Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 195 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 224-26, 224-30, 224-33-1, 224-33-2 және 224-33-10-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 224-41, 224-42, 224-43, 224-44, 224-45-жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне

      224-41 "Қазақ әуендері" АҚ

      224- 42 "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

      224-43 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ

      224-44 "Астана Балет" театры" ЖШС

      224-45 "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КеАҚ".

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      мына:

      "

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 601


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

2380

  ";

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 621


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

2372

  ";

      реттік нөмірлері 7) және 8) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7)

"Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ

275

8)

"Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" РММ"

136

  ";

      реттік нөмірлері 11) және 12) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11)

"Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" РММ

40

12)

"Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" РММ

46

  ";

      реттік нөмірлері 14), 15), 16) және 18) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14)

"Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ

65

15)

"Орталық мемлекеттік архив" РММ

58

16)

"Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ

26

18)

"Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" РММ

24

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33) жолмен толықтырылсын:

      "

33)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" РММ

20

  ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 195 қаулысына
қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі

      1. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.

      2. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

      3. Астана Опера "Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      4. "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      5. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.