Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға 2010 жылға арналған лимиттерді бекіту туралы

Қазақстан Респкбликасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 4 Қаулысы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына, 145-бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 571 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2464 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 4 қазанда № 40(145) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 13 қаңтардағы   
№ 13 бұйрығымен бекітілген 

«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері (бұдан әрі – санитариялық ережелер) білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды күтіп ұстауға, жөндеуге және пайдалануға енгізуге, жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрізге, медициналық көмек көрсетуге және гигиеналық тәрбиеге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
      2. Осы санитариялық ережелер қызметі барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарды пайдаланумен және күтіп-ұстаумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналады.
      3. Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды:
      1) білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары - Қазақстан Республикасының заңдарына, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбие-білім беру қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
      2) білім берудің жалпы типтегі мектепке дейінгі ұйымдары – сыйымдылығы 4-тен бастап 12-ге дейін топ болатын, ережеге сай өзінің тәрбиеленушілерінің тұрақты контингентіне педагогикалық және медициналық қызмет көрсететін және жеке тұрған ғимаратта орналасатын мектепке дейінгі ұйымдар;
      3) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейінгі, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын мектепке дейінгі ұйымдар;
      4) топтық бөлік бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы;
      5) топтың жинақталуы топтағы балалардың нормаланатын саны;
      6) күн тәртібі балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;
      7) таңертеңгі сүзгі - инфекциялық аурулардың әкелінуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық іс-шаралар;
      8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
      9) тиімді тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас нормаларын ескере отырып, баланстанған тамақтандыру;
      10) бракераж – органолептикалық көрсеткіштер бойынша тамақ өнімдерінің және дайын тағамның сапасын бағалау;
      11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;
      12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясын нормалайтын көрсеткіш;
      13) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі - ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандыруды нормалайтын көрсеткіш;
      14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
      15) септик – ағынды сұйықтық ағып өтетін бір немесе бірнеше камерадан тұратын көлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын көлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;
      16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектілерінде инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

2. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын орналастыруға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі – ББМДҰ) магистральді көшелерден, коммуналдық және өнеркәсіптік ұйымдардан алыстатылған елді мекендердің тұрғын аймағында: оңашаланған жер учаскелерінде, жеке үй иелігінде, үш қабаттан жоғары емес құрылған-жапсарлас үй-жайда, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналастырылады.
      Салынған немесе реконструкцияланған ББМДҰ-ын пайдалануға енгізуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ББМДҰ-ның қызметіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде рұқсат етіледі.
      5. Жалпы типтегі ББМДҰ-ның жер учаскелерінде мыналар көзделеді: топтық алаң аймағы, жалпы дене шынықтыру алаңы, шаруашылық аймағы.
      6. ББМДҰ-ның ойын алаңдарының көлемдері бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады.
      ББМДҰ-ның топтық бөліктерінің үй-жайлары ауданы мен балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып, топтардың жинақталуы осы ережелерге 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      Әртүрлі жастағы (аралас) топтардың контингентін іріктеуде ұйымның ондағы әрбір жастағы топтың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне барынша сәйкес келетін күн тәртібі мүмкіндігін есепке алуы тиіс.
      Аз жиынды ББМДҰ-нда топтарды топтастыру кезінде мыналар:
      аралас (сәби, мектепке дейінгі) жастағы балалардың екі аралас тобы;
      аралас жастағы балалардың екі аралас тобы және бір дайындық тобы тиімді болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      7. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабатында, жеке үй иелігінде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында алаңы кемінде 60 м2 болатын жеке жер учаскесі болады.
      8. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын ББМДҰ-ның тұрғын үйдің кіреберісімен біріктірілмеген жеке кіру есігі болуы тиіс.
      9. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабатында, жеке үй иелігінде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның үй жаны аумағында ББМДҰ-нан 50 метрден аспайтын қашықтықта және ББМДҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлі тұрғын үйден кемінде 10 метр қашықтықта (жеке иеліктегі үйлер үшін кемінде 5 метр) тек ойын алаңын көздеуге жол беріледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10. Жалпы типтегі ББМДҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөліктерге сәйкес келетін үй-жайдан шығу есігімен ыңғайлы байланыс болады. Сәби жастағы балаларға арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есігіне тікелей жақын орналасады.
      11. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сәйкес, сенімді және берік орнатылады. Жабдықтың беті шығыңқысыз және кедір-бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз, суға төзімді және оңай тазалануы тиіс.
      12. Әрбір ойын алаңында көлеңке бастырма орнатылады. Көлеңке бастырманың едені жылу өткізгіш материалдардан (ағаш және басқа да материалдар) дайындалады.
      13. Ойын алаңдарының жабыны сәби жастағы балалар үшін шөптен, мектеп жасына дейінгі балалар үшін шөптен және тығыздалған топырақтан болады.
      14. Мектепке дейінгі топтар үшін ортақ жидек-бақшасын жоспарлауға жол беріледі.
      15. Дене шынықтыру алаңы мыналарды:
      қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақты;
      гимнастикалық жабдық және спорт жабдығы бар аймақты;
      жүгіретін жолды;
      секіру шұқырын;
      кедергі жолдарды қамтиды.
      ББМДҰ-да көлемі кемінде 250 метр2 дене шынықтыру алаңы жабдықталады.
      Қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың беті – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себілген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болады. Тротуар плитаны қолдануға жол беріледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      16. Оқшауланған шаруашылық алаңы ас блогына және кір жуатын орынға жақын орналасады, қатты жабыны (асфальт, бетон) және өз алдына бөлек көлік кіретін жолы болады. Аумақтағы шаруашылық алаңға кіретін жол топтық алаңдарға қатынайтын жаяу жүргіншілер жолдарымен қиылыспайды.
      Шаруашылық алаңда көлемі кемінде 30 м2 болатын көкөніс сақтау қоймасын орналастыруға жол беріледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      17. Қақпағы бар металл қоқыссалғыштар шаруашылық аймақта бетондалған немесе асфальтталған алаңда орналастырылады.
      Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, жеке үй иелігінде, құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын ББМДҰ-ның қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыссалғышын немесе контейнерлерді пайдалануға жол беріледі.
      18. Оңашаланған учаскелерде орналастырылатын ББМДҰ-ның жер учаскесінде кемінде 1,6 м биіктікте қоршауы болады.

3. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының ғимаратына және
үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      19. Ғимаратта және учаскеде топтарды әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардан барынша оқшаулау принципі сақталады.
      20. Ғимаратқа сырттан кіретін есікте кеңдігі кемінде 1,6 метр екі қабатты тамбур көзделеді. Кіру есіктерінің біреуінің сыртқы есігі ішке қарай ашылады.
      Әйнегі бар есіктер орнатуға жол берілмейді.
      21. Жалпы типтегі ББМДҰ-ның негізгі және қосымша үй-жайларының құрамы мен алаңы осы санитариялық ережелерге 2-қосымшаға сәйкес қабылдануы керек. 2003 жылғы шілдеге дейін салынған және реконстукцияланған жалпы типтегі ББМДҰ-ның үй-жайларына қолданымайды.
      Сәби жастағы балалар үшін топтық бөліктер әрбір топқа жеке кіру есігі бар бірінші қабатқа ерекшелікпен орналастырылады.
      Үш қабатты ғимараттардың үшінші қабатында ересек (4 жастан бастап) жас тобындағы балалардың топтық бөліктері, залдар және жұмысқа арналған өзге де арнайы үй-жайлар, қызметтік-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар орналастырылады.
      Бірінші топтағы жас балаларды қабылдау бөлмесінде ата-аналардың шешінуіне және баласын тамақтандыруға арналған орын бөлінеді.
      22. Шағын ББМДҰ-ында (шағын орталық): шешінетін орын холл түрінде бірге көзделеді. Санитариялық тораптарда әрбір 10 балаға бір унитаз және бір раковина жабдықталады. Бір үй-жайда ойын және жатын бөлмелерін біріктіруге жол беріледі.
      23. ББМДҰ-да ауданы кемінде 80 м2 болатын музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал қарастырылады.
      Шағын ББМДҰ-да:
      - музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал көздеуге жол берілмейді;
      - қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда музыка және гимнастика сабақтарын ойын бөлмесінде жүргізуге жол беріледі.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      24. ББМД-ында цокольдық қабаттарда қосымша үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.
      25. Ойын, топтық және жатын үй-жайларда табиғи тіке немесе бұрыштық желдету қамтамасыз етіледі.
      26. Фрамугалар мен желдеткіштер әрбір үй-жайдың терезелерінде көзделеді және жылдың барлық мезгілінде пайдаланылады.
      27. Баспалдақтардың биіктігі 1,2 метр қоршауы болады. Тұтқалар ересек адамдар үшін 0,85 метр, балалар үшін 0,5 метр биіктікте орналасады. Баспалдақтар қоршауының тігінен орнатылған элементтерінің саңылауы 0,1 метрден аспайтын болады, оларды көлденең орнатуға жол берілмейді.
      28. Негізгі үй-жайларды санитариялық-техникалық жабдықтармен жабдықтау осы санитариялық ережелерге 3-қосымшаға сәйкес болады.
      29. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      30. Медициналық бөлме сыйымдылығына қарамастан ББМДҰ-ы үшін бөлінеді.
      Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, жеке үй иелігінде, құрастырылған–жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын медициналық блоктың, ББМДҰ-дың үй-жайлар жиыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиісті аумақтағы мемлекеттік органымен келіседі.
      31. Медициналық пункттің үй-жайлар құрамында изолятор (изолятор палатасы өту жолында орналаспаған) және дезинфекциялық құралдарды дайындауға арналған үй-жай көзделеді.
      32. Жалпы типтегі ББМДҰ-ның ас блогы құрамына мыналар кіреді: ас дайындау және жуу асүйі, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түліктерге арналған қойма және көкөністерге арналған қойма. Жуу, ас дайындау және бөлшектеу бөлмелері асүйден арақабырғалықпен бөлінеді немесе қолданылу мақсаты бойынша аймақпен анықталады.
      33. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, жеке үй иелігінде орналастырылатын ас блогының, ББМДҰ-ның үй-жайлар жиыны ББМДҰ-ның қуаттылығына байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиісті аумақтағы мемлекеттік органмен келіседі.
      34. Шағын ББМДҰ-да (шағын орталық) ас дайындауға аймақтауды сақтау кезінде (шикізатты дайындау, әзірлеу, тарату) жұмыс істеп тұрған асүйдің алаңында жол беріледі. Тамақ өнімдеріне арналған қоймалар болмаған кезде сатып алу бір аптадан асырмай жүзеге асырылады.
      35. Көкөністерді және құрғақ өнімдерді сақтауға арналған қоймалар асүйден оқшауланады.
      36. Кір жуу және үтіктеу үй-жайлары аралас көзделеді. Кір жуу кезінде лас және таза төсек әбзелдерінің ағымы сақталады. Топтық бөліктер мен ас блогы үй-жайларына қарама-қарсы кір жуу бөлмесіне кіру есігін орнатуға жол берілмейді.
      Шағын ББМДҰ-ның (шағын орталық) төсек әбзелдерін арнайы кір жуу орындарында жууды ұйымдастыруға жол беріледі.
      37. ББМДҰ-ның қабырғалары мен едендері тегіс болуы көзделеді және ылғалды тәсілмен жинауға мүмкіндік беретін әрленуі болады.
      Топтық бөліктердің негізгі үй-жайларының, музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердің қабырғаларының бетінде ашық түстерінің күңгірт фактурасы және жуу мен дезинфекциялауға төзімді болады. Ас блогы үй-жайының, кір жуу бөлмесінің, үтіктеу және дәретхана бөлмелерінің қабырғалары 1,8 м биіктікте глазурленген плитамен әрленуі керек.
      38. Топтық, ойын, жатын үй-жайларының, медициналық блоктың, дәліздің жылуды төмен өткізетін жабыны (паркет, тақтайша, жылытылған негізде линолеум) болады.
      Ас блогының, кір жуу, үтіктеу және дәретхана бөлмелерінің едендеріне керамикалық плита төселеді.

4. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы табиғи және
жасанды жарығына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      39. ББМДҰ-ның негізгі үй-жайларында табиғи жарық болады.
      Табиғи жарықтандыру коэффицентінің шамасы (бұдан әрі – ТЖК) топтық, жатын, бөлмелерінде, медициналық бөлмеде, изолятор палаталарында, музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған үй-жайларда, компьютер класында - кемінде 1,5%, шешінетін орында - 1,0%-дан төмен емес.
      Екінші жарықпен жарықтандыру тек дәретхана, қабылдау және шешінетін үй-жайларда ғана жол беріледі. Персоналға арналған буфет, қойма және дәретхана үй-жайларында табиғи емес жарық орнатуға жол беріледі.
      Топтық, ойын және жатын бөлмелеріндегі жарық жақтаулары реттелетін күннен қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады. Күннен қорғаныш құрылғылары (бұдан әрі – КҚҚ) ретінде тек тік бағытталған ішкі, сектольаралық және сыртқы жалюзилер пайдаланылады. Реттелетін бастапқы қалыптағы КҚҚ құрылымы терезе жақтауының жарыққа активті ауданын азайтпауы және ТЖК нормаланатын шамасын төмендетпеуі тиіс. Жалюзи үшін пайдаланылатын материал суға, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді болуы тиіс. КҚҚ ретінде қабырға түсімен үйлесетін ашық түсті матадан тігілген перделерді де пайдаланады. Жарық өткізгіштік деңгейі жеткілікті және жарықты жақсы тарататын қасиетке ие мақта-қағаз матадан (поплин, штапельді мата, репс және мата) тігілген перделерді пайдалануға жол беріледі.
      Топтық үй-жайлардағы терезелердің перделері табиғи жарық деңгейін төмендетпеуі тиіс. Жатын үй-жайлардағы терезелердің пердесін жабуға тек балалар ұйықтап жатқанда жол беріледі, ал қалған уақытта үй-жайларға күн сәулесінің түсуін қамтамасыз ете отырып, перделерді жылжытады.
      Бір жақтан түсетін жарықпен жарықтандыру кезінде топтық үй-жайлардың кеңдігі – 6 м аспайды. Үй-жайлардың іші кең болған кезде (қарама-қарсы желдетуді де қамтамасыз ететін) терезелерді екі жақта параллель немесе бұрышта орналастыру қажет. Терезелердің ағашы ұсақ тордан болмауы тиіс.
      Терезе алдына табиғи жарықтың деңгейін азайтатын үлкен жапырақты гүлдерді орналастырмау керек. Гүлдердің биіктігі терезе алдынан 15 сантиметрден (бұдан әрі – см) аспауы тиіс. Гүлдерді еденнен 65-70 см биіктікте аспалы (қабырғада) немесе едендегі гүл өсіретін ыдыста және табиғат бұрыштарында орналастыру ұсынылады.
      Табиғи жарық жеткіліксіз жағдайларда сабақ жүргізу кезінде қосымша жасанды жарық қажет.
      40. Топтарға арналған үй-жайларда жарық тек бір жағынан түскен жағдайда бөлменің кеңдігі 6 метрден аспай көзделеді. Үй-жайдың іші кең болған кезде терезелер екі жақтан паралелл немесе бұрыштан орналастыру көзделеді.
      41. Жасанды жарық көздері осы санитариялық ережелерге 4-қосымшаға сәйкес барлық үй-жайларға жеткілікті және тегіс жарық түсуін қамтамасыз етеді.
      42. Үй-жайларда бір типтегі шамдар қолданылады: қызу немесе люминесцентті шамдар. Шамшырақтардың қорғаныш плафондары болуы тиіс.
      43. Шамшырақтардың жарық арматураларын тазалау жылына кемінде екі рет жүргізілуі және істен шыққан шамдарды уақтылы ауыстыруы қажет. Жарамсыз, істен шыққан люминесцентті шамдар жиналады және ғимараттан құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарға шығарылады.
      Шамдарды сақтау ББМДҰ-ның жертөлесінде немесе цокольдық қабатында орналасқан кілтпен жабылатын ББМДҰ-ның жеке үй-жайында сынбайтын ыдыста жүзеге асырылады.
      Өңделген люминесцентті шамдарды қоқыс салғыш контейнерлерге тастауға жол берілмейді. Өңделген люминесцентті шамдарды сақтау жауапты адамға жүктеледі.
      44. Балалар тұрақты болатын үй-жайда штепсельді розеткалар және еденнен 1,8 м биіктікте ажыратқыштар орнатылады. Жасанды жарықты жыл мезгіліне, табиғи жарық деңгейінің жағдайына сәйкес енгізу қажет.

5. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының
санитариялық-техникалық жабдығына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      45. ББМДҰ-ның ғимараты қалалық және ауылдық елді-мекендерді жоспарлауға және тұрғызуға қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес шаруашылық-ауызсу, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, кәріз жүйелерімен және су ағындарымен жабдықталады.
      ББМДҰ-да сумен жабдықтау және кәріз орталықтанған болуы тиіс.
      Орталықтанған сумен жабдықтау болмаған кезде ас блогына, изоляторға және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайларға, кір жуу орнына, барлық топтық бөліктердің дәретханаларына суды механикалық беруді қамтамасыз етуі керек. Қолжуғыштарға және себезгілерге берілетін судың температурасы 37оС-тан аспауы және 60оС-тан жоғарыламауы тиіс.
      Ыстық сумен жабдықтаудың дербес жүйесін ұйымдастыруға жол беріледі.
      46. Орталықтандырылған елді-мекен және қалалық су құбыры желілері мен кәріз болмаған жағдайда, сумен жабдықтау мен кәріздің жергілікті жүйелерін таңдау және құрылғысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын қорытындысы болған кезде жүргізіледі.
      Кәрізденбеген аудандарда ББМДҰ-ы септик құрылғысы бар ішкі кәріз жүйесімен жабдықталады, оны тазалау оның 2/3 көлемі толуына қарай жүргізіледі. Сұйық қоқысты шығаруды мамандандырылған автокөлік ұйымы жүзеге асырылады.
      47. Ас үй, буфет, балаларға және персоналға арналған дәретханалар, кір жуатын орындар, изолятор және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайлар, қолжуғыштар және араластырғыш кран құрылғысы бар шаруашылық қажеттілікке арналған су тарату краны ыстық және салқын судың келуімен қамтамасыз етіледі.
      48. Балаларға арналған санитариялық аспаптарды еденнен орнатудың мынадай биіктігі көзделеді:
      1) сәби жастағы және кіші мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қолжуғыштар - 0,4 м;
      2) орта ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қолжуғыштар - 0,5 м;
      3) постаменттегі ванналар - 0,6 м;
      4) сәбилер тобындағы және бірінші кіші топтағы балаларға арналған терең себезгінің табандығы (себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу биіктігі – 1,5 м болғанда) – 0,6 м;
      5) мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саяз себезгінің табандығы (себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу биіктігі – 1,6 м болғанда) – 0,3 м.
      ББМДҰ жобалаған және қайта жаңартқан кезде ересек және дайындық топтарында ұл балалар мен қыз балалар үшін бөлек дәретханалар көзделеді.
      49. ББМДҰ ғимараттарын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардағы жылуға, желдетуге және ауаны баптауға қойылатын талаптарға сәйкес орталық жылу және желдету жүйелерімен жабдықтайды.
      Автономдық немесе газбен жылытуды қолдануға рұқсат етіледі.
      50. ББМДҰ-ның ғимараттарын жылумен жабдықтауды орталық жылу жүйесінен (ОЖЖ), аудандық және жергілікті қазандықтардан қарастыру керек. Ауылдық елді мекендердегі көлемі елу орыннан аспайтын бір қабатты ғимараттарда жеке кіретін есігі бар, оқшауланған үй-жайда пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі.
      Жылыту аспаптары ретінде радиаторларды, бетон қабырғаларға жапсарлас салынған құбыр тәрізді жылыту элементтерін пайдалануға болады.
      Балалардың күйуі мен зақымдануын болдырмау мақсатында жылыту элементтерін алынып-салынатын ағаш торлармен қоршаған дұрыс.
      Ағаш-жоңқа тақтайшасынан және басқа да полимер материалдардан жасалған қоршау құрылғыларын пайдаланбау керек.
      51. ББМДҰ үй-жайларында +19оС - +22оС ауа температурасы көзделеді. Балалар болатын үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55%; ас үйде және кір жуатын бөлмеде 60-70% дейін қабылданады.

6. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары үй-жайларының
жабдығына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      52. ББМДҰ жабдығы балалардың бойы мен жас ерекшелігіне сәйкес болады, оларды пайдалануға сәйкестік және сапа сертификаты бар болған кезде жол беріледі.
      Топтардың үй-жайларында кереуеттер, үстелдер, орындықтар, ойыншықтар мен оқу құралдарына арналған шкафтардың болуы көзделеді. Қабылдау және шешінетін бөлмелерде балалар мен персоналға арналған шкафтар қарастырылады.
      Бір топтың және таңбаның үстелдері мен орындықтары жинақталады.
      Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың негізгі өлшемдері осы санитариялық ережелерге 5-қосымшаға сәйкес көзделеді.
      53. Сабақ өткізуге арналған жиһаздарды орналастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
      1) үстелдер сол жақтан жарықтандырыла отырып, жарық түсетін қабырғаға орналастырылады;
      2) төрт орындық үстелдер екі қатардан артық емес, ал екі орындық үстелдер үш қатардан артық емес етіп орналастырылады. Үстел қатарларының арасындағы арақашықтық кемінде 0,5 м көзделеді;
      3) үстелдердің бірінші қатарының жарық түсетін қабырғадан арақашықтығы - 1 м;
      4) бірінші үстелден тақтаға дейінгі арақашықтық - 2,5-3 м;
      5) қабырғаға ілінген тақтаның астыңғы жиегінің еденнен биіктігі 0,7-0,8 м;
      6) қабырғаға ілетін тақтаның көлемі - 0,75-1,5 м;
      7) балаларды денсаулықтары, көру, есту жағдайларын ескере отырып отырғызу керек.
      54. Сәби тобының ойын бөлмесіндегі манеж және барьер терезеге параллель, одан бір метр арақашықтықта орналастырылады.
      55. Сәби жасындағы бірінші топта қолжуғыштың жанына құндақтау үстелі, орамалдарға арналған ілгіш пен «кір киімдерге арналған» таңбасы бар бак орнатылады.
      56. Жатын бөлмелер жеке таңбалары бар стационарлы кереуеттермен жабдықталады. Кереуеттердің өлшемі:
      1) үш жасқа дейінгі балалар үшін кереуеттің ұзындығы 120 сантиметр (бұдан әрі – см), ені 60 см, қоршауы мен төсегінің биіктігі өзгереді;
      2) үш-жеті жастағы балалар үшін кереуеттің ұзындығы 140 сантиметр, ені 60 см.
      57. Мектепке дейінгі топтарда екі қабатты кереуеттерді және төсегі қатты жиналмалы кереуеттерді (жайылатын төсектер) пайдалануға жол беріледі.
      58. Қабылдау және шешінетін бөлмелер балалар мен персоналдың сыртқы киімдеріне арналған шкафтармен жабдықталады. Киімдерге арналған шкафтарда бас киімге арналған сөрелер мен сыртқы киімдерге арналған ілгіштері бар жеке таңбаланған ұяшықтары болады.
      59. Балалар топтарының дәретханаларында балалардың сүлгілері мен жеке бас гигиенасы құралдарына арналған жеке ұяшықтары бар қабырғаға ілінетін немесе аспалы ілгіштер; сәби топтарында жеке таңбасы бар түбектерге арналған шкафтар орнатылады.
      60. Теледидар бағдарламаларын қарау үшін экран көлемі кемінде 59 сантиметр теледидарлар пайдаланылады. Теледидарларды 1-1,3 м биіктікте орнату көзделеді. Диапроектор экраны еденнен кемінде бір метр және 1,3 м артық емес биіктікте ілінеді. Теледидар экранынан көрермендерге дейінгі арақашықтық 4-тен 6 м дейін, диапроектор экранынан 1,2-ден 2,4 м дейін болады. Орындықтар төрт-бес қатарға орналастырылады. Орындықтар қатарларының арасындағы қашықтық 0,5-0,6 м көзделеді. Балаларды бойын ескере отырып отырғызу керек.
      61. Кешкі уақытта теледидар бағдарламаларын, диафильмдерді, бейнефильмдерді қарау жасанды жалпы немесе жергілікті жарықтандыруда жүзеге асырылады. Күндіз терезелерді жеңіл ақшыл перделермен жабу керек. Теледидар бағдарламалары мен диафильмдерді көру ұзақтығы төрт-бес жастағы балалар үшін жиырма минуттан, ал алты жастағы балалар үшін отыз минуттан аспайды.
      62. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

7. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының учаскесін және
үй-жайларын күтіп-ұстауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      63. Барлық үй-жайларды жинау желдетумен күнделікті, жуу құралдарын қолдана отырып ылғалды әдіспен жүргізіледі. Әйнектердің ішкі беттері апта сайын сүртіледі, айына бір рет жуылады; сыртқы беті ластануына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет. Еден күніне екі рет жуылады; жиһаздар, радиаторлар, терезенің алды, балалардың киім шкафтары күн сайын сүртіледі және аптасына бір рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелерде жинау әр сабақтан соң жүргізіледі.
      64. Барлық үй-жайларды күрделі жинау ай сайын және эпидемиоллгиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өнімдер мен заттардың тізіліміне сәйкес.
      65. Сору желдеткіш жүйелерінің жалюз торкөздері шаңнан тазартылады, оларды тек сыртқы ауа мен үй-жай ауасының температурасы күрт өзгерген кезде жабу керек.
      66. Сору желдеткішінің шахталарын тазалау жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Әйнектерін сыртқы және ішкі жағынан тазалай отырып терезе ойықтарын жуу жылына екі рет (көктемде және күзде) жүргізіледі.
      67. Топтық бөліктердің қызмет етуі кезінде күрделі жөндеу және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін жүргізуге жол берілмейді.
      68. Жаңадан сатып алынған ойыншықтарда олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттары болуы тиіс. Жұмсақ және түкті ойыншықтарды қоспағанда, ойыншықтар пайдалану алдында 2% сабынды-сода ерітіндісін қолдана отырып жуылады, ағын сумен шайылады, содан соң кептіріледі.
      69. Бірінші топтағы сәбилер үшін пайдаланылған ойыншықтар күніне екі рет 2% сабынды-сода ерітіндісін қолдана отырып жуылады, содан соң ағын судың астында шайылады және кептіріледі. Ересек балаларға арналған пайдаланылған ойыншықтар күнделікті күннің соңында жуылады. Қуыршақтың киімі ластануына қарай жуылады және үтіктеледі. Ойыншықтарды жуатын ыдыс таңбаланады.
      70. Іші жұмсақ материалдармен толтырылған ойыншықтар пайдаланылғаннан кейін күн соңында бактерицидті шаммен 30 минут бойы, 25 сантиметр арақашықтықта дезинфекцияланады. Пенолатекс, түкті ойыншықтар дайындаушы-зауыттың нұсқауы бойынша өңделеді.
      Сәби жастағы балаларға және изоляторда іші жұмсақ материалдармен толтырылған және пенолатекстен жасалған түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.
      71. Барлық төсек әбзелдері (матрацтар, жастықтар, көрпелер) таңбаланады, төсек әбзелдері жиналмалы (жайылатын) кереуеттерді қолданғанда таңбаланады. Үш төсек әбзелінің жиыны және екі матрац тысы болуы қажет.
      72. Төсек әбзелдерін, сүлгіні ауыстыру ластануына қарай, аптасына кемінде бір рет жүргізіледі. Төсек әбзелдері мен жаялықтар пайдаланылғаннан кейін арнайы таңбаланған ыдыстар мен қаптарға салынады. Кір төсек әбзелдері кір жуатын орындарға (клеенка және мата) қаптарда жеткізіледі. Мата қаптар жууға беріледі, клеенка қаптар сабынды-сода ертіндімен өңделеді. Топқа таза төсек әбзелдері жуылған қаптарда жеткізіледі. Төсек әбзелдерін: матрацтарды, жастықтарды, көрпелерді, жатын қаптарын әрбір күрделі жинау кезінде тікелей жатын бөлмелерде терезені ашып желдетіп, мерзімімен сыртқа шығару керек. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша камералық әдісті қолдану арқылы дезинфекциялау жүргізіледі.
      73. Кілемдер күнделікті шаңсорғышпен тазартылады, ал ауқымды жинау кезінде қағылады және ылғал щеткамен сүртіледі, жылына бір рет химиялық өңдеуден өткізіледі. Құндақтау үстелдерін, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердің, төбешіктердің жапқыштарын күніне екі рет және ластануына қарай сабынмен жуу керек. Нәжіспен былғанған жағдайда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып арнайы бөлінген шүберекпен бөлінділерден тазалау жүргізіледі.
      74. Жеке түбектерді пайдалану қызмет көрсететін персоналдың қадағалауымен жүргізіледі. Түбектер қолданылғаннан кейін ыстық сумен (температура 60оС төмен емес) жуылады. Унитаздар, ванналар, есіктердің тұтқалары, еден, крандар, қабырғалар күнделікті жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады.
      75. Топтарға арналған үй-жайлардағы үстелдер тамақ ішер алдында және содан соң ыстық сумен жуылады, орындықтар күніне бір рет сүртіледі.
      76. Жабдықтың әрбір түрі сүртіледі, қолданғаннан кейін жуылатын, кептірілетін және құрғақ күйінде қақпағы бар, арнайы таңбаланған ыдыста сақталатын арнайы шүберекпен жуылады.
      77. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда белгіленген тәртіппен ағымдық және қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
      78. Сәби топтарында кәріз болмаған жағдайда нәжіс жинауға арналған қақпағы бар шелек, түбектерге арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылық және оларды шаюға арналған таза суы бар шелектер болуы қажет.
      79. Дәретхананы жинауға арналған жинау мүкаммалының (шүберектер, шелектер, шөткелер) таңбасы болады және дәретхана бөлмесіндегі арнайы шкафта сақталады. Барлық жинау мүкаммалын қолданғаннан кейін жуу құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың ішкі беттерін тазалау үшін бір унитазға кемінде екі щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерде сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерітіндісі ерітіндінің дайындалған күні көрсетілген белгі бекітілген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес дайындалады.
      80. ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кіруін болдырмау үшін желдету үшін ашылатын терезелерге, желдеткіштерге, фрамугаларға тор көздер орнатылады.
      81. Ғимаратқа кіретін жерде қырғыштар, торлар, кілемшелер, щеткалар орнатылады, әр үй-жайдың кіретін есігінің жанында балалардың әрбір кіргенінен кейін тазаланып жуылатын ылғал кілемшелер төселеді.
      ББМДҰ-ның учаскесі таза ұсталады.
      Ойын алаңының жабдығы және кіші сәулеттік нысандары балаларды серуендету және ойнату алдында күнделікті сүртіледі, құм алаңындағы құм ылғалданады, аптасына бір рет араластырылады. Құм айына бір рет ауыстырылады немесе 7-10 күнде бір рет қайнаған сумен өңделеді және бетін жабатын бастырмасы болады.
      82. Кәріз болмаған жағдайда су өткізбейтін, бетондалған қоқыс төгетін орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 көлемі толған кезде тазалау және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу керек. Ауладағы дәретханалардың ішкі беттері мен есіктерінің тұтқалары күн сайын жуылады және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып өңделеді.
      83. Жүзу бассейндерін жобалау, салу, реконструкциялау кезінде санитариялық ережелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 555 бұйрығымен регламенттеледі.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      84. Жылына кемінде бір рет жаз мезгілінде ББМДҰ-ның ғимараты мен үй-жайларына ағымды жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлік коммуникацияларға тексеру жүргізіледі.

8. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымының ауа-жылу режиміне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      85. Тікелей немесе бұрыштан желдету балалар болмаған кезде жүргізіледі. Желдетудің ұзақтығы сыртқы ауаның температурасына, желдің бағытына, жылу жүйесі жұмысының тиімділігіне байланысты және балалардың топтардың бөлмелеріне қайтып келуіне отыз минут қалғанда аяқталады. Дәретханалар арқылы желдетуге тыйым салынады. Бір жақты желдетуді балалар бар кезінде жүргізуге жол беріледі. Жылдың жылы мезгілінде үй-жайда ауа алмастыруды тоқтаусыз жүргізу ұсынылады, салқын мезгілде ересек балалар үшін үй-жайдағы ауаның температурасын қосу 18оС дейін және кіші мектепке дейінгі балалар үшін қосу 19оС дейін төмендетіп желдетуге жол беріледі.
      86. Жылдың салқын мезгілінде фрамугаларды, желдеткіштерді балалар ұйықтағанға дейін жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтаған кезде бір жақтан ашып, оянар алдында отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы мезгілінде ұйықтау үй-жай ауасының температурасын ескере отырып терезелер, фрамугалар ашық кезінде жүргізіледі.
      87. Ауаның температурасын бақылау балалар бойының ұзындығына байланысты ішкі қабырғада 0,8-1,2 м биіктікке ілінген тұрмыстық термометрдің көмегімен жүзеге асырылады.
      88. Балаларды таза ауада серуендету оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес күніне кемінде екі рет жүргізіледі. Ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдің жылдамдығы 7 м/с артық болғанда серуендеудің ұзақтығы қысқартылады. 4 жасқа дейінгі балалар үшін серуендеу ауаның температурасы -15оС-тен төмен және желдің жылдамдығы 15 м/с болғанда, ал 5-7 жастағы балалар үшін ауаның температурасы -20оС-тен төмен және желдің жылдамдығы 15 м/с артық болғанда жүргізілмейді. Барынша сауықтыру әсерін қамтамасыз ету үшін:
      1) бағдарламада көзделген балалардың таза ауада болу мерзімін қысқартуға жол бермеу керек;
      2) балалар киімдерінің ыңғайлы жағдайында серуендеу уақытында балалардың қимылдау белсенділігін барынша қамтамасыз ету қажет.

9. Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      89. Ас блогының құрамына мыналар кіреді: дайындау және ыдыс жуу бөлмесі бар ас үй, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түлікке арналған қойма және көкөністер қоймасы. Ыдыс жуу, дайындау және өңдеу бөлмелері ас үйден қалқалармен бөлінеді немесе мақсатына қарай аймақтарға белгіленеді.
      Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      90. Ас блоктарында: көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабатында, жекеменшік үй иеліктерінде, сондай-ақ осы санитариялық ережелер бекітілгенге дейін салынған мектепке дейінгі ұйымдардың технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен жабдықталуы, тамақ қабылдау жағдайлары ББМДҰ-ның қуатына байланысты тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен келісіледі.
      91. Тамақ өңдеу және дайындау үшін арнаулы электр жабдығы орнатылады, газ плитасын қоюға жол беріледі. Ас үй үй-жайлары механикалық сору желдеткішімен жабдықталады. Елуге дейін орны бар селолық ББМДҰ-да оттығы бөлек үй-жайға шығатын, қатты отынмен жанатын ас үй плитасын қолдануға жол беріледі.
      92. Термометрлері бар тоңазытқыш қондырғылары қарастырылады. Тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш қондырғыларында өнімдердің әр түрін сақтауға арналған орындарды нақты анықтау керек.
      93. Бір жастағы балаларға арналған өнімдер (қоспалар) бөлек тоңазытқыштарда сақталады. Көкөністер көкөністер қамбасында (көкөніс қоймасында), құрғақ өнімдер сөрелермен, шкафтармен немесе стеллаждармен жабдықталған қоймаларда сақталады. Өңдеуге арналған үстелдердің беттері тұтастай металдан жасалған тотықпайтын болаттан немесе дюралюминийден қарастырылады. Бетіне мырышты темір төселген үстелдерде тек шикі ет пен балықты өңдеуге жол беріледі. Қамырға беті тегіс сүрленген, ағаштың қатты түрінен жасалған үстел қарастырылады.
      94. Шикі және дайын өнімдерді бөлшектеу үшін бөлек бөлшектеу үстелдері, ағаштың қатты түрінен жасалған, тегістелген жарықтары мен саңылаулары жоқ пышақтар мен тақтайлар болуы керек. Пластмассадан және престелген фанерадан жасалған бөлшектеуге арналған тақтайларды пайдалануға жол берілмейді.
      Тақтайлар мен пышақтар былай таңбалануы тиіс: «ШЕ» - шикі ет, «ШТ» - шикі тауықтар, «ШБ» - шикі балық, «ШК» - шикі көкөністер, «ПЕ» - піскен ет, «ПБ» - піскен балық, «ПК» - піскен көкөністер, «Гастрономия», «Майшабақ», «Н» - нан, «Ас көк».
      95. Қалдықтар қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, оларды тазалау олардың 2/3 көлемінен артық толуына қарай жүргізіледі. Сыйымдылықтар күнделікті тазартылады және 2% кальцийленген сода ерітіндісімен жуылады, содан кейін ыстық сумен шайылып, кептіріледі.
      96. Сапасы мен қолданылу саласы сапа және қауіпсіздік сертификаттарымен расталатын тотықпайтын болаттан, шойыннан (таба), қалайыланбаған темірден (қаңылтыр таба) жасалған эмальданған ас үй ыдыстарын қолдануға жол беріледі. Ас үй ыдыстары арнайы сөрелерде немесе стеллаждарда, ұсақ мүкаммал шкафтарда сақталады.
      97. Ас үй ыдыстарын жуу үшін жуатын ванналар орнатылады немесе оларға ыстық және суық суы жүргізіледі. Ваннаның кәрізге қосылатын жерінде ауа айырғыш қарастырылады.
      98. Ас блогының үй-жайларында жуу құралдарын қолдану арқылы ылғалды тәсілмен күнделікті жинау, кейіннен барлық үй-жайларды, жабдықтар мен мүкаммалды дезинфекциялау арқылы айына бір рет ауқымды жинау жүргізіледі.
      99. Бөлшектеу мүкаммалы (тақтайлар, қалақшалар, араластырғыштар) және ас үй ыдыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен (500С) жуылады, ыстық сумен шайылады, содан соң стеллаждарда кептіріледі.
      Метал мүкаммал жуғаннан кейін духовкада қыздырылады; ет турағыштарды қолданғаннан кейін бөлшектейді, жуады, ыстық сумен шаяды және кептіреді. Ыдыстарды, ас үй мүкаммалын және үстелді жуып болғаннан кейін шүберек жуылады, жиырма бес минут бойы қайнатылады, кептіріледі және жабық ыдыста сақталады. Щетка, ерштер жуылады және арнайы бөлінген жерде сақталады.
      100. Дератизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.
      101. ББМДҰ-ға жеткізілетін тағам өнімдерінде сертификаттары немесе олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары болады. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.
      Тез бұзылатын өнімдер тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда 2-6оС температурада және осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес сақталады. Тоңазытқыш камераларындағы және тоңазытқыштардағы температураны бақылау үшін термометрлер қолданылады. Бір тоңазытқыш жабдығы болған кезде ет, балық пен сүт өнімдерін сақтау орындары жеңіл жуылатын және өңделетін арнайы сөрелердің міндетті құрылғысымен қатаң шектелген болуы тиіс.
      102. Сусымалы өнімдер құрғақ, желдетілетін үй-жайларда қабырғадан 20 см және еденнен 15 см қашықтықта орналасқан стеллаждардағы қаптарда немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталады.
      103. Ақ нан мен қара нан бөлек, есіктерінде желдетуге арналған тесіктері бар шкафтарда сақталады, астыңғы сөренің еденнен арақашықтығы кемінде 35 см қарастырылады. Шкафтардың сөрелері қоқымнан арнайы щеткалармен тазартылады және 1% асханалық сірке су ерітіндісін қолдану арқылы шүберекпен сүртіледі.
      104. ББМДҰ-да балаларды ыстық тамақтандыру балалар кемінде төрт сағат болған кезде ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақты ББМДҰ-ның арнайы қызметкері дайындайды.
      Балалардың тамағы толыққанды, өнімдердің құрамы бойынша әртүрлі, өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін негізгі тағамдық заттармен толығымен қанағаттандыратын болуы, тағам картотекасы және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілген өнім тізбесінің ассортименті бойынша ұсынылатын жеті және он күндік ас мәзірі негізінде жасалуы тиіс.
      Жазғы сауықтыру кезеңінде рационға жемістерді, шырындарды, сүтті қосу арқылы қосымша тамақ ішу (екінші таңғы ас) есебінен тамақ ішу жиілігі көбейеді және түске дейін кемінде 1,5-2 сағат бұрын беріледі.
      105. Күнделікті дайын өнімнің тәуліктік сынамасы қалдырылады. Тәуліктік сынаманы таңдау және сақтау медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнатып өңделген) шыны ыдысқа салынады және тоңазытқыштың арнайы бөлінген жерінде +2oС -тан +6oС –қа дейінгі температурада сақталады. Тәуліктік сынамалар келесі күні немесе демалыс күннен кейін (демалыс күнінің санына тәуелсіз) дайындалған таңғы аспен, түскі аспен, түстен кейінгі жеңіл тамақпен немесе кешкі аспен ауыстырылғанға дейін сақталады.
      106. Осы санитариялық ережелерге 6-қосымшада:
      ББМДҰ-да тәрбиеленетін балаларға арналған тамақтану нормалары (1-кесте);
      балаларға арналған қуат, ақуыздар, майлар мен көміртектер тұтынудың ұсынылатын шамалары (2-кесте);
      тәуліктік рационның құнарлығын бөлу (3-кесте);
      балалар үшін жастарына байланысты үлестерінің массасы (4-кесте);
      бір азық-түлікті басқа азық-түлікпен ауыстыру кестесі (5-кесте);
      салқындатып өңдегендегі шығындар (6-кесте);
      жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнімдерінің шығындары (7-кесте) келтірілген.
      107. ББМДҰ-ның медицина қызметкері:
      1) күнделікті ас мәзірін құрастырады және аспаздық өңдеудің дұрыстығына, өнімдердің толық салынуына, тағамның шығымына және дайын тағамның дәмдік сапасына бақылау жасайды;
      2) үшінші тамақтарға С витаминін қосуды жүргізеді, өнімдерді сақтау, өткізу мерзімдерінің және ас блогының санитариялық жағдайының сақталуын бақылайды.
      108. Дайын тамақ балаларға сынамасы алынып, бағаланып және дайын тамаққа арналған бракераж журналына жазылғаннан кейін беріледі. Медицина қызметкері әр тағам түрінің дәмдік сапасын бағалайды, үлестірілетін тағамның салмағы мен көлемінің ас мәзірінде көрсетілген мөлшерге сәйкестігін көрсетеді.
      109. Тағам шығымын тексеру үшін он порция өлшенеді. Медицина қызметкері айына бір рет тағамның құндылығына және ингредиенттеріне есептеу жүргізеді.
      110. Тамақ дайындау кезінде мына талаптар сақталады:
      1) шикі және піскен өнімдерді өңдеу тиісінше таңбаланған бөлшектеу мүкаммалын қолдана отырып әртүрлі үстелдерде жүргізіледі;
      2) ет-сүйек сорпалары сүзіледі;
      3) салаттарға арналған шикі көкөністер өңделеді және «ПК» - піскен көкөністер деген таңбасы бар тақтайшалар мен үстелдерде туралады;
      4) кемінде екі ет турағыш қарастырылады, шикі және піскен өнімдерге бөлек;
      5) ет немесе балық турамасынан жасалған котлеттер, биточкалар екі жағынан кемінде он минуттан қуырылады және дайын болғанға дейін 220-250оС температурада духовкада қуырылады;
      6) бірінші және екінші тамақтарға қолданылатын піскен ет он минут бойы 220-250оС температурада қайталап термиялық өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) ұшырайды;
      7) пісірмелер, омлеттер бес-алты минут бойы 220-250оС температурада духовкада пісіріледі;
      8) бірінші және екінші тамақтар ыстық плита үстінде екі-үш сағаттан артық тұрмайды;
      9) ашыған сүт нан илеуге ғана жұмсалады;
      10) қатық, ірімшік және басқа да ашыған сүт өнімдерін, ет қосылған құймақтар, флотша макарон, зельцтер, кремі бар кондитерлік өнімдер, сусындар, морс, форшмак, фритюр өнімдерін, студень, паштеттерді, гамбургерлерді, хот-догтарды, фритюрде қуырылған тоқаштарды, езілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды дайындауға жол берілмейді;
      11) пастерленбеген, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеуі жоқ сүт, ірімшік және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін, үйде дайындалған консерві өнімдерін, газдалған сусындарды пайдалануға жол берілмейді;
      12) сүт өңдеу ұйымдарында өндірілген шағын орамадағы қаймақ пен ірімшік арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді.
      111. Өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде витаминдерді сақтау ережесін сақтау қажет: көкөністердің қабығын жұқалап аршу, көкөністерді түнде аршып қоймау, аршылған көкөністерді суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындау үшін оларды қайнаған суға салу.
      Гиповитаминоздың алдын алу мақсатында салқын сусындарды (компот, кисель және т.б.) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргізіледі. Компотты витаминдеу 12-15оС температураға дейін салқындатылғаннан кейін, оларды өткізу алдында жүргізу ұсынылады, ал кисельге аскорбин қышқылының ерітіндісін 30-35оС температураға дейін суығанда, оны араластырып және өткізу температурасына дейін салқындата отырып құяды. С витаминінің тәуліктік нормасы сәби жасындағы балалар үшін 50 миллиграмм, ал мектеп жасына дейінгі балалар үшін 70 миллиграмм. Витаминделген тағамдар жылытылады.
      112. Тағам өнімдерін тасымалдауды арнайы жабдықталған автокөліктерде жүргізу қажет. Автокөліктің «Объектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5899 болып тіркелген) сәйкес санитариялық паспорты болуы қажет.
      Экспедитордың арнайы киімі және «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 768 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5895 болып тіркелген) сәйкес жеке медициналық кітапшасы болуы қажет.
      Өнімдерге арналған ыдыстар таңбаланады және тағайындалуына қарай қолданылады, қолданылғаннан кейін тазартылады, 2% кальцийленген сода ерітіндісі бар ыстық сумен жуылады (1 литр суға 20 грамм), шайылады, кептіріледі және сөрелерде сақталады.
      113. ББМДҰ-да фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай ыдыстары, тотықпайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдаланылады. Шеті сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.
      114. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшін тиісті таңбалары бар үш ұялы жуғыш немесе ыдыс жуатын машина орнатылады. 2003 жылға дейін салынған және қайта жаңартылған ББМДҰ-да екі ұялы жуғыштарға рұқсат етіледі.
      Алдымен 50-60оС температурада бірінші ұяда рұқсат етілген жуу құралдарын қоса отырып шай ыдыстары жуылады, шайылады, содан соң асхана ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде оларды тамақ қалдықтарынан мұқият тазарту қажет, бірінші ұяда 50-60оС температурада жуу құралдарын қоса отырып ыстық сумен жуады, екінші ұяда 65оС-дан төмен емес температурада ағынды сумен шаяды, торкөзді сөрелердің үстіне кептіріледі. Арнайы жуғыш және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш легенде рұқсат етілген жуу құралдарын қосу арқылы ыстық суда жуылады, жуылған ыдыс ыстық суда шайылады, кейіннен кептіріледі.
      115. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар рұқсат етілген жуу құралдарын қоса отырып жуылады, 65оС температурадағы ыстық сумен шайылады және кептіріледі. Емізіктер жуылады, он бес минут бойы қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кішкене бөтелкелер қыл және майсыздандыратын құралдардың көмегімен (қыша, ас содасы) жылы ағынды сумен жуылады, содан соң он бес минут қайнатылады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек жуылады, кептіріледі, ашық эмаль ыдыста құрғақ күйінде сақталады.
      Ыдыстарды зарарсыздандыру үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша әр топқа құрғақтай қуыратын шкафтар немесе дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыстарды шылауға арналған сыйымдылықтар орнатылады.
      116. Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшін таңбаланған қақпағы бар сыйымдылық бөлінеді, ол әр қабылданған тамақтан кейін тазартылады, кальцийленген сода ерітіндісімен жуылады, ыстық сумен шайылады және кептіріледі.
      117. Ас блогының қызметкерлері кемінде арнайы киімнің үш жиынымен және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды:
      1) жұмыс басталар алдында сырт киімін шкафқа іледі, қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады;
      2) тек таза арнайы киіммен жұмыс істейді;
      3) ас блогынан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда арнайы киімді шешеді, асханаға оралғаннан кейін қолын сабынмен және шөткемен ыстық суда жуады, содан соң арнайы киімді киеді.

10. Балалар мен персоналға медииналық көмек көрсетуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      118. ББМДҰ сәйкес медицина қызметкерлерінің білікті кадрларымен толықтырылады.
      Медицина қызметкері болмаған жағдайда балаларды медициналық-санитариялық қамтамасыз етуді аумақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
      Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      119. ББМДҰ-ның медицина персоналы емдеу-профилактикалық сауықтыру іс-шараларын өткізеді.
      ББМДҰ-ның емдеу-сауықтыру жұмысының тиімділік критерийі ретінде балалардың денсаулық жағдайларының жақсаруы болып табылады. Балалардың денсаулық жағдайларын бағалауды ағымды қадағалаулар мен профилактикалық тексеріп-қараулар негізінде жүргізеді.
      Балалардың әр жас топтары үшін сырқаттанушылықты төмендетуге және балалардың денсаулығын күшейтуге бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын құрастырылады.
      Декреттелген жастағы балаларды профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі және дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдерді қарастырады. Басқа балаларға жыл сайын скрининг-тестілеу және педиатриялық тексеріп-қарау өткізіледі. Көрсеткіштері бойынша балалар басқа да дәрігерлерге тексеріледі.
      120. Балалар мен персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда ББМДҰ-ның басшылығы, оның персоналы мен медицина қызметкерлері мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгілеген мерзімде және көлемде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
      121. Ас блогының қызметкерлерін мейірбике күн сайын ас блогы қызметкерлерін тексеріп-қарау журналына міндетті түрде белгілей отырып іріңді аурудың барлығына тексереді.
      ББМДҰ-да инфекциялық аурумен ауыратын немесе күдігі бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан шеттетіледі.
      122. ББМДҰ-да осы санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес есепке алу-есептілік құжаттамасы жүргізілуі қажет.
      Шағын ББМДҰ-да (шағын орталықтарда) жарақтандыру және жабдықтау, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттама тізбесін жүргізуі тиісті аумақтағы халықтық санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
      Медициналық кабинет осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс.
      Аудан жеткілікті болған жағдайда ББМДҰ-ның медициналық блогына осы санитариялық ережеге 10-қосымшаға сәйкес физиотерапевтиялық кабинет жабдықталады.
      123. ББМДҰ-ның қызмет көрсететін персоналында бөлек шкафта сақталатын арнайы киімдері болуы тиіс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киім, орамал, бас киім, белдемше.
      Дәретхана бөлмесіне кірер алдында халатты шешіп және шыққан соң қолды мұқият сабынмен жуу керек. Персоналға дәретханасы бар үй-жай бөлінеді. Персонал үшін дәретханасы бар үй-жай болмаған жағдайда балалардың дәретхана алаңында персонал үшін бөлек жабық санитариялық кабина қарастыру керек.
      124. ББМДҰ-ға барлық медициналық тексеріп-қараулар мен зерттеп-қараулардың қорытындылары, гигиеналық оқытудан өткені және жұмысқа жіберілгені туралы белгілері бар жеке медициналық кітапшасыз қабылдауға жол берілмейді.

