"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 956 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;»;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «дарынды жастарды және перспективалық шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;»;
      отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалар беру, Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарын марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;»;
      отыз тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      алпыс үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін еркін қолжетімді теле-, радиоарналарын таратуды қаржылай қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ ұқсас телерадио хабарларын тарату арқылы);»;
      мынадай мазмұндағы жетпіс үшінші және жетпіс төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «мәдениет саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
      Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;»;
      2) тармақшаның он бірінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов