Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысы

      Спорт саласы үшін мамандар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру және спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командалары үшін спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
      2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
      3) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);
      4) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.
      2. Мекемелер қызметінің негізгі мәні негізгі орта білім берудің, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары үшін спорт резервін даярлау, спорт және дене шынықтыру саласында мамандар даярлау болып айқындалсын.
      3. Мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1109 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      17-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

17.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

931


Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

832


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі

191


Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

253


Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

112


Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

276

                                                               ».

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.