Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
Ескерту. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды; "заң актiсiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылды; "басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылды; "жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
1 БӨЛIМ
Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етілуі;
2) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
РҚАО-ның ескертуі!
"әлеуметтік жеке код" термині 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен алынып тасталады.
5) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
6) бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін
айқындау мүмкіндігі, ол:
бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;
бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;
бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
8) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
9) әртараптандыру - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру;
10) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
11) ең төменгі зейнетақы - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері;
12) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
13) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы
зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің
мөлшері;
15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
18) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
19) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы
жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны;
21) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
25) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
26) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
27) зейнетақы төлемдері:
Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
28) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
29) зейнетақы аннуитеті шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
31) инвестициялық декларация - зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
32) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
РҚАО-ның ескертуі!
"инвестициялық портфель" термині 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен қолданысқа енгізіледі.
33) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары жиынтығы;
34) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
35) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк;
36) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
37) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
38) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
39) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
40) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
41) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетіледі;
42) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
43) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
44) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
45) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін экономикалық талаптар;
46) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
47) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
48) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
49) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді) Заңымен .
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу
және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру
тәртiбi
Ескерту. 4-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк
кепiлдiктер
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 жылғы 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 1999.11.16. N 482 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына
кепiлдiк
РҚАО-ның ескертуі!
1-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
2) зейнеткерлiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу;
3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу;
6) (алып тасталды)
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
8) (алып тасталды)
9) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беріп отыру;
13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
15) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2 БӨЛIМ
Орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру
2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.01.04. N 278 Заңымен .
8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар
азаматтар санаттары
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
2) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға;
3) еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленедi.
2. Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған, Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.
4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi;
2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.
5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың 1-тармағында аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап тағайындалады.
6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.01.08. N 378 , 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi
Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса төленедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек
стажы
11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек
стажын есептеу
1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
6) бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен ;
2) әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;
8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;
9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 , 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді) Заңымен .
4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу
13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеу
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.
2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен белгiленедi.
3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жиырма сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 1999.11.16 N 482 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 110-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн
есептеу үшiн табысты анықтау
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.
2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн жиырма сегіз еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 N 110-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
өтiнiш беру тәртiбi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.
2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен жүргiзедi.
3. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмдеуiне көмек көрсетуге мiндеттi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді) Заңымен , 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган құжаттар табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
2. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.
3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.
4. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
мерзiмдерi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
2. Арыз бен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан
ұстап қалу тәртiбi
18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның
қызметінің негiзгi бағыттары
1. Орталық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады, оның уәкiлеттi органын Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейдi .
1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн төлеудi;
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақтың 2) тармақшасы 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен алынып тасталады.
2) азаматтарға әлеуметтiк жеке кодтар берудi; V075081
2-1) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және міндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
2-2) салымшы зейнетақы төлемдеріне құқық алған кезде нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына инфляцияның жобалы деңгейін ескеріп анықтауды;
3) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақтың 4-1) тармақшасына 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
4-1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi жоқ (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтаруды;
4-2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражатының аударылғаны туралы электрондық хабарламалар жіберуді және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарынан құралған жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыруды ;
4-3) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір жыл ішінде екі рет шарт жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаларды деректердің бірыңғай тізіміне енгізуден бас тартуды;
4-4) салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды;
5) мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға агенттердiң Орталық есебiне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзілімдер мен төлем құжаттарын табыс етудi;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi ағымдағы ай үшiн төленедi.
2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.
3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.
4. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды .
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу
1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.
21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу
1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жасалуы мүмкiн.
2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
3 БӨЛIМ
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру
ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен
қамсыздандыру
22-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналарын осы Заңда белгiленген ставкалар бойынша төлеуге тиiс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
3-1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған;
2) осы Заңның 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлері босатылады.
4. Мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
4-1. Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, адвокаттар қызметкерлерге төленетін табыстардан — табыстарды төлейтін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар өз пайдасына — есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде;
4) оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
5) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер — патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
6) біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар — біржолғы талон сатып алынған отыз күннен кейінгі он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
7) Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей аударады.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
РҚАО-ның ескертуі!
