Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, сондай-ақ жол активтерін басқару болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары және Көлік комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін;

      2) қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 131 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 65), 66), 67), 68), 69) және 70) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 61-19), 61-20), 61-21), 61-22), 61-23) және 61-24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "61-19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      61-20) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      61-21) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      61-22) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      61-23) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      61-24) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;";

      ведомстволар функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;

      52) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.";

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "4. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "140-3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      140-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      140-5) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      140-6) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      140-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      140-8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      140-9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;".

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 434-28), 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшаларын және 17-тармағының 364) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      434-28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "434-28) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшалармен толықтырылсын:

      "434-39) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      434-40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      434-41) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      434-42) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      434-43) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      434-44) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      434-45) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;";

      17-тармақтың 364) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "364) техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;".

      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 19 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-49) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      95-50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      95-51) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      95-52) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      95-53) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      95-54) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      95-55) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;";

      Министрлiктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлімде: "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.

      7. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, оның аумақтық органдары

2148

  ".

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      10-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 356-1), 356-2), 356-3), 356-4), 356-5), 356-6) және 356-7) тармақшалары 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 356-1), 356-2), 356-3), 356-4), 356-5), 356-6) және 356-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "356-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;

      356-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      356-3) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      356-4) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      356-5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      356-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      356-7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;".

      9. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 17-1), 17-2), 159-1), 160-1), 161-1), 162-1), 350-2) және 350-3) тармақшалары 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) өз құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөніндегі ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      17-2) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;";

      158) және 159) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) реттелетін салалардағы техникалық регламенттердi немесе техникалық регламенттерге өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды әзiрлеу туралы ұсыныстарды дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен стандарттау саласындағы уәкiлеттi органға енгiзудi жүзеге асырады;

      159) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "159-1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;";

      160) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "160-1 құзыреті шеңберінде стандарттау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;";

      161) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "161-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;";

      162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "162) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 162-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "162-1) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      163) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "163) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;";

      мынадай мазмұндағы 164-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "164-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 244-1), 244-2), 244-3), 244-4), 244-5) және 244-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "244-1) Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      244-2) Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      244-3) Тізілімді бекітілген қағидаларға сәйкес қалыптастырады және жүргізеді;

      244-4) Тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      244-5) Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      244-6) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға беретін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 321-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "321-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл ораманы, аралас материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      344) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "344) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын ұлттық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "350) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 350-1), 350-2) және 350-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "350-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;

      350-2) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекітеді;

      350-3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;".

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 339-78), 339-79), 339-80), 339-81), 339-82), 130-7) және 339-83) тармақшалары 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 339-78), 339-79), 339-80), 339-81), 339-82) және 339-83) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;

      339-79) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      339-80) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      339-81) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      339-82) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      339-83) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;".

      12. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):

      көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

       "

1.


Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы




"Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкерлеріне жұмыстың қауырттылығы және күрделілігі үшін


ЛА-дан 50 %-ға дейін

Ұйым басшысы белгілеген тәртіппен

  ".

      13. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 152-3), 152-4), 152-5), 152-6), 152-7),152-8) және 152-9) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 20) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппарат функциялары мынадай мазмұндағы 152-3), 152-4), 152-5), 152-6), 152-7), 152-8) және 152-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "152-3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту;

      152-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;

      152-5) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      152-6) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      152-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      152-8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      152-9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";

      ведомстволар функцияларының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да құжаттарды тану;".

      14. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5), 154-6) және 154-7) тармақшаларын;";

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5), 154-6) және 154-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "154-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту;

      154-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;

      154-3) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;

      154-4) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      154-5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      154-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      154-7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;".

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 131 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақмолажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақтөбежолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Атыраужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Батысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жамбылжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Шығысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қарағандыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қызылордажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қостанайжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Маңғыстаужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Павлодаржолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Солтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Түркістанжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Астанақалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматықалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.