"Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 644 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

      2. Шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражатының есебінен 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысының бекітілуін;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызына иелік ету және пайдалану құқығын – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне және елу пайызына иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 644 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-184-жолмен толықтырылсын:

      "21-184. "Отандастар қоры" КеАҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-38-1-жолмен толықтырылсын:

      "224-38-1. "Отандастар қоры" КеАҚ 50 %";

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-3-жолмен толықтырылсын:

      "239-3. "Отандастар қоры" КеАҚ 50 %".

      3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "3. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.