Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларыны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 639 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3222. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 25-03-01/455 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.03 № 478 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 51  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 2, 19-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ережеде:
      тақырыбындағы, кiрiспедегi, 1, 2 және 3-тармақтардағы "Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "кең ауқымда және аймақтық ауқымда" деген сөздер алынып тасталсын;
      оныншы абзац "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздердiң алдынан "төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі