Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6249 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 287-п және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 193 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4820 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі     Әділет министрі
_________________А. Жұмағалиев     ____________Р. Түсіпбеков