11. Балалардың білім берудің мектепке дейінгі ұйымында болуына
және гигиеналық тәрбиесіне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      125. ББМДҰ-ға кірер алдында бала медициналық тексеріп-қараулардан, қажет болған жағдайда сауықтырудан өтеді. Баланы бір ұйымнан екіншісіне ауыстырған кезде дәрігер немесе учаскелік педиатр даму тарихының үзіндісін жазады.
      126. ББМДҰ-ға бала қабылданғанда дәрігер баланың ата-анасынан баланың өсуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинайды, оның денсаулық жағдайына, физикалық және жүйкелік-психикалық дамуына баға береді, педагогпен бірге балаға күн тәртібі бойынша жеке тағайындаулар, тамақтану және сауықтыру шараларын белгілейді.
      Баланың денсаулық жағдайы туралы мәлімет медициналық картаға жазылады.
      127. Балаларды күнделікті таңертеңгі қабылдауды тәрбиеші ата-анасынан баланың денсаулық жағдайын сұрау, тамағын, денесін қарау, ыстығын өлшеу арқылы жүргізеді. Сәби топтарындағы балалардың бәрінің температурасы өлшенеді, мектеп жасына дейінгі топтағыларда көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Таңертеңгі қарау кезінде анықталған науқастар мен ауруға күдігі бар балалар ББМДҰ-ға қабылданбайды.
      Бір күн ішінде ауырған бала балалардан оқшауланады және ата-анасы келгенге дейін оқшауланған үй-жайға ауыстырылады, шұғыл жағдайларда емдік-профилактикалық ұйымдарға ауруханаға жатқызылады.
      128. Ауырғаннан кейін немесе басқа да себептер бойынша үш және одан да көп күн болмағаннан кейін балалар ББМДҰ-ға учаскелік дәрігер-педиатрдан аурудың аты, ұзақтығы, жасалған емнің түрлері, инфекциялық науқастармен байланыста болмағаны туралы мәліметтері көрсетілген анықтамасы бар болғанда қабылданады.
      129. Таңертеңгілік тазалық балалардың үйінде жүргізіледі, ата-анасы таза, ұқыпты киіндіріп әкеледі. Балаларда жеке гигиенаны сақтау әдетін ата-анасы мен ББМДҰ-ның педагогикалық персоналы қалыптастырады.
      130. Санаториялық ББМДҰ-да себезгі бөлмелері қарастырылуы тиіс, балаларды жуындыру кесте бойынша жеті күнде кемінде бір рет төсек әбзелдерін, үстіге киетін киімдерді және орамалдарды ауыстыру арқылы қарастырылуы тиіс.
      Төсек әбзелдері, орамалдар, жеке бас гигиенасының құралдары (тіс щеткасы, тарақ, ысқыш) әр бала үшін бөлініп беріледі. Жеке тіс щеткалары және ауызды шаюға арналған ыдыс санитариялық блоктан оқшауланған үй-жайда ашық ұяшықтарда сақталады.
      131. Күн тәртібі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйқының, демалудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын өткізу ұзақтығының, тиімді тамақтануды ұйымдастырудың, дене тәрбиесінің гигиеналық нормасына сәйкес болады.
      Күні бойы қызметтің барлық түрлері мен демалысты ұйымдастыру ББМДҰ-да балаларды тәрбиелеу және дамыту бағдарламасының негізінде құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін осы санитариялық ережелерге 11-қосымшаға сәйкес қабылдау қажет.
      132. Балалардың қызметін жоспарлаған кезде оқу жүктемесін күн, апта, жыл бойына тең бөлу ұсынылады.
      133. Оқу жылының басында дайындық тобында балалардың оқуға функционалдық дайындығын анықтау керек. Оқуға дайын емес, тілінің дамуында мүкісі бар және суық тиіп жиі ауыратын балалар үшін күн тәртібінде мамандармен арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру іс-шараларын қарастыру керек.
      134. Қозғалыс режимінің негізін дене жаттығуларымен айналысу және әр түрлі нысандағы ойындар мен балалардың өз бетімен қозғалу қызметі құрайды. Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медицина қызметкерінің бақылауымен топ тәрбиешілері, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушылар жүргізеді.
      135. Дене тәрбиесін медициналық және педагогикалық бақылау мына түрде жүргізіледі:
      1) балалар емханасы немесе мектепке дейінгі ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы профилактикалық тексеріп-қараулары кезінде өткізілетін балалардың денсаулық жағдайларын, физикалық дамуын және дене тәрбиесінің тиімділігін бағалауды динамикалық бақылау;
      2) қозғалыс режимінің ұйымдастырылуын, сабақтарды дене шынықтыру жаттығуларымен және шынықтыру рәсімдерімен өткізу әдістерін бақылау;
      3) ББМДҰ-ның персоналы, ата-аналар арасында дәрігердің, мейірбикенің, ұйым басшысының, тәрбиешілердің, әдіскердің дене тәрбиесі мәселелері жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуі.
      136. Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық оқыту және тәрбиелеу өскелең ағза функцияларының қалыптасуы, дененің және психикалық даму динамикасын есепке ала отырып жүйелі жүзеге асырылады.
      Гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты саналы мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
      137. Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиеналық тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны мына бөлімдер бойынша тәжірибелік жұмыс болып табылады:
      1) дене тәрбиесі: денсаулықты нығайту, жаттығулар жасау, шынығу, белсенді қозғалу режимі дағдыларын бойға сіңіру;
      2) адамгершілік тәрбиесі: мінез-құлық мәдениеті, денсаулыққа саналы қарым-қатынас;
      3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбек дағдыларын, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын бойына сіңіру, гигиеналық ұсынымдарды орындау қажеттілігін қалыптастыру.
      138. Балаларды дене, ауыз қуысының гигиенасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасы құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін ұстау, тамақтану, шомылу әдеттеріне дағдыландыру.

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 1-қосымша        

ББМДҰ топтарының балалардың жасын есепке ала отырып жинақталуы


Топтар

Жасы

Балалар саны

1

Сәби:
сәби жастағы топ

бір жастан екі жасқа дейін

10

бірінші кіші топ

екі жастан үш жасқа дейін

20-дан артық емес

топта екі жастағы балалар бар болғанда

бір жастан үш жасқа дейін

10-нан артық емес

2

Мектепке дейінгі:
екінші кіші топ

үш жастан төрт жасқа дейін

25-тен артық емес

орта топ

төрт жастан бес жасқа дейін

25-тен артық емес

ересек топ

бес жастан алты жасқа дейін

25-тен артық емес

дайындық тобы

алты жастан жеті жасқа дейін

25-тен артық емес

топта кез келген үш жастағы балалар бар болғанда

үш жастан жеті жасқа дейін

20-дан артық емес

топта кез келген екі жастағы балалар бар болғанда

үш жастан жеті жасқа дейін

20-дан артық емес

Топтық бөліктер үй-жайларының аудандары:

      Киім шешетін орын (қабылдау бөлмесі) – ауданы кемінде 18 шаршы м;
      Топ бөлмесі (ойын бөлмесі) – ауданы кемінде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемінде 2,5 шаршы м, мектепке дейінгі топтарда кемінде 2,0 шаршы м есебінен);
      буфет – ауданы кемінде 3,8 шаршы м;
      жатын бөлме – ауданы кемінде 50 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемінде 1,8 шаршы м, мектепке дейінгі топтарда кемінде 2,0 шаршы м есебінен).
      дәретхана – ауданы кемінде 16 шаршы м (сәби топтарында 1 балаға кемінде 0,8 шаршы м есебінен).

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 2-қосымша        

Мектепке дейінгі ұйымдар ғимараттары
үй-жайларының құрамы және ауданы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.25 № 833 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Үй-жайдың атауы

Жобалық қуаты шаршы метр болғандағы үй-жай ауданы



50

95

140

190

280

Сәбилер топтарының топтық бөліктерінің үй-жайы

қабылдау бөлмесі

18

18

18

18

18

ойын бөлмесі

50

50

50

50

50

жатын бөлме

50

36

36

36

36

дәретхана

16

12

12

12

12

буфет

3

3

3

3

3

Мектепке дейінгі топтардың топтық бөліктерінің үй-жайы

қабылдау бөлмесі

18

18

18

18

18

ойын бөлмесі

50

50

50

50

50

жатын бөлме

50

50

50

50

50

дәретхана

10

16

16

16

16

буфет

3

3

3

3

3

Медициналық үй-жайлар

медициналық кабинет

6

8

8

8

10

емшара кабинеті

-

-

-

8

8

изолятор:

-

-

-

-

-

палата

6

6

6

6

6

дәретхана

2

2

2

2

4

дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған үй-жай

-

2

-

2

2

Физиотерапевт кабинеті

-

2

2

2

2

Ас блогының үй-жайлары

тарату бөлмесі бар ас үй

15

23

23

28

30

дайындау цехы

6

8

8

12

14

ас үй ыдыстарын жуу бөлмесі

4

4

4

5

6

салқындату камерасы

-

-

-

-

9

құрғақ азық-түлік қоймасы

7

8

8

11

6

көкөністер қоймасы

4

4

4

5

8

тиеу бөлмесі

-

4

4

5

6

Кір жуатын бөлме

кір жуу бөлмесі

12

14

14

16

16

үтіктеу бөлмесі

-

10

10

12

12

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

меңгеруші кабинеті

10

10

10

9

9

персонал бөлмесі

-

8

8

10

12

шаруашылық қоймасы

4

5

5

8

12

таза төсек әбзелдерінің қоймасы

4

6

6

8

10

кастелянша бөлмесі

-

-

-

-

6

себезгі бөлмесі

-

2

2

2

2

персоналға арналған дәретхана

3

3

3

3

6

әдістемелік кабинет

8

10

10

15

15

психологтың кабинеті

6

8

8

8

10

      60-45о солтүстік ендіктегі аудандар үшін топтар, ойын, жатын бөлмелердің, залдардың, изолятор палаталарының, ас үйлердің терезелерін 200-275о және 45о оңтүстік ендіктегі аудандар үшін 90-2900 азимутқа бағыттағанда күннен қорғау құрылғыларын пайдалану қажет. Күннен қорғау құралдары ретінде жалюздер, күн қағарлар, жарық өткізетін және жарық сейілдіретін қасиеті бар мақта-матадан жасалған перделер ұсынылады.

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 3-қосымша        

Мектепке дейінгі ұйымдардың санитариялық-техникалық
жабдықтармен қамтамасыз етілу жағдайы

р/с

Үй-жай

Қол жуғыш

Унитаздар

қоспалауышы бар су ағызғыш (видуар)

су айырғыш кран

аралас қоспа-лауышы бар ванна

иілгіш шлангідегі себезгі торы бар табандық

қоспалауышы бар екі камералық  жуғыш

сүлгі кептіргіш





дәретхана краны бар балалардың жуғыштары

қоспалауышы бар ересектердің жуғыштары

балалардың

ересектердің

1

буфет

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

2

сәбилер  тобының дәретхасы

2

1

1

1

1

-

-

1 терең

-

1

3

мектепке дейінгі  балалар тобының дәретханасы

4

-

3

1

-

-

-

1 таяз

-

1

4

зал

-

-

-

-

-

1

-

-

-

-

5

бассейннің шешінетін орны жанындағы себезгі мен дәретхана

1

-

1

-

-

-

-

2

-

-

6

медицина бөлмесі

-

1

-

-

-

-

-

-

-

-

7

изолятордың қабылдау бөлмесі

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

8

изолятордың палаталары

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-

9

изолятордың дәретханасы

-

1

-

-

1

-

-

1

-

1

10

персоналдың дәретханасы

-

1

-

1

-

-

-

-

-

-

11

себезгі бөлмесі

-

-

-

-

-

-

-

1

-

-

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 4-қосымша        

Негізгі үй-жайлардағы жасанды жарықтандыру нормативтері
(люминисцентті шамдарды пайдаланған кезде)

№№

Үй-жайлардың атаулары

Жарықтандыру, кемінде, лк

Жарықтандыру нормалары жататын беттер

1

Киім шешетін бөлме (қабылдау бөлмесі)

200

Еденде


Топтар бөлмелері (ойын бөлмесі), компьютер сыныбы

300

Еденнен 0,5 м деңгейдегі көлденең беттер


Жатын бөлме, кіреберіс

75

-"-


Музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған зал

200

Еденде


Дәретхана

75

Еденде


Буфет

200

Еденнен 0,8 м деңгейдегі көлденең беттер

2

Дәрігер кабинеті

300

Еденнен 0,8 м деңгейдегі көлденең беттер


Изолятор

200

-"- еденнен 0,5 м

      Қыздыру шамдарын пайдаланған кездегі жарықтандыру нормалары екі есеге азаяды.

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 5-қосымша        

Балаларға арналған үстелдер мен орындықтардың
негізгі өлшемдері

Жиһаздар тобы

Таңбалау түсі

Балалар бойының тобы см-мен

Үстел биіктігі см-мен

Орындық отырғышының биіктігі см-мен

А

Ақ

80-ге дейін

34

17

Б

Жасыл

80-90

35

20

В

Көгілдір

90-100

43

24

Г

Қызыл сары

100-115

48

28

Д

Сары

115-130

54

32

Ж

Қызыл

130-дан жоғары

60

36

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 6-қосымша        

1-кесте

ББМДҰ-да тәрбиеленетін балаларға арналған тамақтану нормалары
(бір балаға күніне граммен)

Атауы

Барлық типтегі ББМДҰ-ы балаларының жасы

Санаториялық ББМДҰ-ы

3 жасқа дейін

3-тен 7 жасқа дейін

Ұзақ уақыт өткізетін мекемелерде

3 жасқа дейін

3-7 жас

9-10,5 сағ.

12-24 сағ.

9-10,5 сағ.

12 сағ.

24 сағ.





Азық-түлік















Бидай наны

55

60

80

110

110

70

110

Қара бидай наны

25

30

40

60

60

80

60

Бидай ұны

16

16

20

25

25

16

25

Картоп ұны

3

3

3

3

3

3

3

Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

20

30

30

45

45

35

45

Картоп

120

150

190

220

220

150

250

Әртүрлі көкөністер

180

200

200

250

250

300

300

Жаңа піскен жемістер

90

130

60

60

150

250

350

Құрғақ жемістер

10

10

10

10

15

15

15

Кондитер өнімдері

4

7

10

10

10

10

15

Қант

35

50

45

55

55

50

60

Сары май

12

17

20

23

25

30

35

Өсімдік майы

5

6

7

9

9

6

10

Жұмыртқа (дана)

0,25

0,5

0,5

0,5

0,5

1

1

Сүт

500

600

420

500

500

700

700

Сүзбе

40

50

40

40

50

50

75

Ет

60

85

100

100

100

120

160

Балық

20

25

45

50

50

25

70

Қаймақ

5

5

5

10

15

20

25

Ірімшік

3

3

5

5

5

10

10

Шай

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,2

Дәнді кофе

1

1

2

2

2

1

2

Тұз

2

2

5

5

8

5

8

Ашытқы

1

1

1

1

1

1

1

2-кесте

Балалар үшін энергия (күніне килокалориядан), ақуыздар, майлар
мен көміртектер (күніне граммен) тұтынудың ұсынылатын шамалары

Жасы

Құнарлығы

Ақуыздар

Майлар

Көмір-тектер

Барлығы

Оның ішінде малдың

Барлығы

Оның ішінде өсімдік

Линол қышқылы (% құнарлығы)



1-3

1540

53

37

53

5

4

212

4-6

1970

68

44

68

10

3

272

3-кесте

Тәуліктік рационның құнарлығын үлгілік тарату (пайызда, %)

Тамақ қабылдау

5 рет тамақ ішкенде

4 рет тамақ ішкенде

Таңғы ас

20

25

2-ші таңғы ас

10-15

-

Түскі ас

30-35

35

Түстен кейінгі жеңіл тамақ

10-15

15

Кешкі ас

20

25

4-кесте

Балалар үшін жастарына байланысты порцияның массасы (граммен)

Тамақтану, тағам

Порцияның массасы

1-1,5 жыл

1,5-3 жыл

3-5 жыл

5-7 жыл

Таңғы ас





Ботқа немесе көкөністен жасалған тағам

200

200

250

250

Кофе

100

150

150

200

Түскі ас





Салат

-

40

50

50

Сорпа

100

150

200

250

Ет, котлет

50

60

70

80

Тұздық

100

100

130

130

Компот

100

100

150

150

Түстен кейінгі жеңіл тамақ





Айран

150

150

200

200

Печенье (тоқаш)

15

15/45

25/50

25/50

Жемістер

100

100

100

100

Кешкі ас





Көкөністен жасалған тағам, ботқа

180

200

200

200

Сүт

100

150

150

150

Нан бір күнге:





Бидай наны

40

70

100

110

Қара бидай наны

10

30

50

60

Тәуліктік рационның массасы

1100-1200

1300-1400

1400-1500

1600-1700

5-кесте

Бір өнімді басқа өніммен алмастыру кестесі

Өнімнің атауы

Мөлшері граммен

ауыстырылатын өнімнің

ауыстыратын өнімнің

1

Ет (сиыр, шошқа, қой)

100


Сүйегі жоқ ет

80

Ішек-қарны алынған құстың еті

100

Әртүрлі балық консервілері

120

Басы жоқ салқындатылған, тоңазытылған балық

150

2

Сиыр сүті

100


ашыған сүт өнімдері (айран, қатық)

100

6-кесте

Салқындатып өңдегендегі шығындар
(шикі өнімнің салмағына қатысты пайызбен)

Өнім

Жеуге келмейтін өнім бөлігінің пайызы (%)

Өнім

Жеуге келмейтін өнім бөлігінің пайызы (%)

Жармалар

1

Қой еті I санат

26

Қыста сақталатын картоп

35

Қой еті ІI санат

32

Күзгі піскен картоп

28

Сиыр еті I санат

26

Көк (пияз, петрушка, салат)

20

Сиыр еті IІ санат

30

Ақ қауданды капуста

20

Сиыр бауыры

7

Басы бар пияз

16

Тауық I санат1

39

Сәбіз

20

Тауық II санат1

47

Қияр

7

Ақмарқа

49

Тәтті бұрыш

25

Минтай

54

Қызылша

20

Өзен алабұғасы

52

Қызанақ

5

Майшабақ (орташа)

42

Редис

20

Көксерке

35

Шалқан

25

Треска

51

Укроп

26

Ірімшік

3

Алмалар

12

Тауық жұмыртқалары

13

7-кесте

Жылумен аспаздық өңдегенде тамақ өнімдерінің шығындары
(таза салмағы)

Өнім

Жеуге келетін бөлігінің (таза салмағы) шығыны %

Өнім

Жеуге келетін бөлігінің (таза салмағы) шығыны %

Жас картоп, пісіру

6

Қой еті, пісіру

41

Картоп, пісірілгенді қуыру

23

Қой еті, кәуап

53

Картоп, шикіні қуыру

35

Сиыр еті, пісіру

43

Ақ қауданды капуста, жаңа піскен, пісіру

10

Сиыр еті, бифштекс

34

Ақ қауданды капуста, жаңа піскен, бұқтыру

28

Бауыр, қуыру

38

Ақ қауданды капуста, ашытылған, бұқтыру

18

Тауықтар, пісіру

30

Басы бар пияз, сығу

35

Тауықтар, қуыру

37

Басы бар пияз, дөңгелектеп қуыру

69

Ақмарқа, бұқтыру

25

Аршылған сәбіз, пісіру

1

Табан, бұқтыру

29

Сәбіз, қыздырып пісіру

30

Минтай, пісіру

23

Сәбіз езбесі, бұқтыру

27

Минтай, қуыру

27

Бұрыш, ет салынған

28

Өзен алабұғасы, пісіру

26

Петрушка, сығу

45

Көксерке, қуыру

25

Қызылша, қабығымен пісіру

21

Треска, пісіру

23

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 7-қосымша        

Ерекше тез бұзылатын өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдері

Өнімнің атауы

2-6о дейінгі артық емес температурада сақтау және өткізу мерзімдері, сағ.

Жартылай дайындалған кесек ет өнімдері

48

Мұздатылған бауыр

48

Салқындатылған бауыр

24

Салқындатылған құс, қоян еті

48

Мұздатылған құс, қоян еті

72

Пісірілген шұжықтар:


жоғары сорт

72

бірінші сорт

48

Жоғары, бірінші және екінші сортты жіңішке шұжықтар, еттен жасалған сарделькалар

48

Пастерленген сүт, кілегей, ацидофилин

36

Айран

36

Майлы, майсыз, диеталық сүзбе

36

Қаймақ

72

Ірімшік-сүзбе бұйымдары

0 - 2о температурада 36

Полистиролдан және басқа да полимер материалдардан жасалған қорапшалардағы кілегейлі ірімшіктер тәтті және жеміс-жидек дәмді,

48

ащы, кеңестік

72

Салқындатылған балықтың барлық түрлері

0 - 2о температурада 24

Мұздатылған балықтың және балық тауарларының барлық түрлері

0 - 2о температурада 48

Пісірілген көкөністер тазартылмаған

6

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 8-қосымша        

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының
медициналық есепке алу-есептілік құжаттамасы

      Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасы:
      1. инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;
      2. соматикалық сырқаттанушылық журналы;
      3. жіті инфекциялық аурулармен қатынаста болғандарды есепке алу журналы;
      4. карантинді есепке алу журналы;
      5. профилактикалық егулер картасы;
      6. профилактиалық егулерді есепке алужурналы;
      7. бактериялық препараттар қозғалысының журналы;
      8. манту сынамасын тіркеу журналы;
      9. Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын қатер тобының балаларын тіркеу журналы;
      10. фтизиопедиатрда тексеріп-қарауға жататын, туберкулин "+" адамдарды тіркеу журналы;
      11. вакцинациядан кейінгі асқынулар журналы;
      12. тұрақты және ұзақ мерзімдік медициналық бөлу журналы;
      13. ашық құтылар мен вакцина қалдықтарын жою журналы;
      14. бақыланатын химиялық профилактиканы өткізу журналы;
      15. вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп;
      16. профилактикалық егулермен қамту туралы есеп;
      17. егу кабинетінде ауқымды жинау жүргізу журналы;
      18. кабинетті кварцтеу журналы;
      19. салқындату жабдығының температуралы режимін есепке алу журналы;
      20. паразиттік аурулардың қоздырғыштарына зерттеліп-қаралатындарды тіркеу журналы;
      21. гельминтке тексерілгендерді тіркеу журналы;
      22. педикулезге, қышымаға және дерматомикозға тексеріп-қарау журналы;
      тоңазытқыштардағы температура режимін есепке алу журналы;
      23. тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар журналы, мамандардың актілері;
      24. балаларды «Диспансерлік» есепке алу журналы;
      25. профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды есепке алу картасы;
      26. диспансерлік қадағалауды бақылау картасы;
      27. ауыз қуысын сауықтыру журналы;
      28. контингенттің аты-жөнін және қозғалысын есепке алу журналы;
      29. сәбилер бақшасына балалар қабылдауды есепке алу журналы;
      30. сәбилер бақшасына балалардың күнделікті келуін есепке алу табелі;
      31. баланың денсаулық паспорты;
      32. дайын өнімнің бракераж журналы;
      33. «С» витаминдеу журналы;
      34. ас блогының қызметкерлерін тексеріп-қарау журналы;
      35. санитариялық-ағарту жұмысын есепке алу журналы;
      36. вакциналардың андатпалары бар папка;
      37. бұйрықтар мен нұсқаулар;
      38. «Перспективті ас мәзірі» папкасы;
      39. ас блогына түсетін тез бұзылатын өнімнің сапасын бақылау бойынша бракераж журналы;
      40. шикі өнімнің бракераж журналы;
      41. ас блогының санитариялық жағдайын бақылау журналы;
      42. килокалорияны есептеу журналы.

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 9-қосымша        

МДББҰ-ның медициналық кабинетінің жабдығы мен аспаптарының
үлгілік тізбесі

Медициналық жабдықтар мен аспаптардың атаулары

Саны

1

Жазу үстелі

1

2

Орындықтар

4-6

3

Тақтай төсек

1

4

Кеңсе шкафы

2-3

5

Медициналық шкаф

1

6

Керме

1

7

Шыны қақпағы бар медициналық үстел

2

8

Тоңазытқыш (вакциналар мен дәрі-дәрмектерге арналған)

1

9

Балалардың манжеты бар тонометр

2

10

Фонендоскоп

2

11

Кварц шамы

1

12

Таразы

1

13

Бой өлшеуіш

1

14

Термоконтейнер

1

15

Спирт термометрі

2

16

Үстел шамы

1

17

Медициналық термометрлер

50-100

18

Резеңке бұраулар

2-3

19

Бір реттік шприцтер (көлемі-2,0; 5,0; 10,0; 20,0;)

10 данадан

20

Бір реттік система

2

21

Пинцеттер

2

22

Қайшылар

2

23

Спирометр

1

24

Динамометр

1

25

Жуынатын раковина

1

26

Педаль қақпағы бар шелек

1

27

Үстел шамы (ЛОР зерттеуге арналған)

1

28

Көз көргіштігін анықтауға арналған кесте

1

29

Кіші бикс

2

30

Резеңке жылытқы

1-2

31

Мұзға арналған сауыт

1-2

32

Бүйрек тәрізді науа

5

33

Вакциналардың қалдықтарын жоюға арналған ыдыс

2

34

Шпательдер

40

35

Шиналар (Крамер, Дитерикс, пластмасса, қолға арналған)

10

36

Ағаш лантограф

1

37

Тубус кварц

1

38

Медициналық халаттар

2

39

Қалпақтар

2

40

Ақ жаймалар

2

41

Орамалдар

3-4

42

Жинауға арналған қара түсті халаттар

1

43

Кілемше (1 м х 1,5 м)

1

44

Бір реттік бетперделер

10

45

Жинау мүкаммалы: шелектер, швабра, шүберектер, қолғаптар сақтауға арналған ыдыстар

Үй-жай жиынынан есептеу

46

Дезинфекциялау құралдары

Қор 3 айға

47

Кеңсе тауарлары (журналдар, дәптерлер, желім, қаламдар, қағазтескі, степлер, түзеткіш, папкалар және т.б.)

Қажеттілігіне қарай

48

Ауызкергіш

1

49

Тілқышқаш

1

50

Мензуркалар

10

51

Балалар оправасындағы көзілдіріктер жиыны (-1, -2, -3, -4, +1, +2, +3, +4)

3-4 жиын

52

Гигиеналық таяқшалар

5

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 10-қосымша        

Физиотерапиялық кабинеті жабдықтарының үлгілік тізбесі:

      1. УЖЖ-терапия аппараты;
      2. ультра дыбыстық терапия аппараты;
      3. бу ингаляторы;
      4. аэроионотерапия аппараты;
      5. «Соллюкс» - стол шамы;
      6. ықшам кварц шам;
      7. жарықпен емдей аппараты;
      8. бактерицидті ықшам сәулелеуіш;
      9. бактерицидті сәулелеуіш;
      10. массажға арналған стол-тақтай төсегі;
      11. ауаны микроэлементтермен ылғалдауға және байытуға арналған қондырғы.

«Білім берудің мектепке дейінгі
ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын        
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық       
ережелеріне 11-қосымша       

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үлгілік күн режимі

Режим компоненті

Жас топтары, жыл

2-3

3-4

4-5

5-6

6-7

Үйде (ұйқыдан тұру, жуыну)

6.30 -
7.30

6.30 -
7.30

6.30 -
7.30

6.30 -
7.30

6.30 -
7.30

Қабылдау, тексеріп-қарау, ойындар, таңертеңгі жаттығу

7.00 -
8.00

7.00 -
8.20

7.00 -
8.30

7.00 -
8.30

7.00 -
8.30

Таңғы ас

8.00 -
8.30

8.20 -
8.55

8.30 -
9.00

8.30 -
8.55

8.30 -
8.55

Ойындар, сабаққа дайындалу

8.30 -
9.00

8.55 -
9.20

9.00 -
9.15

8.55 -
9.10

8.55 -
9.10

Сабақтар (үзілістерді қоса алғанда)

9.00 -
9.30

9.20 -
10.00

9.15 -
10.00

9.10 -
10.10

9.10 -
11.00

Серуенге дайындық

9.30 -
9.50

10.00 -
10.20

10.00 -
10.20

10.10 -
10.30

11.00 -
11.15

Серуендеу

9.50 -
11.30

10.20 -
12.00

10.20 -
12.10

10.30 -
12.35

11.15 -
13.00

Серуеннен оралу

11.30 -
11.50

12.00 -
12.20

12.10 -
12.30

12.35 -
12.50

13.00 -
13.15

Түскі ас

11.50 -
12.30

12.20 -
13.00

12.30 -
13.00

12.50 -
13.20

13.15 -
13.35

Ұйқы

12.30 -
15.00

13.00 -
15.10

13.00 -
15.10

13.20 -
15.20

13.35 -
15.25

Біртіндер тұру, ауа, су рәсімдері

15.00 -
15.30

15.10 -
15.40

15.10 -
15.40

15.20 -
15.50

15.25 -
15.50

Түстен кейінгі жеңіл тамақ

15.30 -
16.00

15.40 -
16.00

15.40 -
16.00

15.50 -
16.10

15.50 -
16.05

Ойындар, өз бетінше қызметі

16.00 -
16.20

16.00 -
16.30

16.00 -
16.30

16.10 -
16.40


Серуенге дайындық

16.20 -
16.40

16.30 -
16.50

16.30 -
16.50

16.40 -
17.00

16.05 -
18.00

Серуендеу

16.40 -
18.00

16.50 -
18.00

16.50 -
18.00

17.00 -
18.00


Серуеннен оралу

18.00 -
18.20

18.00 -
18.20

18.00 -
18.20

18.10 -
18.20

18.00 -
18.15

Кешкі ас

18.20 -
18.45

18.20 -
18.45

18.20 -
18.45

18.20 -
18.45

18.15 -
18.40

Балалардың үйге кетуі

18.45-
19.00

18.45-
19.00

18.45-
19.00

18.45-
19.00

18.40-
19.00

Үйде






Серуендеу

19.00 -
19.50

19.00 -
20.00

19.00 -
20.10

19.00 -
20.15

19.00 -
20.15

Тыныш ойындар, гигиеналық рәсімдер

19.50 -
20.20

20.00 -
20.30

20.10 -
20.40

20.15 -
20.45

20.15 -
20.45

Жатқызу, түнгі ұйқы

20.00 -
6.30
(7.30)

20.30 -
6.30
(7.30)

20.40 -
6.30
(7.30)

20.45 -
6.30
(7.30)

20.45 -
6.30
(7.30)