"Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының  2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасына 35805 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов