Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдени және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

      2) кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 585 қаулысына
қосымша

Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кэсіпорнына.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 585 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген жолдағы: "3768" деген сандар "3534" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде": деген жолдағы: "3482" деген сандар "3248" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 1), 2), 3), 4), 5) және 6) жолдар алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 322 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.