РҚАО-ның ескертпесі!
Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен, оған 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда.
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
1. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті құрылсын.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі туралы ереже; |
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер | ||||||||||||||||||||||||||||||
1. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті. 3. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше белгіленбесе республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері14. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы: сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру. 15. Міндеттері: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын қызметі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне жүктелген өзге де міндеттер. 16. Функциялары: 1) орталық аппараттың функциялары: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдер, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салалардағы халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту; қызметтік куәлікті беру тәртібін және оның сипаттамасын әзірлеу және бекіту; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салаларда мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттау қағидаларын бекіту; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету бойынша ведомстволардың қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету; дiнтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту; діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту; мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салада әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту; өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне басшылықты жүзеге асыру; мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу; әрекеттері (немесе әрекетсіздіктері) ұлттық мүддені бұзуға әкеп соқтыратын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауаптылыққа тарту; мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру; мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдарға гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту; үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы беру қағидаларын бекіту; уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесін және құрамын бекіту; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылу және мониторингі нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту; үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын бекіту; үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту; волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту; волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту; волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту; жеке кәсiпкерлiк субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу; мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерден басқа, кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сарапшылық кеңестің қарауына енгізу; қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; қоғамдық кеңес құру; қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау; қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау; қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту; қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына төрағалық ету; қоғамдық кеңестің қызметі туралы ережені бекіту; қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; ақпарат ұсыну сапасына және уақтылығына ішкі бақылау жүргізу; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және үйлестіруге қатысу; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша қызметті үйлестіру; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне бекітуге енгізу; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдауды және болжауды жүзеге асыру; қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару жөніндегі жобалық кеңсе қызметін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын мониторингтеу және талдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру; мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру; әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту; жастар республикалық форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту; жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту; ақпаратты ашық деректер интернет-порталында орналастыру; ақпаратты ашық бюджеттер интернет-порталында орналастыру; ақпаратты ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастыру; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 2) ведомстволардың функциялары: тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің ведомстволары реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдарының қызметін қамтамасыз ету; заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету; республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды оператор арқылы гранттарды ұсыну бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын және нәтижелерін бағалауды интернет-ресурстарға орналастыру бойынша жүзеге асыру; діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттар мен қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету; республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру; дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу; республикадағы діни қызметті, этносаралық және конфессияаралық келісімді зерделеуді және талдауды жүргізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу; Қазақстан Республикасы аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу; республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім беру; дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу; жастар ұйымдарымен конфессияаралық және этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; жастар арасында конфессияаралық және этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру; діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу; диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелдерде тұрып жатқан отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру; деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; қайырымдылық саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша қызметін үйлестіру; волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; волонтерлік қызметті дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастыру; медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарға гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлеу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу; мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырылуы мониторингін және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылуы мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету; жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды өз интернет-ресурстарында орналастыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдарға гранттар ұсыну жоспарын әзірлеу және бекіту; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына қосу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау; үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беру қағидаларын әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен талдап қорытуды жүзеге асыру; волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу; волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлеу; волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу; волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; волонтерлік қызметті мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу; ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау; қоғамдық кеңестер қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру үрдістерін талдауды және болжауды жүзеге асыру; білім және тәрбие жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету; мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру; әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу; республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу; жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу; "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу; жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу; "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін заңнамаға сәйкес құру және қызметін қамтамасыз ету; адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар қызметін үйлестіру және қолдау; ұлттың әлеуметтік мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру; жастарды адамгершілік-рухани дамыту, отбасылық саясат саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; ведомстволар құзыретіне жататын мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы операторға мемлекеттік гранттарды ұсыну; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; отбасы мәселелері жөніндегі республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де субъектілердің отбасы саясаты мәселесі бойынша қызметін үйлестіру; отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингтеуді жүзеге асыру; отбасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы отбасы мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу; отбасылармен жұмысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен, дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде олар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысу; отбасы мәселелері жөнінде брифингтер және өзге де бұқаралық іс-шаралар дайындау; отбасы саясаты саласындағы үрдісті жүйелі талдау; өңірлік деңгейде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіру; құзыреті шегінде медиацияны, қайырымдылықты дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру; мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 17. Құқықтары мен міндеттері: өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа да мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. 3-тарау. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметін ұйымдастыру18. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне басшылық етуді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 19. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 20. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады. 21. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі бірінші басшысының өкілеттіктері: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі реттейтiн салада мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейді; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанындағы сарапшылық кеңестерді және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды құрады; өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкiлеттiктерiн белгілейді; орынбасарлардың (вице-министрлердiң) бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейді; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды; Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мүддесін білдіреді; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жұмыс регламентiн бекiтедi; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады. 22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді. 23. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын жауапты хатшы басқарады. 4-тарау. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мүлкі24. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алған мүлкі (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады. 25. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5-тарау. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату27. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар1."Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне"; "224-38-1 "Отандастар қоры" КеАҚ 50%" деген жол алып тасталсын; "Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне 375. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 375-1. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне 375. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 375-1. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетіне 375-2. "Отандастар қоры" 50%" КеАҚ". 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 3-бөлімде: мына: "
" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "
"; 11-бөлімде: мына: "
" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "
". 13-бөлімде: мына: "
" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "
". 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
Қайта аталған мемлекеттік мекемелердің тізбесі1. "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне. 2. "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне. 3. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне. 4. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне. 5. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі1. "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 321-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 30-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 21, 170-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-79, 319-құжат). |