Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ереже

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 163 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6161 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 18-03/462 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.09.17 № 18-03/462 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 11 наурыздағы  
№ 163 бұйрығымен бекітілген

Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру осы ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 11 тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру (бұдан әрі – рұқсат) мәселелерін реттейді.
      2. Рұқсатты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Инспекция) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда эксперименттік аулауды жүргізу орны бойынша береді.

2. Рұқсат беру шарттары мен тәртібі

      3. Рұқсатты алуға мүдделі тұлға Инспекцияға өтінімді мемлекеттік немесе орыс тілдерінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
      4. Өтінімде мыналар көрсетіледі:
      1) өтінім беруші туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін – реквизиттер, жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың мәліметтері);
      2) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы;
      3) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің сипаттамасы;
      4) мекендейтін ортасынан алу үшін жоспарланған балық және басқа да су жануарларының тізбесі мен саны;
      5) эксперименттік аулауды жүргізу мерзімдері;
      6) эксперименттік аулауды жүргізудің ұйғарылған балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі).
      5. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Тиісті мемлекеттік органмен берілген заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған жарғысының көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы нотариалды куәландырылған құжаттарының көшірмесі;
      2) жеке тұлғалар үшін - жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды көшірмесі;
      3) эксперименттік аулауды жүргізу барысында жануарлар әлемінің объектісін алуға қатысатын тұлғалардың тізімі;
      4) балық аулау құралының жаңа түрін және тәсілін әзірлеу мен қолдануға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме;
      5) инновациялық технологиялар, жаңалық ашу, пайдалы қалыптар және басқа да өнеркәсіптік үлгілер саласындағы ғылыми немесе өзге де құзыретті органдардың сараптау қорытындысы.
      6. Инспекция өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды он жұмыс күннің ішінде қарап, содан кейін өтінім берушіге рұқсат беруді немесе рұқсат бермегені жөніндегі негізделген жауап жолдайды.
      7. Рұқсаттар беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтерді анық еместігі.
      8. Рұқсатта мыналар көрсетіледі:
      1) рұқсат беруші Инспекцияның атауы;
      2) заңды тұлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты немесе рұқсат берілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      3) балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы;
      4) балық және басқа да су жануарларының түрлік құрамы, олардың алуға рұқсат берілген саны (биомасса);
      5) алу мерзімдері;
      6) ұйғарылған алудың балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі);
      7) қолданылатын жүзу құралдары;
      8) жануарлар әлемінің объектілерін алуға қатысатын тұлғалардың саны.
      9. Инспекция рұқсат беруді арнайы «Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлерімен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру есебі» журналында осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркейді.
      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылдан аспайды.
      11. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң, бір ай мерзімінде оны пайдаланудың нәтижелері туралы есеп уәкілетті органға ұсынылады.

Қоса берілген балық аулаудың    
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк      
емес құралдарының түрлері мен   
тәсілдерін қолдануға рұқсат     
етілген тізбеге енгізілмеген    
балық аулау құралдарының жаңа   
түрлері мен тәсілдерін          
(эксперименттік аулау тәртібімен)
қолдануға арналған рұқсаттар    
беру Ережесіне 1-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
________________________________________________
(аумақтық бөлімше)

Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсат
№_______

_________________________________________________________ Берілді
(заңды тұлғаның атауы және жауапты тұлғаның Т.А.Ә, жеке тұлғаның Т.А.Ә)
_________________________________________________________________
Аулау құралының немесе аулау тәсілінің атауы ____________________
_________________________________________________________________
Алудың балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі) ___________________
                             (су айдынының (учаскесінің) атауы)
_________________________________________________________________
Алуға рұқсат берілген балық және басқа да су жануарларының түрлері
_________________________________________________________________
Алу мерзімі _________________ бастап ____________________дейін
                    (рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Алудың тәсілдері (аулау, жинау)__________________________________
                                    (түр, мөлшері, саны)
Ұйғарылған алу учаскесінің ауданы
(аумағы) мен шекарасы ___________________________________________
Қолданылатын жүзу құралдары _____________________________________
Жануарлар әлемінің объектісін алуға қатысатын тұлғалардың саны __
_________________________________________________________________
Берілген күні 20__ жылғы «___» ________
М.О.                                  Қолы ______________________
                                       (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

Қоса берілген балық аулаудың    
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк      
емес құралдарының түрлері мен   
тәсілдерін қолдануға рұқсат     
етілген тізбеге енгізілмеген    
балық аулау құралдарының жаңа   
түрлері мен тәсілдерін          
(эксперименттік аулау тәртібімен)
қолдануға арналған рұқсаттар    
беру Ережесіне 2-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
_________________________________________________
(аумақтық бөлімше)

Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға рұқсаттар алуға арналған өтінім

Кімнен ___________________________________________________________     (өтінім беруші туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалар үшін төлқұжат мәліметтері)
__________________________________________________________________
Балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен (немесе) тәсілдерінің атауы__________________________________________________________________
                        (аулау құралының саны)

Мекендейтін ортасынан алу үшін жоспарланған балық және басқа да су жануарларының тізбесі мен саны:

№ р/с

Балық және басқа су жануарларының түрі

Саны (тонна)
















Эксперименттік аулауды жүргізу мерзімі ______ бастап _____ дейін
Эксперименттік аулау жүргізілетін ұйғарылған алудың балық шаруашылығы су айдыны (учаскесі)____________________________________________
____________________________________________________________
Алу тәсілі _____________________________________________________
                                 (аулау, жинау)
М.О. Қолы ______________________________________________________          (Өтінім берушінің, лауазымды тұлғаның, заңды тұлғаның Т.А.Ә.)

200__ жылдың «___» _________________
   _________________________ Өтінім тіркелді
(күні, қолы                     )

Қоса берілген балық аулаудың    
кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк      
емес құралдарының түрлері мен   
тәсілдерін қолдануға рұқсат     
етілген тізбеге енгізілмеген    
балық аулау құралдарының жаңа   
түрлері мен тәсілдерін          
(эксперименттік аулау тәртібімен)
қолдануға арналған рұқсаттар    
беру Ережесіне 3-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
_________________________________________________
(аумақтық бөлімше)

Балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беруді есепке алу журналы

Рұқсаттың р/с №

Рұқсаттың берілген күні

Пайдалану түрі

Алып қою мақсаты

Алып қоюға рұқсат берілген балық және басқа да су жануарларының түрі немесе олардың тіршілік ету өнімдері

Алып қоюға етілген саны (биомассасы) (тн немесе кг, ит балық басы - цифрмен және жазбаша)

Жыныс – жас құрамы (қажет жағдайда)

Алып қою мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8









  кестенің жалғасы

Алып қою тәсілдері (аулау, ату, жинау және тағы басқа)

Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы

Жануарлар дүниесі объектілерін немесе олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою тәсілдері мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары

Жануарлар дүниесін объектілерін алып қоюға қатысушы адамдардың саны

Рұқсатты берген тұлғаның лауазымы, аты-жөні

Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның және/немесе жауапты заңды тұлғаның аты-жөні

Алушының қолы

9

10

11

12

13

14

15








Журналдың беттері нөмірленеді, тігіледі және Инспекцияның мөрімен бекітіледі