"Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 126 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

      2. Ғылыми, білім беру және мәдени қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтардың мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік және таратылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік есебінен қалыптастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысының бекітілуін;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне берілуін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 126 қаулысына
қосымша

"Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
"Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық
мемлекеттік қызыналық кәсіпорынының балансындағы республикалық
мүліктің және таратылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова
атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кредиторларының талаптарын
қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктің тізбесі

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Баланста ұстаушы

1

2

3

4

5

1.

Музыка аспаптары

дана

1

"Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМҚК

А. Серкебаевтың "Астана" мюзиклы

"Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры" РМҚК

1.

Деректемелер

дана

164

2.

Сахна киімдері

дана

963

3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

265

А. Бастыбаевтың "Бәйтерек" балеті

1.

Деректемелер

дана

34

2.

Сахна киімдері

дана

416

3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

44

А. Бородиннің "Қыпшақтар биі" балеті

1.

Деректемелер

дана

14

2.

Сахна киімдері

дана

165

3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

24

X. Левенсхольдтың "Сильфида" балеті

1.

Деректемелер

дана

92

2.

Сахна киімдері

дана

131

3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

60

Ж. Оффенбахтың "Гофманның ертегілері" операсы

1.

Деректемелер

дана

288

2.

Сахна киімдері

дана

444


3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

29

П. Гертельдің "Пайдасыз сақтық" балеті

1.

Деректемелер

дана

9

2.

Сахна киімдері

дана

140

3.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

16

Ф. Шопеннің "Шопениана" балеті

1.

Сахна киімдері

дана

32

2.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

1

Сахна-қойылым құралдары, өзге активтер

1.

Сахна киімдері

дана

67

2.

Жұмсақ және қатты декорациялар

дана

18





  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 126 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қ." деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-167-жолмен толықтырылсын:

      "21-167 "Қазақ ұлттық хореография академиясы" КЕАҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-33-9-жолмен толықтырылсын:

      "224-33-9. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" КЕАҚ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.