"Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.02.2020 № 37 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін.
3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:
1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Зоология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша – "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2013 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2020 № 37 қаулысымен.4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |