Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері


      Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 130-2), 130-3), 130-4), 130-5), 130-6), 130-7) тармақшалары және ведомстволар функцияларының 28) тармақшасы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 154-3) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      "Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 130-2), 130-3), 130-4), 130-5), 130-6), 130-7) тармақшалары және ведомстволар функцияларының 28) тармақшасы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 75-3) және 75-4) тармақшалары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.03.2019 № 131; 26.04.2019 № 228; 28.10.2020 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
      К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мұрағат", "мұрағаттардың", "мұрағаттарды", "мұрағаттық", "мұрағаттар", "мұрағаттарынан", "мұрағаты", "мұрағаттардағы" деген сөздер тиісінше "архив", "архивтердің", "архивтерді", "архивтік", "архивтер", "архивтерінен", "архиві", "архивтердегі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 805 қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мұражай", "мұражайдың", "мұражайы", "қорық-мұражайы" деген сөздер тиісінше "музей", "музейдің", "музейі", "қорық-музейі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2016 № 805 қаулысымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;

      2) енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен;

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.

      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

      6) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594; 22.02.2017 № 85; 21.07.2018 № 444; 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 31.03.2021 № 195 қаулыларымен.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрлік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.06.2019 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Министрліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      14. Министрліктің миссиясы – мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      15. Міндеттері:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;

      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.02.2017 № 85; өзгерістер енгізілді - 16.10.2018 № 640; 26.04.2019 № 228; 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      16. Функциялар:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      3) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;

      4) халықаралық мәдени ынтымақтастық және архив ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

      5) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде Министрлік реттейтін салада халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      6) архив ісі бойынша халықаралық ұйымдарда, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      9) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бағаларының нормативтерін бекіту;

      10) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      11) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      12) республикалық конкурстар мен фестивальдар өткізудің үлгі қағидаларын бекіту;

      13) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      14) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;

      15) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын бекiту;

      16) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;

      17) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;

      18) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту;

      19) турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту;

      20) туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      21) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;

      22) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жартыжылдық тексеру жүргізу кестелерін бекіту;

      23) туризм жөнiндегi кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсыну;

      24) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асыру;

      25) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      26) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту;

      27) Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтар беру қағидаларын бекіту;

      29) Министрлік реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту;

      30) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекіту;

      31) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп-ұстау тәртібін бекіту;

      32) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      33) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекіту;

      34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту;

      35) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

      35-1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      36) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      36-1) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;

      37) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту;

      38) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      39) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      40) мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын бекіту;

      41) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту;

      42) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту;

      43) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту;

      44) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бекіту;

      45) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту;

      46) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту;

      47) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту;

      48) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту;

      49) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту;

      50) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекіту және олардың сыныптамасын айқындау;

      51) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту;

      52) спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекіту;

      53) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      54) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорттық ұйымдарда спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту;

      55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларын бекіту;

      56) спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      57) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      58) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту;

      59) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" мәртебелерін беру қағидаларын бекіту;

      60) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласының мамандары мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекіту;

      61) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту;

      62) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту;

      63) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келісу;

      64) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келісу;

      65) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту;

      66) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекіту;

      67) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту;

      68) спорт жарыстарына қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп тексеру тәртібін бекіту;

      69) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруынан және жарақаттануынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

      70) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;

      71) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту;

      72) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту;

      73) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту;

      74) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту;

      75) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 28.10.2020 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      76) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекіту;

      77) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту;

      78) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту;

      79) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту;

      79-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізу;

      79-2) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту;

      79-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;

      79-4) Қазақстан Республикасы спорттық әдебін бекіту;

      79-5) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту;

      79-6) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту;

      79-7) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту;

      79-8) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындау;

      80) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгі құжаттар тізбесін бекіту;

      81) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      82) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      83) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      84) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      85) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      86) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      87) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      88) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;

      89) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      90) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      91) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      92) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.04.2019 № 228 қаулысымен.

      93) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      94) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      94-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      95) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      96) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      97) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      98) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      99) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      100) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      101) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      102) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      103) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      104) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      105) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      106) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      107) Министрлік реттейтін салада кадрларға қажеттілікті айқындау;

      108) Орталық сараптамалық-тексеру комиссиясын құру;

      109) орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ережелерін бекіту;

      110) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      111) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      112) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      113) тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      114) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту;

      115) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту;

      116) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту;

      117) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      118) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту;

      119) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 355 қаулысымен.

      120) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      121) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын бекіту;

      122) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту;

      123) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын бекiту;

      124) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту;

      125) республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту;

      126) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      127) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын бекіту;

      128) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекіту;

      129) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiту;

      130) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту;

      130-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту;

      130-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;

      130-3) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      130-4) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      130-5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      130-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      130-7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      131) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту;

      132) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      133) мәдениет саласындағы білім берудің барлық деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      134) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы, мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;

      134-1) жеңімпаздары мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға жіберілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін бекіту;

      135) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдау жұмыстарын жүзеге асыру;

      136) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекіту;

      137) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      138) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      139) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      140) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      141) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      142) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      143) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      144) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      145) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;

      146) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      147) Министрлік реттейтін салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізу;

      148) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      149) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      150) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      151) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру парақтарын бекіту;

      152) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;

      152-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;

      153) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру тәртібін бекіту;

      154) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту;

      154-1) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту;

      154-2) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      154-3) тармақша 31.12.2025 дейін қолданыста болады – осы қаулының 6-т. сәйкес.

      154-3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту;

      154-4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      154-10) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      154-11) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын бекіту;

      154-12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту;

      154-13) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту;

      155) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту;

      156) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.04.2019 № 228 қаулысымен.

      157) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      158) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      159) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;

      160) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;

      161) құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту;

      162) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      163) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      164) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      165) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      166) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      167) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      168) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      169) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      170) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      171) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;

      172) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      173) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      174) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      175) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      176) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      177) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      178) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды бекіту;

      179) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      180) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту;

      181-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

      182) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      182-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;

      183) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

      184) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      185) мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу;

      186) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      187) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      188) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің, музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      188-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;

      188-2) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;

      188-3) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;

      189) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      190) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлеу;

      191) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      192) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту;

      193) мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім беру қызметін ұйымдастыру;

      194) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      195) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту;

      196) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      197) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      198) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      199) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      200) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      201) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      202) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту;

      203) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту;

      204) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      205) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      206) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      207) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      208) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      209) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      210) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын бекіту;

      211) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      211-2) бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар мен олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру қағидаларын бекіту;

      212) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      213) лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту;

      214) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      214) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      215) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      215) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      216) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      ведомстволардың функциялары:

      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      2) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;

      3) Министрлік ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      4) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

      5) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      6) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      7) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      9) республикалық ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

      10) ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;

      11) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;

      12) ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивалдарды, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы сыйлықтар мен жүлделерді құру;

      13) республикалық конкурстар мен фестивалдар өткізудің үлгі қағидаларын әзірлеу;

      14) талантты жастарды, перспективалы шығармашылық ұжымдарды, оның ішінде жастар ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      15) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу;

      16) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      17) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;

      18) Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музейдің дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      19) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      20) салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;

      21) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлеу;

      22) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      23) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      24) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;

      25) фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      26) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;

      27) ұлттық фильм куәлігін беру;

      28) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізу;

      29) республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет, архив ісі саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;

      30) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;

      31) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      32) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      33) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу;

      34) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      35) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу;

      36) мәдениет саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;

      38) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

      39) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру;

      40) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      41) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      42) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      43) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      44) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу;

      45) кинематография саласында субсидиялар төлеудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      46) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;

      47) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;

      48) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;

      49) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивалдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

      50) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату мен жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйелеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;

      51) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асыру;

      52) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығаруды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау;

      53) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын әзірлеу;

      54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      55) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      56) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      57) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің, музей-қорықтардың және мемлекеттік архивтердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      58) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу;

      59) материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;

      60) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;

      61) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      62) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      63) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      64) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды орындау бағаларының нормативтерін әзірлеу;

      65) мемлекеттік меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;

      66) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      67) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау;

      68) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;

      69) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      70) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін қосу туралы өтінім жіберу;

      71) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;

      72) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;

      73) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;

      74) рұқсат беру тұрғысынан бақылауды жүзеге асыру;

      75) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша арнайы комиссия құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;

      76) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі бойынша сараптамалық комиссиясын құру;

      77) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      78) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      79) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу;

      80) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу;

      81) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне Қазақстан Республикасының атынан меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;

      82) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу;

      83) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу;

      84) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;

      85) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;

      86) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесінен айыру және оны республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;

      87) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      88) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      89) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу;

      90) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;

      91) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің және оларды қорғау аймақтарының аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметті келісу;

      92) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;

      93) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;

      94) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      95) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      96) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;

      97) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешімді келісу;

      98) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспарларын бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу;

      99) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия құру;

      100) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігін көрсететін белгілерді тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін оларды келісу не келісуден бас тарту;

      101) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлеу;

      102) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      103) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде сараптамалық кеңесті құру, сондай-ақ ол туралы ережені бекіту;

      104) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      105) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;

      106) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссиясын құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;

      107) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығару туралы шешім қабылдау;

      108) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде түзілетін құжаттардың мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар сақтау мерзімдерін көрсете отырып әзірлеген салалық (ведомстволық) тізбелерін келісу;

      109) Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қор каталогын жүргізу және "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оны пайдалануды қамтамасыз ету;

      110) Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;

      111) орталық сараптамалық-тексеру комиссиясын құру;

      112) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру;

      113) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тізімдерін бекіту;

      114) тарихи және өзгеше құндылығы жоқ әрі практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;

      115) республикалық меншіктегі тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      116) автоматтандырылған архивтік технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі мен дерекқор құру;

      117) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамалар мен архив құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою;

      118) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

      119) Ұлттық архив қорын және құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      120) шетелдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі архив құжаттарын жинау және елге қайтаруды жүргізу;

      121) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;

      122) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;

      123) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      124) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтерін толықтыру көздеріндегі электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      125) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету;

      126) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      127) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      128) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;

      129) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;

      130) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлеу;

      131) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлеу;

      132) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілер беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлеу;

      133) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар мен спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлеу;

      134) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшалай қаражатты жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      135) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      136) Қазақстан Республикасының спорт этикасын әзірлеу;

      137) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін әзірлеу;

      138) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      139) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      140) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлеу;

      141) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізу және олардың төленуін қамтамасыз ету;

      142) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту;

      143) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;

      144) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлеу;

      145) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлеу;

      146) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізу;

      147) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      148) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізу;

      149) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлеу;

      150) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық жарыстар өткізу;

      151) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;

      152) мүгедектер арасында спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және Дүниежүзілік арнайы олимпиада ойындарына қатысуын ұйымдастыру;

      153) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;

      154) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;

      155) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      156) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;

      157) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      158) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын беру, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айыру;

      159) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру, олардан айыру;

      160) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

      161) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;

      162) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын жыл сайын бекіту;

      163) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындау және олардан босату;

      164) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;

      165) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оларға қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;

      166) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      167) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;

      168) халықаралық және республикалық спорт жарыстарының ережелерін (регламенттерін) бекіту;

      169) спорттық іс-шаралар шығыстарының құрылымын бекіту;

      170) паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін, мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесінің бағдарламаларын бекіту, даярлау кезеңдерінің мазмұны;

      171) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;

      172) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;

      173) халықтың физикалық даму деңгейін айқындау;

      174) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлеу;

      175) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлеу;

      176) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келісу;

      177) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлеу;

      178) "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      179) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      180) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау;

      181) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізу;

      182) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;

      183) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;

      184) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      185) мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізу;

      186) казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтардың шекараларын келісу;

      187) жеке тұлға туралы мәліметтерді осындай өтініш түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Министрліктің интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ғана қол жеткізуі қамтамасыз етілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізімінен алып тастауды қамтамасыз ету, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тізімнен алып тастау;

      188) лицензиаттардың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылау;

      189) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      190) лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;

      191) халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiру және олардың жұмысына қатысу;

      192) туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;

      193) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын әзірлеу;

      194) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;

      195) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекiтуі үшін Туризм жөнiндегi кеңестің дербес құрамын және ол туралы ереженi әзірлеу;

      196) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      197) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;

      198) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурс өткізу;

      199) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

      200) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      201) туристік қызмет саласында салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      202) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттеу;

      203) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен тарату;

      204) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар ету;

      205) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      206) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      207) туроператордың және турагенттің туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      208) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      209) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұру;

      210) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыру туралы шешімін келісу;

      211) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;

      212) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, Мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      213) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ архив ісін басқару және жүргізу органдарын үйлестіруді және әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;

      214) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды әзірлеу;

      215) құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

      216) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640; өзгерістер енгізілді - 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 925; 19.03.2019 № 131; 26.04.2019 № 228;08.06.2020 № 355; 28.10.2020 № 717 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 09.02.2021 № 39 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 11.02.2021 № 56; 31.03.2021 № 195 қаулыларымен.

      17. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      4) Министірліктің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      5) Министірліктің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, көрмелерді, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      19. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      21. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      22. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Министрлік қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін тағайындайды және қызметтерден босатады;

      3) бұйрықтарға қол қояды;

      4) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      5) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

            Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-тарау. Министрліктің мүлкі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      25. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2018 № 640 қаулысымен.

      28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2014 N 1112; 31.12.2014 № 1439; 31.12.2014 № 1440; 11.03.2015 № 126; 24.07.2015 № 585; 15.12.2016 № 805; 29.12.2015 № 1117; 27.01.2016 № 27; 10.11.2016 № 690; 24.02.2017 № 90; 13.10.2017 № 644; 31.03.2018 № 150; 04.04.2018 № 162; 29.12.2018 № 925; 15.03.2019 № 113; 12.06.2019 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 994; 26.06.2020 № 403; 02.12.2020 № 810; 31.03.2021 № 195 қаулыларымен.
      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      25. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      29. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      30. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      31. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      32. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      33. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      34. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      35. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      36. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      38. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      39. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      40. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      41. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      42. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      43. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      43-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      44. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      45. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      46. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      47. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      48. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 925 қаулысымен.

      49. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      50. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.02.2017 № 90 қаулысымен.

      51. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      52. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      53. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 12.06.2019 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      55. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 925 қаулысымен.

      56. "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      57. "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      58. "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      59. "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      60. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      61. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      62. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      63. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      64. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      65. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      66. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      67. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 27.12.2019 № 994 қаулысымен.

      68. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 925 қаулысымен.

      69. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      70. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      71. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      72. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      73. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      74. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.06.2019 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1439; 31.12.2014 № 1440; 24.07.2015 № 585; 10.11.2016 № 690; 31.05.2017 № 321; 19.06.2019 № 415; 31.07.2019 № 555; 31.03.2021 № 195 қаулыларымен.

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2015 № 585 қаулысымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1439 қаулысымен.

      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.11.2016 № 690 қаулысымен.

      12. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 19.06.2019 № 415 қаулысымен.

      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      16. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 321 қаулысымен.

      17. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 321 қаулысымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.
      19. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 195 қаулысымен.

      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1081 қаулысымен.

      21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      22. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      25. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      27. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.

      28. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      29. "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      30. "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      31. "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      32. "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттегі мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 224-33-5, 224-33-6, 224-33-7, 224-33-8-жолдармен толықтырылсын:

      "224-33-5. "Қазспортинвест" АҚ

      "224-33-6. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ

      "224-33-7. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС

      "224-33-8. "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС".

      "Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істер агенттігіне" деген бөлім алып тасталсын.

      2. "Алматы облысында "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 438-құжат):

      орыс тіліндегі мәтінде тақырыбына, кіріспесіне, 1, 3-тармақтарына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысына
1-қосымша

      Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды түлғалардың
тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27; 18.10.2016 № 594 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      15.Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      17. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      18. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      19. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      20. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.

      22. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      23. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      24. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      25. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      26. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына

      27. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      28. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      29. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      30. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      31. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      32. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      33. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына

      34. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      35. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      36 .Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      37. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      38. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.

      39. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      40. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      41. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      42. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      43. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      44. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      45. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      46. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      47. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      48. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      49. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      50. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      51. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      52. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      53. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      54. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      55. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Достық үйі-Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі- Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттікмекемесіне.

      56. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      57. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен.

      58. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен.

      59. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      60. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      61. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      62. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Мемлекеттік архивтердегі деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мемлекеттік архивтердегі деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      63. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Құжаттану және архив ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құжаттану және архив ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      64. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      65. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      66. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      67. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      68. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      69. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      70. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесіне.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. 4-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 10, 98-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 522 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 275-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 483-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 586-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 158 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 74-құжат).

      10. "Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 қаулысының 3-тармағының 3-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 99-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 162-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттік мекемесін кұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 285-кұжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 362-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1148 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 526-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1863 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Дін істері комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 610 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.

      20. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 36, 434-құжат).

      21. 1-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат).

      22. 1-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат).

      23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 485-құжат).

      24. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 435 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 559-құжат).

      25. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 800-құжат).

      26. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).

      27. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1267 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1060-құжат).

      28. "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1062-құжат).

      29. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1360 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1114-құжат).

      30. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1718 қаулысының 4-тармағы 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 132-құжат).

      31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 215-құжат).

      32. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 229-құжат).

      33. "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 99 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 257-құжат).

      34. "Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 26, 411-құжат).

      35. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат).

      36. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 440-құжат).

      37. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 511-құжат).

      38. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 587-құжат).

      39. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 53, 748-құжат).

      40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 822-құжат).

      41. "Аstana Ваllet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 875-құжат).

      42. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 888-құжат).

      43. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1039-құжат).

      44. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 22-құжат).

      45. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 30-құжат).

      46. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 21, 158-құжат)

      47. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 372 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 243-құжат).

      48. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 291-құжат).