Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 270 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2005 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3827. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiнде:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Астана, Алматы және Атырау қалаларында салынған тұрғын үйлердi сатып алу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі