"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 228 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 154-3) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Министрліктің миссиясы:

      мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;";

      16-тармақтың бірінші бөлігінде:

      92) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 94-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "94-1) ұлттық фильм куәлігін беру;";

      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5), 154-6) 154-7), 154-8), 154-9), 154-10), 154-11), 154-12) және 154-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "154-1) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      154-2) Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      154-3) Кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      154-4) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;

      154-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;

      154-6) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;

      154-7) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдерге, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

      154-8) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату мен жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйелеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;

      154-9) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асыру;

      154-10) ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобалардың өндірісін қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу критерийлерін айқындау;

      154-11) Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      154-12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      154-13) Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      156) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин