Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы

Жаңартылған

      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
       Ескерту.   "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды; "заң актiсiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылды; "басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылды;  "жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369   Заңымен .      

  1 БӨЛIМ
Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

   1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдiктерi;
      2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешiм белгiлеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешiмге, соның iшiнде шарт күшiне, ауызша шартты немесе өзге де мәмiленi қоса алғанда, ықпал етуге тiкелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегіндe осы тұлғаның қызметiне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (халықтық акционерлiк қоғамдар үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленуші акционерi мiндеттi түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
      3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы банк;
      4) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебiнен алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      5) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебiнен қызметкердің пайдасына ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      6) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерiн азайту мақсатында оларды уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
      9) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетiн тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      10) ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келiсiм);
      12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға міндеттенедi;
      13) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынатын ақша;
      14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiсi, өсiмпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi төленедi;
      15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      17) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен салынатын ақша;
      18) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      19) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      20) <*>
      21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      22) зейнетақы төлемдерi:
      Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртiппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
      23) жинақталған зейнетақы қаражаты - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсiмдердi қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетiн ақша;
      24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
      25) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      26) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке адам;
      27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн экономикалық талаптар;
      28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;
      29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген нақты құны;
      30) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
      31) ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн төлемнiң мөлшерi;
      32) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгiленген төлемнiң мөлшерi;
      33) мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын кiрiсiне проценттiк қатынаспен көрсетiлген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшерi;
      34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      35) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы мiндеттердi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкілдік берген заңды тұлға;
      36) уәкілеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328  Заңымен , 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.06.16. N 416  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

       3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
             қамсыздандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу
             және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру
             тәртiбi <*>

       Ескерту. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi
             мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Зейнеткерлiк жасына жеткен және осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес өзi зейнеткерлiк жасқа жеткенге дейiн 1998 жылғы 1-қаңтардан кейiн қалған мерзiмнiң кемiнде төрттен үшiне тең кезең iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болса, тиiстi қосымша төлемдер түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы берiледi.
      3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 1999.11.16. N 482  Заңымен .

       6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына
            кепiлдiк 

      1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. <*>
      2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
      2) зейнеткерлiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
      2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
      3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу; <*>
      3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу; <*>
      6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
      8) <*>
      9) 9) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу; <*>
      10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
      12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы жылына кемiнде бiр рет ақпарат беріп отыру; <*>
      13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
      14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру; <*>
      15) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi. 
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

  2 БӨЛIМ
Орталықтан зейнетақымен  қамсыздандыру

   2-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

       7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

      Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
      Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.01.04. N 278  Заңымен .

       8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы
             бар азаматтар санаттары

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
      2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға;
      3) еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленедi. <*>
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
      3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi. 
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
      1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
      1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
      2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
      2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
      2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
      еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
      әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
      3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс. <*>
      4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
      1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi; <*>
      2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi. <*>
      5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. <*>
      6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi. <*>
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.01.08. N 378   Заңымен .

       10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi

      Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және төленiп отырады.

  3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы

       11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн
              еңбек стажын есептеу

      1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
      1) еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
      2) әскери қызмет;
      3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
      4) мемлекеттiк қызмет;
      5) кәсiпкерлiк қызмет;
      6) I топтағы мүгедекке, II топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
      7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
      8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
      9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
      10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
      11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
      12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
      13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
      14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
      15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
      16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
      2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
      1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
      2) әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екi есе мөлшерде;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
      4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
      5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
      6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
      7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;
      8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;
      9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс стажына есептеледi.

       12-бап. Еңбек стажын растау

      1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
      2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
      3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

  4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу

       13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң
              мөлшерiн есептеу

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.
      2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
      1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен белгiленедi. <*>
      3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
      4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қатарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 1999.11.16. N 482  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн
              есептеу үшiн табысты анықтау

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

  5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау

       15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
              өтiнiш беру тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға берiледi.
      2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмделуiне көмек көрсетуге мiндеттi.
       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

       16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
              арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтiк қорғау органы құжаттар табыс етiлген күннен бастап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
      2. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.
      3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.
      4. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

       17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
              мерзiмдерi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
      2. Арыз бен қажеттi құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бiр мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

  6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу және олардан ұстап алу тәртiбi

       18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның
             қызметінің негiзгi бағыттары 

      1. Орталық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады, оның уәкiлеттi органын Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейдi.
      2. Орталық:
      1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн төлеудi;
      2) азаматтарға әлеуметтiк жеке кодтар берудi;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
      5) мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға агенттердiң Орталық есебiне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзілімдер мен төлем құжаттарын табыс етудi;
      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
       Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi

      1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi өткен ай үшiн төленедi.
      2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.
      3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.
       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен .

       20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу

      1. Есептелген, бiрақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
      2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.

       21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу

      1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жасалуы мүмкiн. <*>
      2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
      3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
       Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

  3 БӨЛIМ
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру
ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру

   7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру

       22-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу 

      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналарын осы Заңда белгiленген ставкалар бойынша төлеуге тиiс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн бiр ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға мiндеттi. Міндеттi зейнетақы жарналарының салымшысына мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр мезгiлде екi және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын iс жүзiнде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгiзуiне, не жарнаны бiр қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бiр бөлiгiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейдi.
      3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
      5. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
      6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
      7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады. <*>
       Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328  Заңымен , 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N  369 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

         22-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналары қызметкердің осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс. <*>
      2. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген кiрiстің он процентi мөлшерiнде белгіленедi, бiрақ ең төменгi айлық жалақының он процентiнен кем болмауға және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен жоғары болмауға тиiс.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.11.29. N 500  Заңымен .

       22-2-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы <*>

      1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарын олармен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебiнен енгiзедi.
      2. Алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейiнгi табыс есебiнен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      3. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
       Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

        22-3-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының
                ставкасы <*>

      1. Еріктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын төлеудi кәсіптерiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
      2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентiнен жоғары болмауға тиiс. Бұл орайда ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен анықталады.
       Ескерту. 22-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
                ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
                жауапкершiлiк

      1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
      3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
      1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
      2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
      Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
      Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексiнде  белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
      4. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен  салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
      Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
      5. Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi. <*>
       Ескерту. 22-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N  369 , 22-4-бап жаңа редакцияда - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

       23-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
             зейнетақы төлемдерi <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
      1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
      2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда;
      3) егер мүгедектігі мерзiмсiз белгiленсе, I және II-топтағы мүгедектердің;
      4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
      5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезiнде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
       Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

         23-1-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
                 зейнетақы төлемдерi <*>

      1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
      1) елу бес жасқа толған адамдардың;
      2) мүгедектердің;
      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
      2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
        Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       23-2-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен
                төленетiн зейнетақы төлемдерi <*>

      1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiне:
      1) елу жасқа толған;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
      2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
       Ескерту. 23-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған
                зейнетақы қаражатын төлеу <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленедi.
      2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.
      3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнің сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
      Егер Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерi ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болса, кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi ең төмен зейнетақы мөлшерi мен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнің сомасы арасындағы айырма ретiнде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейiн есептеледi.
      4. Кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгiленедi.
      5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      6. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi мен алушы табыс ететiн құжаттардың тiзбесi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
      Ескерту. 23-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .      

       24-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы
               мәлiметтер беру <*>

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер уәкілеттi орган белгiлеген нысандар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей табыс етiп отыруға мiндеттi.
      3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей табыс етіп отыруға мiндеттi.
       Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N  369 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

       25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
              активтерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады. <*>
      2. Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (нeмece) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды. <*>
      2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
      1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға; <*>
      2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына аударуға; <*>
      4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерiн төлеудi және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге. <*> 
      3. <*>
      4. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау
              және есепке алу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
      2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады. <*>
      2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган  әзірлейді және бекітеді. <*>
      3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi. <*>
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді. <*>
      4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөнiндегi, инвестициялық табыс алу жөнiндегi барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бiр кастодиан-банкi болуға тиiс.
      6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етiле отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн жиырма күн мерзiмде жинақтаушы қордың талап етуiмен бiржақты тәртіппен бұзылуы мүмкiн. <*>
      7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде екi баспасөз басылымында тиiстi жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi. <*>
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады. <*>
       Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       27-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының,
              жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен
              агенттердің құқықтары мен мiндеттерi <*>

      1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
      1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлерi), зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкiлеттi орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
      3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға;
      6) өзiнің жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне, бiрақ жылына екi реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға; <*>
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
      8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
      9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
      10) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Агенттердің қызметкерден мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн талап етуге құқығы бар.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушылар:
      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бiр жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерiстер туралы осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде хабарлауға;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн агентке табыс етуге;
      4) осы заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға;
      5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мерзiм мен тәртiп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндеттi.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
              төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi 

       Ескерту. 28-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық
              ережелерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
      2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен ережелерiн;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
      4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат берудi;
      5) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;
      5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.
      2. Зейнетақы ережелерiн акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсiледi. <*>
      3. Зейнетақы ережелерi жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оған нұқсан келтiрмеуге тиiс. <*>
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       30-бап. Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен
              жасасатын зейнетақы шарты

      1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады. <*>
     2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкілеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi; <*>
      2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтік жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
      3) шарттың мәнi;
      4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;
      6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;
      8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
      9) шарттың қолданылу мерзiмi;
      10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;
      11) ерiктi зейнетақы жарналарының немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет; <*>
      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады. <*> 
       Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
              тараптарының және өзге де адамдардың
              жауапкершілігi <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.
      2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттармен белгiленедi. <*>
      4. Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезiнде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейi ескерiле отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiнен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуi жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктiң кiнәсiнен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейiн ескере отырып, өз капиталы есебiнен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiне дейiн қалпына келтiруге міндеттi. <*>
      5. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруды кешiктiруге кiнәлi заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi. <*>     
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

         7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен
                 қамсыздандыру

       31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетiн сақтандыру
                төлемдерi

      1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетiн ай сайынғы сақтандыру төлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
      2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
      Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
      3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентiнен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
      4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгі мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бap.

       31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу

      1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келiсiмiмен белгiленген мерзiмге жасалады.
      3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
      4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
      5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
      Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.

       31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының
                құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушының:
      1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
      2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
      3) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бap.
      2. Сақтанушы:
      1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
      2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
      3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
      4. Сақтандыру ұйымы:
      1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
      2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуі сақтанушыға берiледi;
      3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
      4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
      5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеудi жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрiнде осы Заңда белгiленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi. 

       31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру
               ұйымына аударудың тәртiбi 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған мiндеттемелердің орындалуын кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.

       31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша
                есеп-қисапты жүзеге асыру

      1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге арналған шығыстарының рұқсат етiлетiн деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

        8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

       32-бап. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры <*>

       Ескерту. 32-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

            

       33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: <*>
      1) ашық;
      2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
      3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады. <*>
      4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегi еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу үшiн негiз болады. <*>
       Ескерту. 33-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-құқықтық
             нысаны <*>

      Жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады. <*>
       Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары
              мен өкiлдiктерi

      Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, ол белгiлеген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға құқылы. <*>
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының
             құрылтайшылары мен акционерлерi 

      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады. <*>
      1-1. Рейтинг агенттiктерінің бірiнiң белгiлi бiр рейтiнгi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi.<*>
      1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы керек. <*>
      1-3. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс eтуге мiндеттi. <*>
      1-4. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрінде:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
      2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншігіндe немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.<*>
      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес. <*>
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
      Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды. <*>
      4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды. <*>
       Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеу

      Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әдiлет органдары жүзеге асырады.<*>
      Рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
       Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс. <*>
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес. Жарғылық капиталдың жүз процентi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттiк" деген сөз қолданыла алады. <*>
      3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
       Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
              төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi
              лицензиялау <*> 

      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
       Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық
              қызметтердi атқару тәртiбi

      1. Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкiлдiктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерi болып табылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорына:
      жоғары бiлiмi жоқ;
      заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; <*>
      бұрын сол адамның басшылық еткен кезiнде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған; <*>
      белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған адам;<*>
      уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам;<*>
      Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды. <*>
      2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiнiң кандидатурасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен онымен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi:
      1) келiсiм беру негiзiнде дұрыс емес мәлiметтер анықталған;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне байланысты бiр жыл iшiнде екi және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны туралы деректердiң болуы;
      3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған негiздерде қайта қарауға құқылы. <*>
      3. <*>
       Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .      

       41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары,
              мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
      1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
      2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
      2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға; <*>
      2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүдделерiн бiлдiруге; <*>
      3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
      3) салымшы мен алушыға кемiнде жылына бiр рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
      4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
      6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға; <*>
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға; <*>
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi; <*>
      9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
      10) <*>
      11) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға; <*>
      12) салымшымен ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға; <*>
      13) әрбiр жеке адамның тұратын жерiне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепiлдiгін қамтамасыз етуге мiндеттi. <*>
      3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке; <*>
      2) өз мұқтаждары үшiн сатып алған мүлiктi сатып алу-сату мен жалға берудi және уәкiлеттi орган белгiлейтiн қаржы құралдарымен мәмiлелердi қоспағанда, мүлiктi сатып алу-сатуды жүзеге асыруға; <*>
      3) сақтандыру қызметiне;
      4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
      5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
      6) <*>
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақталуы мiндеттi пруденциялдық нормативтер белгiленедi. Пруденциялдық нормативтердің тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серiктестiктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметiн реттеу шоғырландырылған негiзде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеудi шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен , 2004.06.11. N 562  Заңымен .

       42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал ету шаралары

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:
      1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым беруге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн қызметтен алу туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
      2-1) осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгiзуге; <*>
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айыппұлдар салуға және өндiрiп алуға;
      4) лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.
      1-1. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегi қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негiздердің:
      1) лицензия берiлгенде негiзге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
      2) лицензия берiлген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн бастауды бiр жылдан астам кідірту;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi үнемi (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгiлеген нормативтердi және орындалуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесiн және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
      6) есептiлiк пен мәлiметтердi табыс етпеу немесе көрiнеу дұрыс емес есептiлiк пен мәлiметтердi табыс ету негiздерiнің кез келгенi бойынша алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.<*>
      1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегi қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады. <*>
      1-3. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешiмiн жинақтаушы зейнетақы қоры екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткiзедi. <*>
      1-4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жинақтаушы зейнетақы қорының белгiленген мерзiмде жоймауы оны уәкiлеттi органның қайтарып алуынa негiз болып табылады.
      2. Уәкiлеттi орган өздерiне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. <*>
       Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

         42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау
                ұғымы 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
      3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.  
      Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

         42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
                уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
                уақытша басқарушы)

      1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
       Ескерту. 42-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына
                консервация жүргiзу туралы шешiмi

      1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
      3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
      5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
      6) консервациялау режимiндегi жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөнiндегi нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
      7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды.
       Ескерту. 42-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау
               кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы
               зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша
               әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын
               уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi 

      1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:
      1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң оны басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi бүкiл өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) көшедi;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
      1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
      4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
      Ескерту. 42-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .  

       42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
               уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы
               қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
      1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiндегi iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
      2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
      4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
      5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
       Ескерту. 42-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       42-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
      2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
      3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.
       Ескерту. 42-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .  

       43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
      жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
      қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабардар етуге міндеттi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн оның атауы өзгерген жағдайда да мiндеттi болып табылады. <*>
      3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегі қызметті және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi. <*>
      Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзiнен екi және одан да көп заңды тұлға бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
      2) бiрiктiру нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi қолда бар лицензиясы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтiк қордан ашық қор етiп түрiн өзгерткен жағдайда қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндеттi. <*>
       Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат
             беруден бас тарту <*>

      Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
      1) қайта құрылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
      2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
      3) көзделiп отырған қайта барудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының монополияға  қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады. 
       Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры: 
      1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша; <*>
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
      1-1. <*>
      2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттi осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi. <*>
      3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      4. <*>
      5. Тарату комиссиясы таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. <*>
      Таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының алушылары мен салымшылары тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмдерде басқа жинақтаушы зейнетақы қорын өздiгiнен таңдауға құқылы. <*>
      6. Тарату комиссиясы бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне табыс етуге мiндеттi.
      Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. <*>
      7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
      Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады. <*>
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
       Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

         45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде
               тарату <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
      Өтiнiшке мына құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
      2) тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
      3) зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзiнiң қызметiн тоқтатуға әзiрлiк жоспары;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
      5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
      6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
      2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиіс.
      Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
      3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн iшiнде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын екi мерзiмдiк баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
      4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
       Ескерту. 45-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп
                таратудың ерекшелiктерi <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының керi қайтарылып алынуына;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
      Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны керi қайтарып алуға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi қарайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi өз қызметiн уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа табыс етiледi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi атқарған жұмыс туралы есептi сот бекiтедi.
      Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастан он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
      6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
      2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
      Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
      Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
       Ескерту. 45-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы
               қорларының таратылу процесiндегi бақылау
               өкiлеттiктерi <*>

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
      2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 45-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

  9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы

       46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын
             құру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
      1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салған салымдары;
      2) комиссиялық сыйақылар;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттемелерінің сомасын шегерiп тастағаннан кейiнгі оның активтерiнiң құны.
        Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .  

       47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық
              капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi

      1. <*>
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны қалыптастырудың тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшерiне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады. <*>
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
      4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегіндe жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
      Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкi туралы декларация беру бөлігіндe белгiленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi. <*>
      5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен толық төленуге тиiс.<*> 
      6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiнен құрылтай құжаттары мен қаржы есептiлiгiн табыс етудi талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы. <*> 
       Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
              сыйақылары

      1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) инвестициялық кiрiстің он бес процентiнен;
      2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 процентiнен аспайтын шекте белгiлейдi.
      Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбi бiр рет өзгеруi және күнтiзбелiк жыл басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын жариялануы мүмкiн. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
       Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен

  10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы

       49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша бөлек қаржылық есеп бередi.
      2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды. <*>
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
       Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

         49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi <*>

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының
             құпиясы <*>

      1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды. <*>
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
      2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткiзуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн. <*>
      4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша; <*>
      2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
      3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;
      5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде; <*>
      6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырған сенiмхат негiзiнде; <*> 
      7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн. <*>
      5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiстерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда өсиетте аталған адамдарға, мұрагерлiк iстер бойынша iс жүргiзушi соттарға, нотариаттық кеңселерге және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
       Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

  11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн басқару 

       51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
              активтерiн басқару тәртiбi

      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
       Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
             активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады. <*>
      1-1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алады. <*>
      1-2. Рейтинг агенттiктерінің бiрінің белгiлi бiр рейтiнгiн иеленген заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аспауы керек. <*>
      1-4. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндеттi. <*>
      1-5. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрiнде:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
      2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
      3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнің меншiгiндегi немесе басқаруындағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады. <*>
      2. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
      3. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.

      5. <*>
       Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен

       53-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
             ұйымның басшы қызметкерлерi

      1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады.
      2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:
      жоғары бiлiмi жоқ;
      өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
      бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған;
      уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды. <*> 
      3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерiнiң кандидатурасы уәкiлеттi органмен оның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша мiндеттi түрде келiсілуге тиiс. <*>
      Уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi:
      1) келiсiм берiлгенде негiзге алынған мәлiметтердің дұрыс еместiгiнің анықталуы;
      2) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшiн бiр жыл ішiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
      3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуiнің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы. <*>
      4. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен беретiн тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.<*>
       Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының
             зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару 

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бiр және одан да көп ұйымдармен шарт негiзiнде және (немесе) уәкiлеттi орган беретiн, қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады. <*>
      2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы. <*>
      3. <*>
      4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
      5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
      6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ. <*>
       Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       55-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
              ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу

      1. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
      1) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
      3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп беруге; <*>
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға; <*>
      5) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
      6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.<*>
      2. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
      2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
      3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
      4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
      5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
      6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
      7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасасуға;
      8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
      9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
      10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады. <*>
       Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       56-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
             ұйымның өз капиталын қалыптастыруы

      Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер <*>

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгін қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiленедi.
      Пруденциалдық нормативтердің тiзбесiн, олардың нормативтiк мәндерi мен есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкілеттi орган белгiлейдi.       Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
             жөнiндегi қызметтi лицензиялау <*>

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. <*> 
       Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       59-бап. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын
             ұйымның жауапкершiлiгi

      Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгiленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бiр жақты тәртiппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы. <*>
      Зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
       Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

  4 БӨЛIМ
Арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері <*>

       Ескерту. IY-бөлімнің атауы мен мәтіні өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328  Заңымен , IY-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - 2001.07.16. N 244  Заңымен , IY-бөлімнің тақырыбы өзгерді - 2002.12.29. N 369  Заңымен .

  12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

       60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн
              алу құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердің, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң: <*>
      1) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен; <*>
      2) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы және денсаулық жағдайы бойынша босатылған; <*>
      3) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртіп қолданылатын, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, әскери қызметте және iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жетуi бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде он екi жыл алты айында үздiксiз әскери қызмет және ішкi iстер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. <*>
      4) <*>
      2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес, жалпы негiздерде тағайындалады. <*>
      3. Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Әдiлет министрлiгiнің қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарының қызметкерлерi арасынан зейнеткерлердi әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады. <*>
       Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  Заңымен , 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2001.10.10. N 247  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

      61-бап. Еңбек сіңiрген жылдары үшiн Орталықтан төленетiн
               зейнетақы төлемдерінің мөлшерi

      1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:
      1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда - толық көлемінде;
      2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн жағдайда - толық емес көлемде тағайындалады.
      2. Орталықтан толық көлемiнде төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың елу процентi есебiнен белгiленедi.
      3. Орталықтан толық емес көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңiрген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентi есебiнен белгiленедi.
      4. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Ішкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентiне, еңбек стажының әр жылы үшiн бiр процентiне көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетiн ақшалай қаражаттың бiр процентiне көбейтiледi.
      5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнің жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес процентiнен асыруға болмайды. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне айлық зейнетақы төлемдерiнің ең жоғары мөлшерiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің жетпiс бес еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды. <*>
       Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2001.10.10. N 247  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу

      Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.<*>
      Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбемен есептеледi. <*>
       Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн
              ақшалай қаражатының мөлшерi

      1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi. <*>
      2. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi. <*>
      3. Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады. <*>
       Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482  Заңымен , 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2001.10.10. N 247  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

       64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге
              асыру мерзiмдерi

      1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады. <*>
      2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi. <*>
      3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi. <*>
      4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
       Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328  Заңымен , 1999.04.05. N 364  заңымен , 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2001.10.10. N 247  Заңымен ,  2002.12.29. N 369  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі

      1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. <*>
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. <*>
      3. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтiн стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма процентi мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi. <*>
      Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. <*>
      4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi. <*>
       Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. N 328  Заңымен , 2001.07.16. N 244  Заңымен , 2001.10.10. N 247  Заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       66-бап. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан 
             Республикасының заңдарымен iшкi iстер
             органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген
             тәртiп қолданылатын әскери қызметшілер, iшкi
             iстер органдарының және Қазақстан Республикасы
             Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi
             комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк
             өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн
             қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар 

      1. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады. <*>
      2. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.<*>
       Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 364  заңымен , 2002.12.29. N 369  Заңымен .

  5 БӨЛIМ
Қорытынды ережелер

       67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
              жағдайы бойынша және жасына байланысты
              әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға
              мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу
              жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн
              мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар

      1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
      2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
       Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
             қамсыздандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн
             жауапкершiлiк

      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

       69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi