Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 және 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 522 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 327-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде:
      11-тармақтың 32) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi