Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) спорт құрылыстарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жаттықтырушылар, нұсқаушы-спортшылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзiрлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемақыларды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
35) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
39) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;»;
41) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов