Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 544 қаулысымен.
"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республика сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мүлiктiк кешен ретiнде және Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының ғимараты Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 544 қаулысымен.1-1. Алматы қаласы әкiмiнiң республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiнен Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан ғимаратты және қосымшаға сәйкес мүлiктi Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 544 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетiлген объектiлердi қабылдап алу-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 544 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1003; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 наурыздағы N 211 қаулысына қосымша |
Республикалық меншiктен Қазақстан Республикасы Бiлiм және
ғылым министрлiгiнiң "Республикалық қосымша бiлiм беру
оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының теңгерiмiнен Алматы қаласының
коммуналдық меншiгiне берiлетiн мүлiктiң
тiзбесi
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N 544 қаулысымен.
Р/с N | Мүліктің атауы | Мүкәммалдық нөмірі | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қызыл кресло | ОС-163312 | дана | 37 |
2 | Күрес кілеміне арналған жапқыш | 000125200501 | дана | 1 |
3 | "Геркулес" үстелі (850x2500) | 000125200566 | дана | 10 |
4 | Сынып тақтасы | 00020600300 | дана | 22 |
5 | Лингафон кабинеті жиһазының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
6 | Лингафон кабинеті жабдықтарының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
7 | Лингафон кабинеті орындықтарының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
8 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | Р12585 | дана | 12 |
9 | Қол жуғышқа арналған кронштейн | Р125800 | дана | 2 |
10 | Палас | Р12500312 | дана | 2 |
11 | Телевизорлар мен магнитофондарға арналған жылжымалы таған | 000125000312 | дана | 1 |
12 | "Беларусь" пианиносы | 000125085001 | дана | 9 |
13 | "Schoise" пианиносы | 000125085002 | дана | 1 |
14 | Үстел тіреуіші | ОС163690 | дана | 2 |
15 | "PETROV" пианиносы | 000125085003 | дана | 1 |
16 | "Эстония" роялі | 000125085004 | дана | 2 |
17 | Шахмат үстелі | Р1ОС22 | дана | 30 |
18 | Окушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 0002062005601 | дана | 10 |
19 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 000206200502 | дана | 6 |
20 | Былғары кресло | 1Р872 | дана | 4 |
21 | Оқушы партасы | Р1-315 | дана | 10 |
22 | Аспалы сөре | 000206200510 | дана | 1 |
23 | Балаларға арналған орындық | 00012500625 | дана | 6 |
24 | Үстел (ГДР) | ОС1630 | дана | 33 |
25 | Оқушы үстелі | 1Р1333 | дана | 30 |
26 | Үш жақты ашпалы тумба | 000206200510 | дана | 1 |
27 | Үш есікті шкаф орындығымен | 00012500625 | дана | 5 |
28 | Үлкен шкаф (секциялы) | 1Р206 | дана | 6 |
29 | 4 секциялы шкаф | 00012500626 | дана | 1 |
30 | Бұрышты шкаф | 000206200510 | дана | 2 |
31 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 125282005046 | дана | 45 |
32 | Шыны витринасы | Р1-12503 | дана | 1 |
33 | "Шолпан" гарнитуры | 25БШ | дана | 2 |
34 | Журнал үстелі | Р1N6 | дана | 2 |
35 | Айна | Р12548 | дана | 6 |
36 | Ақшыл-қоңыр кресло | 0001252005502 | дана | 28 |
37 | "Хольга" креслосы | ОС-12525 | дана | 1 |
38 | Сөрелер | 000125200310 | дана | 62 |
39 | 2 тумбалы үстел | 000125200312 | дана | 2 |
40 | 2 тумбалы үстел (БССР) | ОС 1630 | дана | 12 |
41 | 2 тумбалы үстел | Р12188 | дана | 5 |
42 | Оқушыларға арналған үстел жиынтығы | 125200345002 | дана | 11 |
43 | Үстел | 125200345512 | дана | 1 |
44 | Оқушыға арналған""МЗ" маркалы үстел | Р1ОС15 | дана | 10 |
45 | Физикалық үстел | Р11250202 | дана | 8 |
46 | Орындықтар (Веналық) | Р121992 | дана | 11 |
47 | Орындықтар (ГДР) | Р1213 | дана | 120 |
48 | Орындықтар (гобелен) | Р1315 | дана | 20 |
49 | Орындықтар (ЧССР) | Р12180 | дана | 200 |
50 | Тумба | Р1-2984 | дана | 1 |
51 | "МЕХ" бұрышты үстелі | Р1ОС15 | дана | 4 |
52 | "Снежинка" тоңазытқышы | Р1ОС15 | дана | 1 |
53 | 3 есікті шкаф | Р1-125125 | дана | 2 |
54 | Шкаф (ГДР) | ОС163690 | дана | 37 |
55 | Шкаф (ГДР-450) | ОС 163690 | дана | 2 |
56 | Кітаптарға арналған шкаф | Р1-2189 | дана | 23 |
57 | Медициналық шкаф | Р12181 | дана | 2 |
58 | Киім ілетін шкаф | ОС 163673 | дана | 25 |
59 | "Шолпан" шкафы | 18900 | дана | 80 |
60 | 2 креслосы бар диван | Р69899 | дана | 1 |
61 | Сөре | Р6252120 | дана | 6 |
62 | Үстел тіреуіші | Р61251280 | дана | 1 |
63 | Қабырғалық жиһаз жиынтығы | Р6200200 | дана | 1 |
64 | Үстел (ГДР) | ОС-1630 | дана | 12 |
65 | "Планетарий ИКП-2" аппараты | Р6000123 | дана | 1 |
66 | "Рецигаль" роялі | 000123198998 | дана | 1 |
67 | Киім ілгіш | 00020600601 | дана | 10 |
68 | Тігін машинасы | Р61230706 | дана | 5 |
69 | Celeron 1.7/256/4 базасындағы жүйелік блок | 1230000005 | дана | 4 |
70 | "Scaner HP Scan 3670C" сканері | 1230050057 | дана | 1 |
71 | Samsung принтері | 00012300800 | дана | 1 |
72 | Celeron 1/7/256 mb/40gb 17 базасындағы жүйелік блок | 12318850505 | дана | 1 |
73 | Celeron 1/7/256 mb/40 15 жүйелік блогы | 12312512300 | дана | 5 |
74 | Celeron 1/7/256 mb жүйелік блогы | 12300090030 | дана | 4 |
75 | LG CF-21D60 телевизоры | 12312300305 | дана | 1 |
76 | LG W 142 бейнемагнитофоны | 1238521008 | дана | 1 |
77 | 10+1 конфигурациялы компьютер сыныбы | 12311738473 | дана | 1 |
78 | ЗМ ОНР 9080 үстелге қоятын проекторы | 12300300702 | дана | 1 |
79 | ЗМ TS 150 проекциялық экраны | 12300848784 | дана | 1 |
80 | 2003 жылғы компьютер жиынтығы | 12300500400 | дана | 1 |
81 | Өндірістік тоңазытқыш | 00012319861 | дана | 1 |
82 | Ас үйге арналған жабдықтар (қамыр бұлғауыш) | 00012504030 | дана | 1 |
83 | 2 қабатты кереует | 00012500100 | дана | 20 |
84 | Матрац (80x200) | 00012500104 | дана | 40 |
85 | Синтепоннан жасалған жастық (70x70) | 00012500104 | дана | 40 |
86 | Синтепоннан жасалған көрпе | 00012500104 | дана | 40 |