7-тармаққа 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
1-1. Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы кірісінің он проценті мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
Судья келеңсіз себептер бойынша қызметінен босатылған кезде көрсетілген жарналар республикалық бюджетке алынады.
2. Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары мәлiмделетiн табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге тиiс.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге есептелетін, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде белгіленедi.
Дара кәсiпкер, адвокат және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын табыс мәлiмделетiн табыс болып табылады.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi .
Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.22. N 232 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
22-2-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарын олармен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебiнен енгiзедi.
2. Алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
22-3-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының
ставкасы
1. Еріктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын төлеудi кәсіптерiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентiнен жоғары болмауға тиiс. Бұл орайда ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен анықталады.
Ескерту. 22-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс етуге міндетті.
2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
4. Салық органдарының өкімі бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған немесе агенттің банк шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. V095559
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
7. Салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеушi агенттiң тiркеу нөмiрiн, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегi бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.
Ескерту. 22-4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзiмсiз белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезiнде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
23-1-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу жасқа толған адамдардың;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
23-2-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен
төленетiн зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiне:
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражатын төлеу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленедi.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында, 22-бабының 3-2-тармағында аталған адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнің сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
4. Кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi . Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгiленедi.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi .
6. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi мен алушы табыс ететiн құжаттардың тiзбесi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Ескерту. 23-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
24-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы
мәлiметтер беру
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгiлейдi .
2. (алып тасталды)
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргiзуге мiндеттi.
4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей табыс етіп отыруға мiндеттi.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады.
1-1. Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
2. Салымшының, алушының, жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қарыздары бойынша зейнетақы активтері мен жинақталған зейнетақы қаражатына, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкротқа ұшыраған жағдайда, тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға жол берілмейді.
2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгіленген жағдайда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге.
3. (алып тасталды)
4. Алушы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар және осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетпеген адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн елу еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолғы төлем жасайды.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау
және есепке алу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.
2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді .
3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөнiндегi, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етiле отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн жиырма күн мерзiмде жинақтаушы қордың талап етуiмен бiржақты тәртіппен бұзылуы мүмкiн.
7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде екi баспасөз басылымында тиiстi жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
27-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен
агенттердің құқықтары мен мiндеттерi
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
РҚАО-ның ескертуі!
1) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкiлеттi орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
5) төлемдердi жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алуға;
6) өзiнің жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне, бiрақ жылына екi реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға;
РҚАО-ның ескертуі!
6-1) тармақшамен 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республика сының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
10) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен Орталықтан қызметкердің мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болуы туралы растама алуға құқығы бар.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушылар:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бiр жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерiстер туралы осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде хабарлауға;
3) (алып тасталды)
4) осы заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мерзiм мен тәртiп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндеттi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
27-1-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару
1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аудару салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап басқа зейнетақы қорымен жасасатын шарты бойынша Орталықтың электрондық хабарламасы бойынша жүзеге асырылады.
2. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударудың тәртібі, сондай-ақ салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен басқасына аудару уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
3. Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару 2009 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды салымшы (алушы) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшы (алушы) туралы ақпарат бар және салымшыға (алушыға) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электрондық терминалдар арқылы аударуға мүмкіндік беретін электрондық құжат арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 27-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), жаңа редакцияда - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi
Ескерту. 28-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық
ережелерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен ережелерiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;
5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
РҚАО-ның ескертуі!
5-2) тармақшамен 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
РҚАО-ның ескертуі!
1-тармақ 2, 3-ші бөліктермен 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармаққа 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
2. Зейнетақы ережелерiн акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсiледi.
3. Зейнетақы ережелерi жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оған нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
30-бап. Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен
жасасатын зейнетақы шарты
1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары , ерiктi зейнетақы жарналары , ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкілеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақтың 2) тармақшасына 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтiк жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;
6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;
8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;
11) ерiктi зейнетақы жарналарының немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады.
3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жылда екі реттен артық аудармау туралы талаптарды орындағаны туралы Орталықтың растаған кезінен бастап күшіне енеді.
4. Салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқан кезде жіберуші қорлар жинақталған зейнетақы қаражатын Орталықтың электрондық хабарламасы негізінде он бес жұмыс күні ішінде алушы қорға жіберуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезеңде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт жасасуына не жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуына жол берілмейді.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақталған зейнетақы қаражатын аудару рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылады.
Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
тараптарының және өзге де адамдардың
жауапкершілігi
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.
2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттармен белгiленедi.
РҚАО-ның ескертуі!
4-тармаққа 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
4. Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына есептелетiн номиналдық кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшi кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құрайтын болса, онда жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген тәртiппен номиналдық кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстіліктің ең төменгi мәнi арасындағы айырманы өз капиталының есебiнен қалпына келтiредi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша номиналдық кiрiстiлiгiн және кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiн есептеу тәртібi уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
Өзiнiң басқаруындағы әрбiр жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiне қатысты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры кiрiстілiктiң ең төменгi мәнiнен төмен емес кiрiстілiк алуды қамтамасыз етедi.
Егер жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi бойынша күнтiзбелiк жылдың соңына есептелетiн номиналдық кiрiстілiгiнiң көрсеткiшi кiрiстiлiктiң ең төменгi мәнiнен кем шаманы құраса, бұл жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстіліктiң көрсеткіші мен кiрiстiлiктiң ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеу туралы талап қояды.
РҚАО-ның ескертуі!
4-1-тармақпен 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы төлемегені үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын жинақталған зейнетақы қаражаты сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
Ескерту. 7-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 Заңымен (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).
31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетiн сақтандыру
төлемдерi
1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында және 23-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетiн ай сайынғы сақтандыру төлемдерi зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшерi зейнетақы аннуитеті шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентiнен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгі мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бap.
5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа келгенде белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
Ескерту. 31-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi .
2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарымен белгiленген мерзiмге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.
Ескерту. 31-2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының
құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
3) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.
1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуі сақтанушыға берiледi;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ кемінде он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 31-3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру
ұйымына аударудың тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген құжаттар пакетiн алған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған мiндеттемелердің орындалуын кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 31-4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша
есеп-қисапты жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге арналған шығыстарының рұқсат етiлетiн деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi .
8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
32-бап. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегi еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу үшiн негiз болады.
Ескерту. 33-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-құқықтық
нысаны
Жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
РҚАО-ның ескертуі!
34-1-баппен 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын,
өкілдіктерін құру, жабу
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалының және өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және өкілдігінің есептік тіркелуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі және мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметін жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бірыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдігі - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
5. Қазақстан Республикасының резиденті емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметі;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешім қабылдау алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтауы;
3) филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның ықпал ету шараларын қолданбауы болып табылады.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі жағдайында жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер ашуға құқылы.
8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге тиіс.
9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің филиалын немесе өкілдігін әділет органдарында есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының немесе өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
10. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2, 6-8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган филиалды және өкілдікті жабуды талап етуге құқылы.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен
акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
1-1. Рейтинг агенттiктерінің бірiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе уәкілетті орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқылы емес.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс eтуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертуі!
1-4-тармаққа 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
1-4. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншігіндe немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
1-5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда), егер оның өз акционерлерінің (қатысушыларының) тіркелген елі туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігі талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
36-1-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар негізгі рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді .
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентпен дауыс беру мүмкіндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп проценті жиынтығымен тиесілі және мынадай:
1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен қоғамның аудитін аудиторлық ұйымның жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылмайды.
2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды .
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын көздер мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол болған жағдайда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
3-1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді табыс етеді.
5. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері жөніндегі қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржы есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептілігін;
6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, оған қоса өтініш берушінің және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сату, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне немесе оны басқаруға іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржы қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат қажет еместігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
7-1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
8. Жиынтығында ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
9. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келген не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе оның қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.
Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылданғаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
12. Егер уәкілетті органға тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына қарай өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат табыс етуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
14. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
15. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
16. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе дұрыс емес мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
36-2-бап. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушысы болғысы келетін
тұлғаларға келісім беруден бас тарту негіздері
1. Уәкілетті органның ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
1) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
3) осы Заңның 36-1-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
4) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
5) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші - қаржылық ұйым өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжауы;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
11) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
3) аяқталған соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
5) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының алдында мерзімі өткен және (немесе) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының балансына жатқызылған берешегі болса;
6) өтініш берушінің ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжаса;
7) ашық жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
3. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 42-7-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Ескерту. 36-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әдiлет органдары жүзеге асырады.
Рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз процентi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттiк" деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi
лицензиялау
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертуі!
40-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР 2009.08.28. N 192-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы
қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі - басқару органы;
3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.
Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесі мүшелері, сондай-ақ тек қана жинақтаушы зейнетақы қоры қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді .
7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) басшы қызметкерге және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не одан да көп рет) қолдану;
3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15. N 253 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары,
мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүдделерiн бiлдiруге;
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
РҚАО-ның ескертуі!
6) тармақшаға 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға;
6-1) Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылуға тиісті жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы туралы мәлімет беруге;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен және мерзімдерде шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, аудиторлық есепті және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды;
11) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
12) салымшымен ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) зейнетақымен қамсыздандыру туралы әрбір жеке тұлғамен шарт жасасуды және оны бұзуды, салымшының (алушының) не сенім білдірілген адамның жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға өтініштерін олардың тұратын жеріне қарамастан қабылдауды және орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір филиалдың және өкілдіктің осындай қызметтерді көрсетуін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;
2) өз мұқтаждары үшiн сатып алған мүлiктi сатып алу-сату мен жалға берудi және уәкiлеттi орган белгiлейтiн қаржы құралдарымен мәмiлелердi қоспағанда, мүлiктi сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
6) алып тасталды;
7) мыналардың:
қаржылық ұйымдардың;
акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспауға тиіс.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлағанда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. P090006
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серiктестiктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметiн реттеу шоғырландырылған негiзде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеудi шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.11 N 562 , 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.12.19 N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
41-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымдары
және жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты
қатысуы
1. Осы Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады .
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас жинақтаушы зейнетақы қорының атауын пайдалануға міндетті.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша қызметі залал шекпеген жағдайда және рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтерді;
5) бизнес-жоспарды қоса ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе осы ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
7) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
8) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігін;
9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
құрылтайшысы (қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жинақтаушы зейнетақы қорының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
11) еншілес ұйымды бақылау және бақылау негізін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген пруденциялық нормативтерді рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қараған кезеңде сақтамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының болжамды еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
6) еншілес ұйым қызметінің немесе жинақтаушы зейнетақы қоры жоспарлаған инвестициялардың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қоры клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі болжанатын қаржылық салдарлардың талдамасы негіз болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша меншігіне иемденіп алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты қатысуды жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша иеленсе, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы тармақпен көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
10. Уәкілетті орган:
1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуін;
2) номиналдық кіріс коэффициентінің төмендеуін;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгертуді;
4) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерін беруді;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;
7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесін бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельді қайта құрылымдауды жүргізуді;
8) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 41-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
РҚАО-ның ескертуі!
42-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР 2009.08.28. N 192-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
42-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі
шаралары және санкциялар
1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
3) міндеттеме-хат талап етуге;
4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгіленген мерзімде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөнінде кепілдігі қамтылуға тиіс.
3. Жазбаша келісім - бұл анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті орган арасындағы келісім.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
5. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді .
6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
7. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгіленген негіздемелер бойынша және тәртіппен консервациялау енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және өндіртіп алуға;
3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, сонымен бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
8. Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің кез-келгені бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
1) негіздемесі бойынша лицензия берілген ақпараттың дәйексіздігі;
2) лицензия берілген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын бір жылдан астам уақытқа кешіктіруі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебінде көрсетілген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімде жоймауы;
7) есептілік пен мәліметтер бермеу немесе қасақана дәйексіз
есептілік пен мәліметтер беру.
9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.
10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарлама жариялау арқылы он күн ішінде салымшылар мен алушыларды хабардар етеді.
11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерін белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті органның лицензиядан айыруы үшін негіз болып табылады.
12. Өзіне қатысты уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
13. Егер уәкілетті орган ірі қатысушылардың немесе олардың
лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің тәртіп бұзушылығы, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын айқындаса, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына да қолданылады.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорына осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жазбаша нұсқаманың, міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау
ұғымы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 8-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
уақытша басқарушы)
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 42-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына
консервация жүргiзу туралы шешiмi
1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
Ескерту. 42-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау
кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы
зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша
әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын
уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi
1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:
1) эмитенті аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің акцияларды пайдалану және оған билік ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің барлық құқықтары, сондай-ақ эмитенті аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушісіне) өтеді;
3-1) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша басқарушысына) ауысады;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
Ескерту. 42-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы
қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады .
Ескерту. 42-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
42-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
Ескерту. 42-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен , өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға,
сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына:
1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жасаған;
5) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар орын алған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына олардың осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға да құқылы.
2. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тәуекелге ұрындыратын, ірі қатысушы мен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады .
Ескерту. 42-7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабардар етуге міндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн оның атауы өзгерген жағдайда да мiндеттi болып табылады.
3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегі қызметті және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзiнен екi және одан да көп заңды тұлға бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) бiрiктiру нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi қолда бар лицензиясы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтiк қордан ашық қор етiп түрiн өзгерткен жағдайда қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндеттi.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат
беруден бас тарту
Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
1) қайта құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
3) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
1-1. (алып тасталды)
1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттар және (немесе) ашылған жеке зейнетақы есепшоттары болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттiгі осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .
4. (алып тасталды)
6. Тарату комиссиясы бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне табыс етуге мiндеттi.
Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде
тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;
3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының болмауын растайтын құжат;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қойып, олар қордың мөрімен расталуға тиіс.
2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.
Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
Өз еркімен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында ол жөнінде ақпарат жариялауға міндетті.
3-1. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен)
4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
Ескерту. 45-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп
таратудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияларынан айыруға;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыруға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi қарайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды, оған оның барлық органдарының өкілеттіктері беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын іс-әрекет жасаған органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган лицензиядан айырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жинақтаушы зейнетақы қорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы сотқа өтініш береді.
Уәкілетті орган лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында жариялайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
Уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
Уақытша әкімшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізуді аяқтағанға дейін өз қызметін жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған уәкiлеттi органға және сотқа табыс етіледi.
Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) атқарылған жұмыс туралы есебiн сот бекiтедi.
Уақытша әкiмшілік (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу аяқталған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкімшіліктен (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыдан) қабылдап алу және тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етіп жасалатын актімен ресімделеді және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекітілген актінің бір данасы iстің материалдарына тiркеу үшiн сотқа жiберіледi.
4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады .
Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады .
7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты шығыстар, осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен жүргізіледі.
7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкі болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнінде сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау жөніндегі шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуын әділет органының мемлекеттік тіркеуіне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 45-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы
қорларының таратылу процесiндегi бақылау
өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге ;
3) тарату комиссияларының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
6) тарату шығыстары сметасын түзудің және бекітудің ерекшеліктері мен тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерінің жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 45-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы
46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын
құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салған салымдары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттемелерінің сомасын шегерiп тастағаннан кейiнгі оның активтерiнiң құны.
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық
капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. (алып тасталды)
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақтың бірінші бөлігіне 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны қалыптастырудың тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшерiне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер басқа тұлғалардың акцияларға орналастырылған активтерін және жарғылық капиталына қатысу үлестерін шегере отырып, өз капиталының шегіндe жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкi туралы декларация беру бөлігіндe белгiленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық төленуге тиiс.
6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiнен құрылтай құжаттары мен қаржы есептiлiгiн табыс етудi талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
сыйақылары
1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) инвестициялық табыстың он бес процентiнен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейдi.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен жиi емес өзгертiлуi мүмкiн және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын кемiнде мерзiмдi екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде жариялау арқылы салымшылар мен алушыларға күнтiзбелiк жыл басталардан кемiнде бiр ай бұрын хабарландырылуға тиiс. Комиссиялық сыйақыны өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi .
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп
берiп отыруы. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу
және есептiлiк
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп бередi.
2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
2-1. Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен белгіленедi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08. N 69 Заңдарымен.
49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
Ескерту. 49-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 , өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушысының есептілігі
1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) басқа тұлғалармен бірге, өз араларындағы шарттың негізінде не өзгеше түрде ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып, өзінің ұйымдардағы лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы баптың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілігін, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
8. Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
Ескерту. 49-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
қатысушыларына және жинақтаушы зейнетақы
қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғаларға
аудит
1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Аудиторлық есептің көшірмесі және аудиторлық ұйымның ұсыныстары уәкілетті органға көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде берілуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына әсерін тигізетін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берілген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорын осы Заңның 42-бабы 11-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Ескерту. 49-3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
РҚАО-ның ескертуі!
50-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР 2009.08.28. N 192-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары және Орталық жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырған сенiмхат негiзiнде;
6-1) Орталыққа - мiндеттi зейнетақы ай жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшiн;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда жазбаша сұрау бойынша өсиетте аталған адамдарға, олардың қарауындағы мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.
6. Жеке зейнетақы шотының болуы және ондағы ақша туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда олардың қарауындағы мұрагерлiк iстер бойынша нотариат кеңселерiнe, жеке нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге беріледi.
Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.06.16. N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
басқару
51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн басқару тәртiбi
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
1-1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алады.
1-2. Рейтинг агенттiктерінің бiрінің белгiлi бiр рейтингiн иеленген заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндеттi.
1-5. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрiнде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнің меншiгiндегi немесе басқаруындағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi .
4. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен оқшауланған болады.
5. алып тасталды.
Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бiр және одан да көп ұйымдармен шарт негiзiнде және (немесе) уәкiлеттi орган беретiн, қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
3. (алып тасталды)
4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
55-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу
1. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелерді, зейнетақы активтерін басқаруға шарттар жасасуды, эмитенттің жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын, артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруды, эмитенттен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі акцияларды сатып алуды талап етуді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, зейнетақы активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер жасасу;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05 N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29 N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
56-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгін қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiленедi.
Пруденциалдық нормативтердің тiзбесiн, олардың нормативтiк мәндерi мен есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкілеттi орган белгiлейдi.
Зейнетақы активтерін немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
59-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
ұйымның жауапкершiлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгiленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бiр жақты тәртiппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
59-1-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
Ескерту. 59-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05 N 139 , өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
4 БӨЛIМ
Арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының
заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн
белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің,
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының және
Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің,
қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет
органдарының қызметкерлерін зейнетақымен
қамсыздандырудың ерекшеліктері
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - 2001.07.16. N 244 , 4-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн
алу құқығы
60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн
алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердің, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:
1) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы және денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртіп қолданылатын, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, әскери қызметте және iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жетуi бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде он екi жыл алты айында үздiксiз әскери қызмет және ішкi iстер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
4) (алып тасталды)
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес, жалпы негiздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Әдiлет министрлiгiнің қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарының қызметкерлерi арасынан зейнеткерлердi әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2001.07.16. N 244 , 2001.10.10. N 247 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
61-бап. Еңбек сіңiрген жылдары үшiн Орталықтан төленетiн
зейнетақы төлемдерінің мөлшерi
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:
1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда - толық көлемінде;
2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн жағдайда - толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемiнде төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың елу процентi есебiнен белгiленедi.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңiрген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентi есебiнен белгiленедi.
4. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Ішкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентiне, еңбек стажының әр жылы үшiн бiр процентiне көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетiн ақшалай қаражаттың бiр процентiне көбейтiледi.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнің жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес процентiнен асыруға болмайды. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне айлық зейнетақы төлемдерiнің ең жоғары мөлшерiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің жетпiс бес еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.
Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 , өзгерту енгізілді - 2001.10.10. N 247 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбемен есептеледi.
Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн
ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2001.07.16. N 244 , 2001.10.10. N 247 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге
асыру мерзiмдерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 (1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2001.07.16. N 244 , 2001.10.10. N 247 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтiн стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма процентi мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328 (1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2001.07.16. N 244 , 2001.10.10. N 247 , 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
66-бап. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан
Республикасының заңдарымен iшкi iстер
органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген
тәртiп қолданылатын әскери қызметшілер, iшкi
iстер органдарының және Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк
өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн
зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын
органдар
1. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.
2. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364 (1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді), 2002.12.29. N 369 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi