Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөліммен толықтырылсын:
"Ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 75-3) және 75-4) тармақшалары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
бірінші бөлікте:
75) тармақша алып тасталсын;
134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"134) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы, мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;";
136) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"136) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекіту;";
мынадай мазмұндағы 211-2) тармақшамен толықтырылсын:
"211-2) бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар мен олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 213) тармақшамен толықтырылсын:
"213) лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту;";
екінші бөлікте:
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 75-2), 75-3), 75-4) және 75-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"75-2) лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
75-3) есепке алу орталығын жүргізу;
75-4) казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтардың шекараларын келісу;
75-5) жеке тұлға туралы мәліметтерді осындай өтініш түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Министрліктің интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ғана қол жеткізуі қамтамасыз етілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізімінен алып тастауды қамтамасыз ету, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тізімнен алып тастау;";
мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:
"82-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;".
2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |