Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3384. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2447 тіркелген, 2003 жылғы 11-24 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
     4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

   Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы нарығы мен қаржы
     ұйымдарын реттеу және
     қадағалау агенттігінің
     төрағасы
     2004 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы 
N 175 қаулысымен     
     бекітілген       

Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық
есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - зейнетақы қорлары) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ай сайын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

     3. Зейнетақы қорлары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей уәкілетті органға мынадай қаржылық есепті ұсынады:
     1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
     3) 3-нысан бойынша жасалған зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс есеп (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);
     4) 4-нысан бойынша жасалған зейнетақы активтері бойынша пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы).
     Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қаржылық есепте барлық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

     5. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     6. алынып тасталды
     Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     7. алынып тасталды
     Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     8. Зейнетақы қорлары уәкілетті органға қаржылық есепті ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің көліктік жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауышта ұсынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     9. алынып тасталды
     Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9-1. Тоқсан сайын жасалатын қағаздағы қаржылық есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және зейнетақы қорында сақталады. Зейнетақы қоры уәкілетті органның талабы бойынша жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетулері жоқ қаржылық есепті қағазда ұсынады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

            9-2. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есеп қағаздағы қаржылық есепке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің қағаздағы деректермен бірдей болуын зейнетақы қорының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
     Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     10. алынып тасталды
     Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     11. Зейнетақы қоры ұсынған қаржылық есептен уәкілетті орган дәлсіздіктер немесе қателер анықтаса зейнетақы қорына бұл жөнінде хабарлайды. Зейнетақы қоры хабарлама алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулері ескеріле отырып пысықталған қаржылық есепті электрондық тасымалдауышта ұсынады.
     Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. алынып тасталды
     Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     13. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте шынайы емес мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     14. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.09. N 61 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                           1-нысан

_____________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
20 __ жылғы "__" жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы

                                         (мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Ескертпе

Есепті кезеңнің аяғында

Өткен жылдың аяғында

1

2

3

4

Активтер




Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары




оның ішінде:




кассадағы қолма-қол ақша




банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттардағы ақша




Тазартылған қымбат металдар




Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)




Әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздар




Туынды құралдар




Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)




"Кері РЕПО" операциясы




Берілген аванстар




Болашақ кезеңдердің шығыстары




Комиссиялық сыйақылар




оның ішінде:




зейнетақы активтерінен




зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен/зияннан




Қорлар




Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)




Инвестициялық мүлік




Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар




Дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)




Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (шығатын топтар)




Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)




Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде)




Кейінге қалдырылған салық талабы




Басқа дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)




Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке талаптар




Басқа активтер








Активтердің жиынтығы








Міндеттемелер




Туынды құралдар




"РЕПО" операциясы




Алынған заемдар




Кредиторлық берешек




Алынған аванстар




Бағалау міндеттемелері




оның ішінде:




номиналды кірістіліктің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша




Акциялар бойынша акционерлермен есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар




Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша есептелген шығыстар




Болашақ кезеңдердің кірістері




Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі




Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджет алдындағы міндеттеме




Теріс комиссиялық сыйақы бойынша кредиторлық берешек




Басқа міндеттемелер








Міндеттемелердің жиынтығы








Меншікті капитал




Жарғылық капитал




оның ішінде:




жай акциялар




артықшылықты акциялар




Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)




Алынған капитал




Резервтік капитал




Басқа резервтер




Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)




оның ішінде:




өткен жылдардағы




есепті кезеңдегі




Азшылық үлесі








Капиталдың жиынтығы








Капитал мен міндеттемелердің жиынтығы




      Бірінші басшы   _______________________  күні  _______________
      Бас бухгалтер   _______________________  күні  _______________
      Орындаушы       _______________________  күні  _______________
      Телефон         _______________________
      Мөрдің орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   2-қосымша
      Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.09. N 61   қаулыларымен.

                                                           2-нысан

      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

          200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
              пайдалар мен зияндар туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ес-
кер-
ту

Есеп-
тік
ке-
зеңде

Ағымдағы
жылдың
басынан
бастап
кезең
ішінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде

Өткен
жылдың
осындай
кезе-
ңінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

1

2

3

4

5

6

Комиссиялық сыйақылар






оның ішінде:






зейнетақы қорларынан






зейнетақы қорлары бойынша
инвестициялық кірістен/
шығыннан






Ағымдағы шоттар және
орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер






Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(купон және/немесе дис-
конт) түріндегі кірістер






Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан түскен кіріс-
тер (шығыстар) (нетто)






Әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған кірістер (шығыстар)






"Кері РЕПО" операциялары
бойынша кірістер






Тазартылған қымбат металдармен операциялардан болған кірістер (шығыстар)






Шетел валютасын қайта
бағалаудан болған кірістер
(шығыстар) (нетто)






Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтер
алудан болған кірістер






Басқа да кірістер






Кірістер жиынтығы












Комиссиялық шығыстар






зейнетақы қорларын
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын
ұйымдарға сыйақылар






кастодиан банктерге
сыйақылар






Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу






Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақы) түріндегі
шығыстар






"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар






Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар






Жалпы әкімшілік шығыстар






оның ішінде:






еңбекақы төлеу және
іссапар шығыстары






амортизациялық
аударымдар және тозу






ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар






Бюджетке төленетін
салықтар және басқа да
міндетті төлемдер бойынша
шығыстар (корпоративтік
табыс салығынан басқасы)






басқа да әкімшілік шығыстар






Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
өткізуден түскен шығыстар






Басқа да шығыстар






Шығыстар жиынтығы












Резервтерге (провизия-
ларға) аударылғанға
дейінгі пайда (шығын)






Операциялар бойынша ықти-
мал шығындарға арналған
резервтер (резервтерді
қалпына келтіру)






оның ішінде, номиналды кірістіліктің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеуге арналған






Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
кіріс






Кезеңдегі пайда (зиян)






Салық салынғанға дейінгі
пайда (шығын)












Корпоративтік табыс
салығы












Салық салынғаннан кейінгі
таза пайда (шығын)






Тоқтатылған қызметтен болған пайда (зиян)












Азшылық үлес












Кезең ішіндегі таза
пайда (шығын)






       Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 қаулысымен , 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.09. N 61 қаулыларымен.

                                                            3-нысан

      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

          200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
             таза зейнетақы активтері туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
кезеңнің
басында

Есепті
кезеңнің
аяғында

Активтер




Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттардағы ақша




Аффинирленген қымбат металдар




Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі және екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар




Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар




Әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздар




"Кері РЕПО" операциялары бойынша
талаптар




Туынды құралдары




Дебиторлық берешек




Теріс комиссиялық сыйақы бойынша талаптар




Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар




Басқа да қаржылық активтер




Активтердің жиынтығы








Міндеттемелер




Алушылардың зейнетақы
төлемдері бойынша талаптары




Комиссиялық сыйақылар бойынша
кредиторлық берешек оның ішінде:




зейнетақы активтерінен




инвестициялық кірістен/зияннан




Зейнетақы төлемдерінен алынатын
табыс салығы бойынша кредиторлық
берешек




Туынды қаржы құралдары




Басқа да міндеттемелер




Міндеттемелердің жиынтығы




Таза активтердің жиынтығы




       Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                            қорларының ай сайын
                                             қаржылық есеп беру
                                             тізбесі, нысандары
                                            және ұсыну мерзімдері
                                             туралы нұсқаулыққа
                                                   4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы N 9 қаулысымен , 2007.04.30. N 44 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.09. N 61 қаулыларымен.

                                                            4-нысан

    Зейнетақы активтері бойынша пайдалар және зияндар
                       туралы есеп
      ______________________________________________________
            (Жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

            200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылдың
соңында

Өткен
жылдың
соңында

1

2

3

4

Кезең басындағы таза зейнетақы
активтері




Зейнетақы жарналары оның ішінде:




міндетті




ерікті




ерікті кәсіби




Басқа зейнетақы қорларынан
түскен зейнетақы жинақтары




Орналастырылған салымдар бойынша
сыйақы түріндегі кірістер




Бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон
немесе дисконт) түріндегі кірістер




Бағалы қағаздармен "кері РЕПО"
операциялары бойынша кірістер




Акциялар бойынша дивидендтер
түріндегі кірістер




Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан
болған кіріс (шығыс) (нетто)




сатуға арналған бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен




Қайта бағалаудан болған кірістер (шығыстар) (нетто) оның ішінде:




әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздардың әділ құнының өзгеруінен




басқа активтерді қайта бағалаудан




шетел валютасын қайта бағалаудан




Басқа қаржы активтері бойынша
сыйақы түріндегі кірістер




Өсімпұлдар және айыппұлдар
түріндегі кірістер, оның ішінде:




міндетті зейнетақы жарналарын
уақтылы есептемегені үшін




зейнетақы жинақтарын аударуды
уақтылы жүзеге асырмағаны үшін




Зейнетақы активтерін ойдағыдай
басқармағаны үшін




Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу




Инвестициялық қызметтен болған басқа да кірістер




Басқа да түсімдер




Кірістер жиынтығы




Төленген немесе төленуге тиісті
зейнетақы жинақтары оның ішінде:




жасы бойынша




жерлеу бойынша




мүгедектігі бойынша




Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты
тұратын жерге кетуі бойынша




мұрагерлерге




еңбек сіңірген жылдары бойынша




сақтандыру ұйымына




Төлем көзінен жеке табыс салығы




Зейнетақы қорына тиесілі
комиссиялық сыйақы оның ішінде:




Зейнетақы активтерінен




орналастырылған зейнетақы активтері
бойынша инвестициялық кірістен/зияннан




Басқа зейнетақы қорларына
зейнетақы жинақтарын аудару




Инвестициялық қызметтен болған басқа да шығыстар




Басқа шығыстар




Шығыстар жиынтығы








Анықталмаған сомалар (қате есептелгені)




Анықталмаған сомаларды қайтару








Кезең аяғындағы таза активтер




Таза зейнетақы активеріне өзгерістер




       Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефон:__________________
     Мөр орны