ (түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «___»_________
Атып алу орны (аңшылық шаруашылығы)___________________________
Жануардың жасы/салмағы _____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффициент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






2. 1) Көз үстіндегі алғашқы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы
2) Көз үстіндегі екінші қосымша бұтақшалардың саны (әр жағынан бір-бірден, дана)






3. Тәж астындағы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






4. Ашаның шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






5. Көз үстіндегі қосымша бұтақшалардан жоғары тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






6. Тәжден төмен тұрған мүйіз шеңбері:
оң жақтағы
сол жақтағы






7. Мүйіздер алшақтығы






8. Мүйіздер салмағы, кг






9. Қосымша бұтақшалар саны, дана:
оң жақтағы мүйізде
сол жақтағы мүйізде






10. Тәж пішіні қарапайым, 12-16 см 6 қосымша бұтақша






11. Мүйіздердің түр-түсі ашық






12. Түйіршіктілігі мен ізділігі:
ізі ірі,
түйіршіктілігі орташа






13. Қосымша бұтақшалар шеттерінің түр-түсі ақ






Балдар сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Ақаулар жоқ






Түпкілікті бағаcы






      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                  (Т.А.Ә., қолы)
           Бағамен келісемін _______________________________
                                  (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
4-қосымша           

нысан

ҚҰДЫР БАС СҮЙЕГІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________ (түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «___»________
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ___________________________
Жануардың жасы/салмағы __________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Балл

1. Бас сүйектің ұзындығы, см



2. Бас сүйектің ені, см



3. Азу тістің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы



Түпкілікті бағасы



      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
5-қосымша           

нысан

МАРАЛ МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы _______________________________________________________________
___________________________________________________ (түрі) атып алды.
Атып алу күні 20 __жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) _____________________________
Жануардың жасы/салмағы ___________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Мүйіздердің ішкі алшақтығы

Оң жақтағы мүйіз

Сол жақтағы мүйіз

Балл айырмасы (шегерім)

1. Мүйіздер ұзындығы, см





2. Бірінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





3. Екінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





4. Үшінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





5. Төртінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





6. Бесінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, см





7. Бірінші және екінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





8. Екінші және үшінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





9. Үшінші және төртінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





10. Төртінші және бесінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері





11. Мүйіздердің ішкі алшақтығы





Жиыны
Балл сомасы
Шегерім





Түпкілікті бағасы, балл





Қосымша көрсеткіштер

Оң жақтағы мүйіз

Сол жақтағы мүйіз

Өлшеу нәтижелері

12. Мүйіздер шеттерінің арасындағы қашықтық, см




13. Мүйіздердің ең үлкен алшақтығы, см




14. Қосымша бұтақшалар саны, см




15. Кемістігі бар барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, см




      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
6-қосымша           

нысан

ҚАБАННЫҢ АЗУ ТІСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________(түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері, см

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффициент

Балл

1. Төменгі азу тістің ұзындығы см:
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Төменгі азу тістің ені, мм:
оң жақтағы
сол жақтағы






3. Жоғарғы азу тістің шеңбері, см:
оң жақтағы
сол жақтағы






Балл сомасы
Ақаулары үшін шегерім
Үстеме






      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
7-қосымша           

нысан

СІБІР ЕЛІГІНІҢ МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________(түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффициент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы:
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздердің алшақтығы






3. Бас сүйегімен құрғақ мүйіздердің салмағы
Бас сүйекке шегерім, гр.






4. Мүйіздер көлемі, см3






5. Мүйіздердің түр-түсі






6. Төмпешіктігі






7. Ашалар






8. Қосымша бұтақшалардың үшкірлігі
Бағалау көрсеткіштері






Балл сомасы
Мүйіздің әдемілігі үшін үстеме
Қосымша бұтақшалардың ассиметриялылығы үшін шегерім






Түпкілікті баға






      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
8-қосымша           

нысан

БҰЛАН МҮЙІЗІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________(түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Сомасы

Орташа көлем

Коэффициент

Балл

1. Мүйіздің шеңбері, см
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздер алшақтығы, см






3. Күрекшенің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы






4. Күрекшенің ені
оң жақтағы
сол жақтағы






5. Барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, см






6. Қос мүйіздегі қосымша бұтақшалар саны






Балл сомасы
Мүйіздердің жуандығы мен әдемілігі үшін үстеме
Қосымша бұтақшалардың ұзындығындағы айырма үшін және мүйіздердің ассиметриялылығы үшін шегерім






Түпкілікті бағасы






      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
9-қосымша           

нысан

СІБІР ТАУ ТЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________(түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Сомасы

Орташа мөлшері

Коэффициент

Балл

1. Мүйіздің ұзындығы, см
оң жақтағы
сол жақтағы






2. Мүйіздің шеңбері
оң жақтағы
сол жақтағы






3. Мүйіздердің алшақтығы, см






Үстемелер:
Мүйіздердің түр-түсі қоңыр
Кедір-бұдырлылығы (сақиналар саны) орташа
Симметриялылығы






Түпкілікті бағасы






      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
10-қосымша           

нысан

ЖЫРТҚЫШ АҢДАР: ҚОҢЫР АЮ, ҚАСҚЫР, СІЛЕУСІН БАС СҮЙЕКТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОЛЖАЛАУ ПАРАҒЫ

Аңшы ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________(түрі) атып алды.

Атып алу күні 20___жылғы «____»_______
Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________
Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________

Олжаны бағалау

Бағалау көрсеткіштері

Өлшеу нәтижелері

Балл

1. Бас сүйегінің
ұзындығы, см



2. Бас сүйегінің ені, см



Түпкілікті бағасы



      М.О. Аң аулау басшысы _______________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)
      Бағамен келісемін ___________________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасының 
аумағында аң аулау ережесіне
11-қосымша           

Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды аулауды өткізу
мерзiмдерi

      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн

20 қазан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),
Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта**
15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз-30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша *** (аталық үйректерді көктемгі аулауға
1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша *** (аталық құрларды көктемгі аулауға
1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)

қыркүйектің алғашқы сенбісінен -  30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi

Борсық

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Саңырау құр

1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз

15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл

15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

      Ескертпе:
      *   - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
            түрлерден басқа.
      **  - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.
      *** - Оңтүстік аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау,
            Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының
            Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан
            облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.