Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
бірінші бөліктің 180) және 181) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"180) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту;";
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
10-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
48, 55 және 68-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |