Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 2) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;»;
қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;»;
елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов