Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Агенттіктің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.»;
15-тармақтың 12) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов