"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi ретінде опера және балет өнері мен концерттік орындаушылық саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын практикалық іске асыруға бағытталған сахналық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып айқындалсын.

      3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

      4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда қоғам жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) құрылсын.

      5. Қоса берiлiп отырған Қамқоршылық кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысының бекітілуін;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне берілуін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына
1-қосымша

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры"
коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын
төлеуге берілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы
Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүліктің
тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Баланстың ұстаушысы

1

2

3

4

5

М.Төлебаевтың "Біржан Сара" операсының жұмсақ және қатты декорациялары

1.

Кулисалар, көлемі 3*13 м

дана

8

"Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2.

Падугалар, көлемі 24*4,5 м

дана

4

3.

"Құздар" кулисалары, көлемі 13*3,5 м

дана

6

4.

"Ұлттық оюмен өрнектелген "Киіз үй" артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

5.

"Ұлттық" негізгі артқы перде, көлемі 21*12 м

дана

1

6.

"Күннің батуы (киіз үй)" артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

7.

"Киіз үй" тордан жасалған артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

8.

"Бурабай көлі" артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

9.

"Бурабай" тордан жасалған қиық артқы перде (жасыл желек), көлемі 24*13 м

дана

1

10.

Тордан жасалған (жасыл желек) аркалар, көлемі 12*13 м

дана

6

11.

Тіл тәрізді әшекейлер, көлемі 8,7*8,5 м

дана

2

12.

"Құз" артқы қиық декорация, көлемі 24*13 м

дана

1

13.

"Ағаштар және құздар" қиық артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

14.

Төсеніш, көлемі 24*24 м

дана

1

15.

Арбадағы үй, көлемі 10*7*3 м

дана

1

16.

Баспалдағы бар алаң, көлемі 7,35*4,2*6,0 м

дана

1

17.

Сатысы бар алаң, көлемі 3,75*0,75*0,6 м

дана

1

18.

Қақпасы бар дуал, көлемі 4,75*3,75 м

дана

2

19.

Киіз үйі бар станок, көлемі 5,3 6,75*1,5 м, станок, көлемі 9*4*0,8 м

дана

1

20.

Арбадағы киіз үй, көлемі 7*5,8*1,5

дана

1

21.

Арбадағы киіз үй мен станок, көлемі 11*4,0*1,2, киіз үй 5,3*4,4*1,7 м

дана

1

22.

Арбадағы сәкі, көлемі 7*2,5*3,5

дана

1

23.

Арбадағы ағаш, көлемі 7*6,5*2,5

дана

1

24.

Ағаштың бұтақтары, көлемі 6*4,5*10,6

дана

2

25.

"Сарқырама", көлемі 3,5*4,4*2,1

дана

1

26.

Арбадағы перде, көлемі 3,3*4 м

дана

2

27.

Арбадағы үлкен киіз үйдің есігі, көлемі 4,25*2,0*1,3 м

дана

1

28.

Арбадағы құз, көлемі 7*2,3*4 м

дана

1

29.

Арбадағы құз, көлемі 8,0-5,1*0,6

дана

1

30.

Арқандағы құз, көлемі 8*7*0,5 м

дана

1

31.

Жиылмалы басқыш, көлемі 4*0,8 м

дана

1

32.

Сол жақтағы арбада орналасқан баспалдақты құз, көлемі 7,5*5*2,4 м

дана

1

33.

Арба, көлемі 3*1,2*1,1 м

дана

1

34.

Алқа, көлемі 2*1,6 м

дана

2

35.

Алау, көлемі 0,7*0,6*0,25 м

дана

1

П.И. Чайковскийдің Аққу көлі операсының жұмсақ декорациялары

36.

"Таудағы сарай" артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

"Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

37.

"Ағаштар" тордан жасалған қиық артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

38.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

39.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

40.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

41.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

42.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

43.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

44.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

45.

"Орман ағаштары" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

46.

"Би залы" падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

47.

"Би залы" падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

48.

"Би залы" падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

49.

"Би залы" падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

50.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

51.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

52.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

53.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

54.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

55.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

56.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

57.

"Би залы" артқы декорациясы, көлемі 24*13 м

дана

1

58.

"Көл" артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

59.

"Жағалау" тор секілді артқы қиық декорация, көлемі 24*13 м

дана

1

60.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

61.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

62.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

63.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

64.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

65.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

66.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

67.

"Орман көл" кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

68.

"Би залы" кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

69.

Тақ, көлемі 2,3*0,65*45 м

дана

2

70.

Сәкі, көлемі 1,5*0,45*0,5 м

дана

4

71.

Аспалы шам, көлемі 2,65*1,5 м

дана

2

72.

Шандал

дана

4

Б.Эйфманның Роден балетінің декорациясына арналған жарық электр техникалық бұйымдары

73.

Жарық пунктирлік сүйеніші бар баспалдақ

жиынтық

1

"Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

74.

Баспалдақ - актерлерге жарығы бар баспалдақ

жиынтық

1

75.

Баспалдақ торындағы актерлер үшін тік жарық

жиынтық

1

76.

Баспалдақ торындағы актерлер үшін көлденең жарық

жиынтық

1

77.

Көтеріліп түсетін "қабырғалар" - баспалдақтағы тік жарық

жиынтық

1

78.

Көтеріліп түсетін "қабырғалар" - терезенің автономиялық жарығы

жиынтық

1

79.

Шамдардың сыртқы суреті бар көмескі жарық

жиынтық

1

80.

Шамшырақ – плафондар жарығы

жиынтық

1

81.

Рирпроекциялық экран (жұмсақ декорациялар)

дана

1

82.

Торлы перде (жұмсақ декорациялар)

дана

1

83.

Сурет жабыстырылған торлы перде (жұмсақ декорациялар)

дана

1

84.

Сол жақ арбаның баспалдағы (қатты декорациялар)

дана

1

85.

Оң жақ арбаның баспалдағы (қатты декорациялар)

дана

1

86.

Сол жақтағы аспалы дуал (қатты декорациялар)

дана

1

87.

Оң жақтағы аспалы дуал (қатты декорациялар)

дана

1

88.

24 м Gerrierts дуалдың қозғалуына арналған жол (пәуеске жиынтығы және қолмен басқаратын құрылғысы бар)

дана

2

89.

Қалпағы бар сәндік траверса, сол жақ

дана

1

90.

Қалпағы бар сәндік траверса, оң жақ

дана

1

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына
2-қосымша

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 362 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша)

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

Құлыбаев Тимур Асқарұлы

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісу бойынша)

Сатқалиев Алмасадам Майданұлы

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Машкевич Александр Антонович

-

ERG Sarl менеджерлер кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

Шодиев Патох Каюмович

-

ERG Sarl менеджерлер кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Рақышев Кеңес Хамитұлы

-

"Fincraft Resources" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы

-

"Astana Group" холдингінің президенті (келісу бойынша)

Васкес Лучано

-

ENI S.p.A. Орталық Азия филиалының басшысы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
  Yкіметінің
  2013 жылғы 22 мамырдағы
  № 512 қаулысына
  бекітілген

"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 362 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары

      4. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – театр) қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету кеңестің міндеті болып табылады.

      5. Кеңестің функциялары:

      1) жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту;

      2) театрға шығармашылық жоспарларын іске асыруға жәрдемдесу;

      3) кәсіби шеберлікті жетілдіруге және әртістік мектепті қалыптастыруға жағдай жасау;

      4) халықаралық жобаларды ұйымдастыруға және іске асыруға жәрдемдесу;

      5) театрдың шығармашыл қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету;

      6) басқару, қаржы және шаруашылық қызмет жүйелерін жетілдіруге жәрдемдесу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:

      1) театр қызметі мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартуға;

      2) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес мүшелерін, театр басшылығын отырыстарда тыңдауға;

      3) Кеңес театрдың дамуына бағыттаған бюджеттен тыс қаражаттың пайдаланылуы және кеңес шешімдерінің орындалуы туралы театр басшылығынан есеп сұратуға;

      4) Кеңеске жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңес отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланған (қайта сайланған) кеңес төрағасы оның жетекшісі болып табылады.

      8. Кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын кеңес шешімі бойынша кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

      9. Төраға кеңес атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

      10. Кеңестің хатшысы театр жұмыскерлері қатарынан тағайындалады және кеңес мүшесі болып табылмайды.

      Кеңестің хатшысы кеңес отырысына дайындықты, оның өткізілуін, материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      11. Кеңестің төрағасы:

      1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Кеңес отырыстарының өткізілу орны мен уақытын белгілейді;

      3) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

      4) Кеңес мүшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.

      12. Кеңес мүшелері:

      1) Кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) Кеңес отырыстарының материалдары мен оның шешімі жобаларын дайындауға қатысуға;

      3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.

      13. Кеңес отырыстары кеңес төрағасы белгілейтін мерзімдерде қажетіне қарай жылына екі реттен сиретпей өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңестің барлық мүшелері кеңес отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар болса және мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, кеңес отырыстары заңды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін өзге лауазымды тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

      14. Кеңес шешімдері кеңес отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен немесе кеңес мүшелеріне сауалнама жүргізу арқылы қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде даусын табыстау құқығынсыз бір дауысқа ие.

      Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады.

      15. Кеңестің шешімі отырысқа қатысып отырған кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс хаттамамен ресімделеді.

  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-158-жолмен толықтырылсын:

      "21-158. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-33-1-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-1 "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.