Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкiлеттi органы болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1439 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:" деген жолда "2937" деген сандар "2406" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:" деген жолда "2651" деген сандар "2120" деген сандармен ауыстырылсын;

      9) тармақша алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.